Қолданыстағы ред. 07.04.2006

"Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоксандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 07.04.2006 г. № 219 ("Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоксандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

"Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоксандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің қаулысын карай отырып, Науырзым аудандык мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. ''Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоксандағы мәслихаттың № 202 (мемлекеттік тіркеу № 9-16-25, 2006 жылғы 9 каңтардағы № 1 "Науырзым"), бұрын 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 215 "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1-косымшаға сәйкес 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер- 355194 мың теңге, онын ішінде: салықтық түсімдер - 70122 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1260 мың теңге:
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 283812 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 66343 мың теңге;
субвенциялар - 217469 мың теңге;
2) шығындар - 356258 мың теңге.
3) Бюджет дефициті - 1064 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 1064 мың тенге.

2

2. Көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.

3

3. 3-қосымша өзгеріссіз қалдырылсын.

4

4. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен қолданысқа
енгізіледі.

5