«Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 202 (мемлекеттік тіркеу № 9-16-25, 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Науырзым"), бұрын 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 215, 7 сәуірдегі № 219, 20 мамырдағы № 238, 14 маусымдағы № 251 "Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандагы мәслихаттың № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 370976 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 77115 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1267 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 292594 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы мақсатты трансферттер - 75125 мың теңге; субвенциялар - 217469 мың теңге; 2) шығындар - 372040 мың теңге. 3) Бюджет дефициті - 1064 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 1064 мың тенге.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1, 4- қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. 2, 3 - қосымша өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 4
4. 2006 жылдың 31 шілдесінен бастап іс әрекетіне ене бастайды.
Басқа 5