«2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы № 23/241-ІІІ шешіміне және Түркістан қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 858 қаулысына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне (Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 30 желтоқсанда 14-4-13 - нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 13 қаңтарда «Түркістан» газетінде жарияланған, Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 17 қаңтардағы №26/163-III шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 - тармақта: 1) тармақшадағы: «3283269» деген сандар «3304269» деген сандармен ауыстырылсын; «98082» деген сандар «114082» деген сандармен ауыстырылсын; «2518269» деген сандар «2523269» деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы: «3286776» деген сандар «3307775» деген сандармен ауыстырылсын; «-3507» деген сандар «-3506» деген сандармен ауыстырылсын; «1507» деген сандар «1506» деген сандармен ауыстырылсын; аталған шешімнін № 1, 2 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Түркістан қалалық Әділет басақармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жариялаудан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Басқа 5