«Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 8 қаңтар, 2006 ж., № 2, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-24) «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 156 мәслихат шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 6-10 ақпан, 2006 ж., № 6, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-26) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бірінші қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) түсімдер - 493353 мың теңге, оның ішінде: кірістер бойынша - 77341 мың теңге; облыстық бюджеттен бөлінген субвенция - 316822 мың теңге; ағымдағы трансферттер - 99190 мың теңге; 2) шығындар - 494178 мың теңге; 3) бюджет қаражатының бос қалдығын бюджет тапшылығын қаржыландыруға - 825 мың теңге»; аталған шешімнің бірінші қосымшасы жаңа редакцияда берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 17 наурыздағы № 164 шешіміне 1-қосымша Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті