«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 124 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 Бюджет Кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.«2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №124 шешіміне (Созақ ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 9 каңтарда 14-12-12 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 14 қаңтарда «Молшылық үшін» газетінде жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 16 қаңтардағы №133, 2006 жылғы 15 ақпандағы №138, 2006 жылғы 10 наурыздағы №141, 2006 жылғы 21 сәуірдегі №156, 2006 жылғы 28 шілдедегі №170 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақшадағы: «1829122» деген сандар «1866132» деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) тармақшадағы: «1858418» деген сандар «1895428» деген сандармен ауыстырылсын; аталған шешімнің 1,4-қосымшалары осы шешімнің 1,2-косымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Созақ ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.