Қолданыстағы ред. 17.03.2006

"2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 6 желтоқсандағы кезектен тыс XX сессиясының №233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 17.03.2006 г. № 264 ("2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 6 желтоқсандағы кезектен тыс XX сессиясының №233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

"2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 6 желтоқсандағы кезектен тыс XX сессиясының №233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
"2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 6 желтоқсандағы кезектен тыс XX сессиясының №233 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №4138 болып тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы №269-270 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
"-338626" саны "-13626" санымен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6 және 7 - тармақшалармен толықтырылсын: "6) бюджет тапшылығы (профициті) - -680472 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 680472 мың теңге."
Мынадай мазмұндағы 8-2 - тармағымен толықтырылсын: "8-2. Қызылорда қаласының бюджетіне тұрғын үй құрылысына 325000 мың теңге кредит бөлінсін." 1 - қосымшада:
7 "Қарыздар түсімі санатымен, 01 "Мемлекеттік ішкі қарыздар" сыныбымен, 2 "Қарыз алу келісім шарттары" ішкі сыныбымен, 02 "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар" ерекшелігімен және 325000 санымен толықтырылсын;
07 "Түрғын үй - коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында, 01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында, 271 "Құрылыс департаменті (басқармасы)" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 009 "Тұрғын үй салуға
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру" бағдарламасымен және 325000 санымен толықтырылсын.