Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
№317 «Махамбет ауданының
2007 жылға арналған аудандық
бюджеті туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Аудандық әкімияттың 2007 жылғы аудандық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 63-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 317 «Махамбет ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 07.02.2007 г. № 321 (Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 317 «Махамбет ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 317 «Махамбет ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2006 жылы 22 желтоқсандағы № 4-3-53 санымен тіркеліп, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің 2007 жылғы 27 қаңтардағы №4 санында жарияланды):
1) 1-тармақта:
1-тармақшадағы:
«1253665» саны «2190930» санымен ауыстырылсын;
«505257» саны «525257» санымен ауыстырылсын;
«4863» саны «624863» санымен ауыстырылсын;
«740635» саны «1037900» санымен ауыстырылсын.
2- тармақшадағы:
«1253665» саны «2241560» санымен ауыстырылсын.
мынандай мазмұндағы 3), 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) операциялық сальдо - -50630 мың теңге» ;
«4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 2300 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2300 мың теңге;»;
«5) тапшылық – 52930 мың теңге;»;
«6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 52930 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 620000 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 620000 мың теңге.».
2) 4-тармақта:
«322108» саны «619373» санымен ауыстырылсын;
он үшінші абзац мынандай редакцияда жазылсын;
«сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 30000 мың теңге;»;
мынандай мазмұндағы он төртінші, он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«балаларды тестілеу пункттеріне жеткізуді, онда тамақтандыруды және онда тұруын ұйымдастыруға – 1265 мың теңге;»;
«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудағы 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыруға – 296000 мың теңге нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.».
3) мынандай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2007 жылға арналған аудандық бюджетте 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй салу үшін 620000 мың теңге сомасында кредит көзделгені ескерілсін.».
4) аталған шешімге 1 және 2 – қосымшалар осы шешімге 1 және 2 – қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.