«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N9548-11 Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №124 шешіміне (Созақ аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 9 қаңтарда 14-12-12-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 14 қаңтарда «Молшылық үшін» газетінде жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 16 қаңтардағы №133, 2006 жылғы 15 ақпандағы №138, 2006 жылғы 10 наурыздағы №141 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақшадағы:
«1640870» деген сандар «1705882» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) тармақшадағы:
«1670333» деген сандар «1735345» деген сандармен ауыстырылсын.
аталған шешімнің 1,4-қосымшалары осы шешімнің 1,2-қосымшаларына сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім Созақ ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.