«Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік туралы" Занының 6-бабы, 1-тармағы, 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 мәслихат шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 мамырда өткен кезекті он екінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоксандағы № 111 мәслихат шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-26, "Біздің Торғай" 1-10 қаңтар 2006 жыл, № 1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 136 шешім қабылдады, (бұған дейін Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтарда өткен кезектен тыс сессиясы Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-30, "Біздің Торғай" газеті, 15 ақпан 2006 жыл, Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 ақпандағы өткен кезекті он бірінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-31 „Біздің Торғай" газеті, 5 мамыр 2006 жыл, № 16). 1) аталған шешімінің 1-тармағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар енгізілсін: 1) түсімдер - 682 934 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер - 96007 мың теңге; 2) шығыстар - 685376 мың теңге болып бекітілсін; 2) аталған шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санаттарына өзгерістер енгізілсін: 1) 101201 "Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы" санатының "16282" саны "16472" санымен; 2) 101203 "Кызметтің біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы" санатының "1815" саны "2084" санымен; 3) 105402 "Қызметтін жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым" санатының „50" саны „66" санымен; 4) 105403 "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым" санатының "40" саны „45" санымен; 5) 108104 "Азаматтық хал актілерін тіркегені, азаматтық хал актілеріне тіркелген туралы қайта куәліктер бергені үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу туралы актілердің жазбаларын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін алынатын мемлекеттік баж салығы" санатының „115" саны „128" санымен; 6) 108110 "Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, кызметтік қаруының (аңшылық суык каруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және баска құрылғыларды, қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын пневматикалық қаруды қоспағанда және калибрі 4,5 мм-ге дейінгілерін қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін алынатын мемлекеттік баж" санатының "1" саны "2" санымен; 7) 101202 „Кәсіпкерлік кызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы" санатының „1244" саны „1164" санымен; 8) 103101 "Әлеуметтік салық" санатының „50392" саны „50390" санымен; 9) 104101 "Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердін мүлкіне салынатын салық" санатының "1116" саны "1016" санымен; 10) 104102 "Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық" санатының 625" саны "505" санымен; 11) 108102 "Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше өндірістегі істер бойынша арыздардан (шағымдардан), жүгіну шағымдарынан, атқару парағының көшірмесін беру туралы мәселе бойынша сот анықтамасына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, сондай-ак соттың шет ел соттары мен төрелік соттарының шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттардың көшірмелерін (тұпнұсқаларын) бергені үшін алынатын мемлекеттік баж" санатының "216" саны "173" санымен; 12) 108108 "Тұрғылықты жерін тіркегені үшін алынатын мемлекеттік баж" снатынын "170" саны "149" санымен; 13) 202102 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырлатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер" санатының "151" саны "112" санымен; 14) 206109 "Жергілікті бюджетке түсетін салықтык емес басқада түсімдер" санатының "62" саны "25" санымен; 15) 301102 „Жергілікті бюджеттен қаржыланадырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер" санатының "476" саны "290" санымен өзгертілсін; 3) шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санаттары жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар енгізілсін: 1) 104301 "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы" санатына 6 мың теңге; 2) 104501 "Бірыңғай жер салығы" санатына 10 мың теңге; 3) 204105 "Жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік - айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар" санатына 2 мың теңге; 4) 303101 "Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер" санатына 116 теңгеге қаржы қаралып, бекітілсін; 4) мына бағдарламалар жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) 123004000 „Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы, "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 46400900 "Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту" бағдарламасына ауыстырылып, 10664 мың теңгеге қаржы бөлінсін; 2) "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 452013000 „Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві" бағдарламасының "700" саны "550" санымен; 3) "Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 458012000 "Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі" бағдарламасының "932" саны "0" санымен; 4) 123009000 "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасының "223" саны "275" санымен; 5) 464005011 "Ауданның мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу" бағдарламасының "1344" саны "1268" санымен; 6) 464003104 "Бастауыш, негізгі және орта мектептердің, мектептер-балабақшалардың қызметін республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер есебінен камтамасыз ету" бағдарламасының "17358" саны "16395" санымен айырбасталсын; 5) аталған шешімге мына бағдарламалар жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар жасалынсын: 1) "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 122006000 "Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою" бағдарламасына 150 мың теңге; 2) "Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 467012015 "Сумен жабдықтау жүйесін дамыту" бағдарламасына 880 мың теңге қаржы бөлінсін; 6) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жана редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Жангелдин ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3