«Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қарашада өткен кезектен тыс сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 мәслихат шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-26, "Біздің Торғай" газеті, 1-10 қаңтар 2006 жыл, № 1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 165 шешім қабылдады. (Бұған дейін Жангелдин аудандык мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтарда өткен кезектен тыс сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 120 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-30, "Біздін Торғай" газеті, 15 ақпан 2006 жыл, № 5), Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 ақпандағы өткен кезекті он бірінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы № 130 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-31 "Біздің Торғай" газеті, 5 мамыр 2006 жыл, № 16), Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 мамырда өткен кезекті он екінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы № 136 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-37 "Біздің Торғай" газеті, 9 маусым 2006 жыл, № 21), Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 маусымда өткен кезектен тыс сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы № 151 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-43 "Біздің Торғай" газеті, 7 шілде 2006 жыл, № 25), Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 31 шілдеде өткен кезекті он үшінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы № 154 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-44 "Біздің Торгай" газеті, 18 тамыз 2006 жыл, № 31), Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қарашада өткен кезекті он төртінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 111 мәслихат шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы № 165 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-47 "Біздің Торғай" газеті, 24 қараша 2006 жыл, № 44-45): 1) аталған шешімнің 1-тармағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып өзгерістер енгізілсін: кірістер бойынша - 702 577 мың теңге, оның ішінде: түсімдер бойынша - 78 513 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер - 114 987 мың теңге; нысаналы даму трансферттері- 168239 мың теңге; субвенция - 340 838 мың теңге. шығындар - 703 519 мың теңге болып бекітілсін; 2) "Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 467002011 "Білім беру объектілерін дамытуды республикалық бюджеттен берілетін транферттер есебінен іске асыру" бағдарламасының „74700" саны „74698" санымен айырбасталсын; 3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3