«Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 8 қаңтар, 2006 ж., № 2, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-24), «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 156 мәслихат шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 6-10 ақпан, 2006 ж., № 6, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-26), «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 164 мәслихат шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 14 сәуір, 2006 ж., № 15, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-30) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын. «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бірінші қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) түсімдер - 490210 мың теңге, оның ішінде: кірістер бойынша - 77341 мың теңге; облыстық бюджеттен бөлінген субвенция - 316822 мың теңге; ағымдағы трансферттер - 96047 мың теңге; 2) шығындар - 490035 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 175 мың теңге; 4) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо - 1000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 1000 мың теңге; 5) бюджет қаражатының бос қалдығын бюджет тапшылығын қаржыландыруға - 825 мың теңге; аталған шешімнің бірінші қосымшасы жаңа редакцияда берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылғы 30 мамырдан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3. Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 19 мамырдағы № 178 шешіміне 1-қосымша Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті