«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 147 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 147 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы» («Федоровские новости» газетінде 2006 жылғы 8 маусымда жарияланған, нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 9-20-26 тіркелген) әкімдіктің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 147 қаулысына өзгерістер енгізілсін, 1 және 2-тармақтарында «10 % ға» деген сөз «30 % ға» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 тамыздан қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.