Қолданыстағы ред. 18.01.2007

Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 «2007 жылға арналған Меңдіқара ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы от 18.01.2007 г. № 15 (Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 «2007 жылға арналған Меңдіқара ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы)

0

Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 «2007 жылға арналған Меңдіқара ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Меңдіқара аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 204 «2006 жылға арналған Меңдіқара ауданының бюджеті туралы» шешімімен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

1

1) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, жұмыссыздарды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;

2

2) әлеуметтік көмек қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш дәрежелі Славы, «Алтын Қыран», «Отан», екі дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы» атағына ие болған Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының, Меңдіқара ауданының құрметті азаматтары деген атақтарына ие болған азаматтарды жерлеу үшін (бұдан әрі-әлеуметтік көмек наградталған қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін) айлық есептік көрсеткіштің отыз есе көлемінде;

3

3) біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемін;

4

4) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға ай сайын, өтініш берген айдан бастап оқу кезінде айлық есептік көрсеткіштің төрт есе көлемінде;

5

5) әлеуметтік көмек жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылығы малын 2 бастан көп емес санымен, құсты 30 данадан көп емес санымен және жем-шөпті) алуға байланысты шығындарды өтеу бойынша оңын нақты құны көлемінде, құсты алуға - айлық есептік көрсеткіштің үш есе көлемінен көп емес және ауыл шаруашылығы малы мен жем-шөбін алуға айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінен көп емес;

6

6) әлеуметтік көмек Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды төлеу үшін орта жалпы білім беру ұйымдарының түлектрі жоғары және орта арнаулы оқу орнымен шарттар көзделген сомалар көлемінде;

7

7) бірржолғы әлеуметтік көмек әлеуметтік көмек көрсет жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша мұқтаж отбасылары және жеке азаматтарға (бұдан әрі- біржолғы әлеуметтік көмек).

2

2. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.

3

3. Мыналар белгіленсін:

1

1) әлеуметтік көмекті тағайындауда тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешім уәкілетті органмен құжаттар қабылданған кезінен бастап он күн ішінде қабылданады;

2

2) әлеуметтік көмек кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, бала ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне тағайындалады;

3

3) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыс қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады;

4

4) әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды және наградталған адамдарды жерлеу үшін, қайтыс болған адаммен қайтқан күніне бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуші адамдарға төленеді;

5

5) егер қайтқан күнінен үш айдан кешіктірмей өтініш жасалса, әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, жұмыссыздарды және наградталған адамдарды жерлеуге төленеді;

6

6) әлеуметтік көмек жеке қосалқы шаруашылығын алуға байланысты шығындарды өтеу бойынша біржолғы, жылында бір рет және жан басына шаққандағы орташа табыс кедейлік сызығынан аспаса отбасы мүшесінің біреуіне ғана көрсетіледі;

7

7) әлеуметтік көмек орта жалпы білім беру үйымдарының түлектері ішінен жетімдерге, мүгедектерге, оралмандарға, жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан төмен отбасы мүшелеріне және ауданның еңбек рыногында талап етілетін кәсіптерге оқитын адамдарға беріледі;

8

8) біржолғы әлеуметтік көмектің көлемі азаматтың өтініші және село, селолық округі әкімі жанындағы учаскелік комиссиямен материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі; ауырған жағдайда-емдеу мекемелерінің қолдаухаты мен анықтамалары; өзге де жағдайларда-аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамынын, «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухаттары негізінде жоғарыда аталған аудандық комиссиямен белгіленеді;

9

9) әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес банк операцияларының тиісті түрлеіне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қараж аудару жолымен жүзеге асырылады.

4

4. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбелері бекітілсін.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.

6

6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

23

Әкімдіктің
2007 жылғы 18 қаңтардағы
№ 15 қаулысына
қосымша

24. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш.

2

2. Қайтыс болу туралы куәлік (түпнұсқа, көшірме).

3

3. Баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа, көшірме).

4

4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан әкесінің (ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.

5

5. Ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме):
осыдан басқа:
ұл (қыз) асырап алушы баланы ұл (қыз) асырап алу туралы шешімді тапсырады (түпнұсқа, көшірме ұл (қыз) асырап алу заңмен қорғалады;
қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншы (қамқоршы куәлігін немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайындау туралы шешімін тапсырады (түпнұсқа, көшірме).

6

6. Қайтыс болған бала анасының тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме).

7

7. Мүгедектер үшін - мүгедектік тобын белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түпнұсқа, көшірме).

8

8. Зейнеткерлер үшін - зейнеткерлік куәлігі (түпнұсқа, көшірме).

33. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш

2

2. Қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетуге аудандық туберкулезге қарсы аурухананың қолдаухаты. Қолдаухатта құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның колы елтаңбалы мөрмен куәландыруы қажет.

3

3. Өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме).

37. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш.

2

2. Қайтыс болу туралы куәлік (түпнұсқа, көшірме).

3

3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама.

4

4. Қайтыс болған жұмыссыздың тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме).

5

5. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның тұлғасын куәландыратың құжат (түпнұсқа, көшірме):
осыдан басқа:
егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынас фактін растайтын құжатты тапсырады (түпнұсқа, көшірме);
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен емес жүзеге асырылса, өтініш беруші салттық қызметтен құжатты (түпнұска, көшірме) немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады.

