2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 50-180 "Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 50-180 "Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 111- бабының 1 – тармағына және 116-бабына Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1- тармағының 1 - тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Іле аудандық мәслихаттың 2006 жылдың 20 желтоқсандағы № 50-180 «Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Іле ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 5 қаңтардағы «2006 жылдың 20 желтоқсандағы № 50-180 «Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 31 қаңтардағы нормативтік кұқыктык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-39 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 9 ақпанындағы № 7 (4168), 2007 жылғы 16 ақпанындағы № 8 (4169) «Іле таңы» газетінде жарық көрді), 2007 жылдың 7 мамырындағы № 56-206 «2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 50-180 «Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 18 мамырдағы нормативтік кұқыктык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-51 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырдағы № 22 (4182) «Іле таңы» газетінде жарық көрді) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақтағы Kipicтep «10782447» саны «11438691» санына ауыстырылсын; соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - «8828373» саны «8897451» санына ауыстырылсын; салықтық емес түсімдер бойынша - «17653» саны «29223» санына ауыстырылсын; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша «879385» саны «989385» санына ауыстырылсын; трансферттердің түсімдері бойынша «1057036» саны «1522622» санына ауыстырылсын; сонын ішінде: физика, химия, биология кабинеттерін оқулық құралдармен жабдықтауға нысаналы трансферттер «16920» саны «13920» санына ауыстырылсын; әлеуметтік қорғалымдағы азаматтарға телефонға абоненттік төлем тарифінің көтерілуі өтемақысына ағымдағы нысаналы трансферттер - «45» саны «18» санына ауыстырылсын, орташа жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондык және мультимедиялық кабинеттерді құруға ағымдағы нысаналы трансферттер - «4874» саны «5222» санына ауыстырылсын; жолдар қосылсын: мемлекеттік жүйенің жаңа технологиясын білім беру саласына енгізу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер - 2 млн. 709 мың теңге ; Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет eтyiнe ағымдағы нысаналы трансферттер-1 млн. 906 мың теңге; инженерлік-коммуникациялық жүйенің құрылысын дамыту үшін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер «150000» саны «168000» санына ауыстырылсын; инженерлік-коммуникациялық жүйенің құрылысын дамыту үшін облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттер «138500» саны «142195» санына ауыстырылсын; сумен жабдықтау жүйесін дамытуға нысаналы даму трансферттер «127411» саны «144742» санына ауыстырылсын; білім беру объектілерінің құрылысын дамытуға нысаналы даму трансферттер «263392» саны «686932» санына ауыстырылсын; жолдар қосылсын: тұрғын үй салуға облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттер - 1 млн. 083 мың теңге; Шығындар- «10795783» саны «11462027» санына ауыстырылсын; соның ішінде: бюджеттік алымдар - «7480259» саны «7566399» санына ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Көрсетінен шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін. Келісілген: «Іле аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы __________А.К.Кәдір