Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 111 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 15 мамырдағы 32/357-III шешіміне және Түркістан қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 3248 қаулысына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 09 қаңтардағы 14-4-32 нөмерімен тіркелген, 2007 жылы 13 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған); Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы № 34/235-ІІІ «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 20 ақпандағы 14-4-36 нөмерімен тіркелген, 2007 жылы 28 ақпандағы № 17 «Түркістан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта 1 -тармақшадағы: 1) кірістер «5 044 160 мың теңге» деген сандар «5 794 947 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; салықтық түсімдер - «851 458 мың теңге» деген сандар «949 980 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; салықтық емес түсімдер - «4 122 мың теңге» деген сандар «4 386 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - «140 420 мың теңге» деген сандар «246 324 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - «4 048 160 мың тенге» деген сандар «4 594 257 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; 1 - тармақта 2-тармақшадағы; 2) шығындар - «5 007 087 мың теңге» деген сандар «5 746 728 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; 3) операциялық сальдо - «37 073 мың теңге» деген сандар «48 219 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; 4) таза бюджеттік кредит беру - «-2 000 мың теңге» деген сандар «-2 854 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; бюджеттік кредиттерді ѳтеу - «2 000 мың теңге» деген сандар «2 854 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; 5) каржы активтері мен жасалатын операциялар бойынша сальдо - «0» деген сандар «12 000 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; 6) бюджет артықшылығы - «-39 073 мың теңге» деген сандар «-27 073 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын; 7) бюджет артыкшылығын каржыландыру - «39 073 мың теңге» деген сандар «27 073 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің № 1, 2, 3, 4 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыска енгізіледі.
Басқа 4
Басқа 5
Басқа 6
Басқа 7