43. Жеке қосал шаруашылығын алуға байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Жеке қосал шаруашылығын алуға байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш;

2

2. Өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме).

3

3. Отбасы жағдайы туралы анықтама.

4

4. Аз қамтылған отбасы мәртебесін растау туралы селолық округі әкімі аппаратынан анықтама:
жұмыс істейтіндер белгіленген нысандағы жалақы көлемі туралы анықтаманы тапсырады;
жұмыссыздар-азаматты жұмыссыз деп тану туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтаманы.

5

5. Жеке қосалқы шаруашылығын алуға байланысты аз қамтылған азаматтардың шығындарын өтеу бойынша қаражатты бөлу туралы селолық округі әкімінің қолдаухаты.

6

6. Нотариалды немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған сатып алу-сату шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен.

7

7. Жеке қосалқы шаруашылығын алуын растайтын құжат (шот, ілеспе, қағаз, қолхат).

8

8. Жем-шөп сатып алатын адамдарға-малдың немесе құстын барын растайтын селолық округі әкімінің анықтамасы.

52. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кажетті құжаттардың тізбесі

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш.

2

2. Өтініш беруші бірінші өтініш жасағанда мынадай құжаттарды тапсырады:
баланың туу туралы куәлігін (16-жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін), тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін (16-жастан 18-жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін);
тұрғылықты жерінен отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
білім беру департаментінің жанындағы облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы анықтаманы;
мүгедек-баланың ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының) өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжатты (түпнұсқа, көшірме);
ұл (қыз) асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі барын растайтын құжатты (түпнұсқа, көшірме), ұл (қыз) асырап алу заңмен қорғалады;
МССК анықтамасын (түпнұсқа, көшірме);
мектеп директоры қол қойған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.

3

3. Тиісті оқу жылы бойы келесі өтініштерде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
тұрғылықты жерінен отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
мектеп директоры қол койған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.

4

4. Нотариалды немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған сатып алу-сату шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен.

5

5. Жеке қосалқы шаруашылығын алуын растайтын құжат (шот, ілеспе, қағаз, қолхат).

6

6. Жем-шөп сатып алатын адамдарға-малдың немесе құстын барын растайтын селолық округі әкімінің анықтамасы.

59. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кажетті құжаттардың тізбесі

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш.

2

2. Өтініш беруші бірінші өтініш жасағанда мынадай құжаттарды тапсырады:
баланың туу туралы куәлігін (16-жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін), тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін (16-жастан 18-жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін);
тұрғылықты жерінен отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
білім беру департаментінің жанындағы облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы анықтаманы;
мүгедек-баланың ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының) өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжатты (түпнұсқа, көшірме);
ұл (қыз) асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі барын растайтын құжатты (түпнұсқа, көшірме), ұл (қыз) асырап алу заңмен қорғалады;
МССК анықтамасын (түпнұсқа, көшірме);
мектеп директоры қол қойған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.

3

3. Тиісті оқу жылы бойы келесі өтініштерде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
тұрғылықты жерінен отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
мектеп директоры қол койған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.

63. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды төлеу үшін орта жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды төлеу үшін орта жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш.

2

2. Өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме).

3

3. Отбасы жағдайы туралы анықтама.

4

4. Аз қамтылған азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табысын барын немесе жоғын растайтын құжаттар.

5

5. Оқу орнынан анықтама.

6

6. Жоғары және орта-арнаулы кәсіби біліммен мамандарды даярлау туралы оқу орнымен шарт және берілетін жеңілдіктер туралы оқу орнының бұйрығы.

70. Наградталған қайтыс болған адамдарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Наградталған қайтыс болған адамдарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1

1. Өтініш.

2

2. Қайтыс болу туралы куәлік ( түпнұсқа, көшірме).

3

3. Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш дәрежелі Славы орденімен наградталған қайтыс болған адамдарға-наградаға куәлік (түпнүсқа, көшірме).

4

4. «Алтын Қыран», «Отан», екі дәрежелі «Данқ» ордендерімен наградталған қайтыс болған адамдарға-наградтауды растайтын құжат (түпнұсқа, көшірме).

5

5. «Халық қаһарманы» атағына ие болған қайтыс болған адамдарға-атақты алуын растайтын құжат (түпнұсқа, көшірме).

6

6. Қазақстан Республикасының немесе Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының құрметті атақтарына ие болған қайтыс болған адамдарға-қүрметті атаққа ие болуын растайтын құжат (түпнұсқа, көшірме).

7

7. Меңдіқара ауданының қайтыс болған құрметті азматтарына-атақты беруді растайтын құжат (түпнұсқа, көшірме).

8

8. Туыстық қарым-қатынасты растайтын құжат (түпнұсқа, көшірме).

9

9. Қайтыс болғанмен оның қайтыс болу күніне бірге тұру фактісін растайтын құжат.

10

10. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме):
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, салттық қызметтерді көрсететін мекемелерден құжат (түпнұсқа, көшірме) немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтама тапсырылады.