«2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық
мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 63 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Түркістан қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 19 мамырдағы № 2083 қаулысына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы»Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне (Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 30 желтоқсанда 14-4-13 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 13 қаңтарда « Түркістан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған шешімнің № 1,2 - қосымшалары осы шешімнің 1,2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Түркістан қалалық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жариялаудан кейін қолданысқа енгізіледі.