Ескелді аудандық Мәслихатының "Ескелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы 34-101 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді аудандық Мәслихатының "Ескелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы 34-101 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Бюджет туралы» Кодексінің 111 бап 1 тармағы, 116 бап 1 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабындағы 1 тармағына сәйкес, Ескелді аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ескелді аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «Ескелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 34-101 санды, 2005 жылдың 29 желтоқсанындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тipкey тізілімінде № 2-9-12 тipкey нөмірлі шешіміне (2006 жылдың 20 қаңтарындағы 4 нөмірлі аудандық “Жетісу шұғыласы” газеті); 2006 жылғы 20 қаңтардағы 35-110 санды «Ескелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы 34-101 санды шешімімне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі, 2006 жылдың 27 қаңтарындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тipкey тізілімінде 2-9-15 тipкey нөмірімен мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақтағы: «Kipicтep» деген жол бойынша «828088» саны «828549» санына ауыстырылсын;, «Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы» деген жол бойынша «11802» саны «12263» санына ауыстырылсын; «Шығыстар» деген жол бойынша «828088» саны «828549» санына ауыстырылсын; 6 тармақтағы: «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» деген жол бойынша «100621» саны «101249» санына ауыстырылсын; «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген жол бойынша «15139» саны «14972» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Шешімнің 1 және 2 қосымшаларындағы функционалдық топтар келесідей бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: «Білім беру» тобы 123 әкімшілігі мен 004-«Мектепке дейін, тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасымен; Сондай-ақ «білім беру» тобы ауданның білім беру бөлімінде 009 - «Мемлекеттік органдарды материалдық техникалық жарақтандыру» бағдарламасымен; «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік” тобы 123 әкімшілігі мен 006 - «Мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасымен; «Көлік және коммуникация» тобы 023 - «Автомобиль жолдарының жұмыс icтeyiн қамтамасыз ету» бағдарламасымен.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Келісілген: