Об утверждении Правил выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на приобретение дизельного топлива для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2006 года и Правил обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей дизельным топливом на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидиялар төлеу ережесiн және Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидиялар төлеу ережесi және Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу ережесi
Тарау i. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мақсатты ағымдағы трансферттер" бағдарламасының 104 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi тауар-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялауға ағымдағы мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiсi мен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер) 2006 жылдың күздiк дақылдарын өсiру, көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті дизель отынын сатып алуға байланысты шығындарды iшiнара өтеуге арналған.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге субсидия төлеу технологиялық карталарға сәйкес, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң даму ерекшелiктерiн және 1 гектарға дизель отынының шығысы нормативтерiн негiзге ала отырып, дизель отынының Ауылшарминi белгiлеген субсидия нормасы бойынша бүкiл бекiтiлген көлемiне жылына бiр рет жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы өнiмдерiн алу үшiн ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзу ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге субсидия төлеудiң негiзгi өлшемi болып табылады.
Тарау ii. II. Субсидия төлеу тәртiбi
II. Субсидия төлеу тәртiбi
Тармақ 5
5. Ауылшарминi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде субсидиялаудың облыстар бойынша бекiтiлген көлемiне сәйкес және 2006 жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сай облыстық бюджеттерге мақсатты ағымдағы трансферттердi аударады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттi мәслихат бекiткен соң екi апта мерзiмде, облыс әкiмi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң басымдығын негiзге ала отырып және аудандар бойынша дизель отынының бекiтiлген көлемiне сәйкес облыс бойынша субсидиялаудың бекiтiлген көлемi шегiнде аудандар бойынша субсидия көлемiн бекiтедi және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын анықтайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң субсидия алуға арналған жиынтық тiзiмiн (бұдан әрi - Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмi) айқындау үшiн әрбiр ауданда аудан әкiмiнiң шешiмiмен аудан әкiмiнiң, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, аудандық салық комитетiнiң, статистика басқармасының, Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасының және қоғамдық ұйымдардың (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қауымдастығы немесе басқа) қызметкерлерi құрамындағы ведомоствоаралық комиссия (бұдан әрi - ВАК) құрылады. Бұл ретте аудан әкiмi ВАК-тың жұмысын "бiр терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 8
8. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi ВАК-тың жұмысшы органы болып табылады.
Тармақ 9
9. ВАК-тың жұмысшы органы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден құжаттар қабылдау мерзiмiн, өзге де қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс iстеу тәртiбiн жергiлiктi ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 10
10. Сатып алынған және қолданылған дизель отынына субсидия алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер көктемгi дала жұмыстары аяқталғаннан кейiн, ал күздiк дақылдар жөнiнде нақты өскiн бойынша бес жұмыс күнi iшiнде ВАК-қа осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi және мынадай құжаттарды ұсынады: заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн - әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмiнiң көшiрмесi); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi; статистикалық картаның көшiрмесi; дизель отынын жеткiзу шарты, шот-фактура, төлем құжаттары, тауар-көлiк құжаттары және өзге де растайтын құжаттар; банк деректемелерi.
Тармақ 11
11. Көктемгi дала жұмыстарын жүргiзу мерзiмдерi субсидияланатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша әр өңiрге арналған ғылыми негiзделген оңтайлы агротехникалық мерзiм ретiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ғылыми өндiрiстiк орталықтарының ұсынымдары негiзiнде айқындалады.
Тармақ 12
12. ВАК ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден өтiнiмдер түскеннен кейiн екi апта мерзiмде күздiк дақылдарды қоса алғанда, егiстiктi қабылдауды жүргiзедi және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды. Егiстiктi қабылдау актiсi екi данада жасалады, бiреуi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiде қалады.
Тармақ 13
13. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмiне енгiзудi күздiк дақылдарды қоса алғанда, егiстiктi қабылдау актiсiне сәйкес ВАК жасайды. Тiзiмге енгiзуден бас тартылған жағдайда жұмысшы орган ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге себебiн көрсетiп тиiстi анықтама бередi.
Тармақ 14
14. ВАК ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер жұмысшы органға өткiзген құжаттарды тексередi және егiстiктi қабылдау актiсiнiң негiзiнде соңғы егiстiктi қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн күздік дақылдарды қоса алғанда, бес жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң субсидия алуға арналған жиынтық тiзiмiн жасайды және аудан әкiмiне бекiтуге жiбередi.
Тармақ 15
15. Аудан әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмiн бекiтедi.
Тармақ 16
16. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi үш жұмыс күнi iшiнде аудан әкiмi бекiткен Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тiзiмiн, сондай-ақ субсидия төлеудiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды облыстың бюджеттiк бағдарламасы әкiмшiсiне (облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментi/басқармасы) ұсынады, ол он жұмыс күнi iшiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзiмiне сәйкес субсидия төлеудi жүргiзедi. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органына төлем шотын, Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзiмiн және субсидия төлеудiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 17
17. Аумақтық қазынашылық органға ұсынылған Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзiмiнiң, сондай-ақ субсидия төлеудiң негiздiлiгiн растайтын құжаттардың дұрыстығы үшiн Облыстың бюджеттiк бағдарламасы әкiмшiсi жауапты болады.
Тармақ 18
18. Облыс әкiмi 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде сомасын және бекітiлген субсидиялау көлемi орындалмаған жағдайда себептерiн көрсете отырып, Ауылшарминiне облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге төленген субсидияның көлемi туралы мәлiмет бередi.
Тармақ 19
19. Қандай да бiр аудандарға бөлiнген қаражат толық игерiлмеген жағдайда облыс әкiмi оны заңнамада белгiленген тәртiппен басқа дақылдарды субсидиялауға жiберуi және оларды облыс бойынша субсидиялаудың бекiтiлген көлемi шегiнде қайта бөлуi мүмкiн.
Тармақ 20
20. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда, Ауылшарминi заңнамада белгiленген тәртiппен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 21
21. Қайта бөлiнген сомалар есебiнен субсидия төлеу рәсiмi осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Облыс әкiмi субсидиялар төленгеннен кейiн бес күн мерзiмде Ауылшарминiне қайта бөлiнген қаражат есебiнен облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге төленген субсидия көлемi туралы мәлiмет бередi.
Тармақ 23
23. 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын субсидиялауға бөлiнген бюджеттiк қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына Ауылшарминi, облыстардың және аудандардың әкiмдерi жауапты болады.
Басқа 1. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесi
Тарау i. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi дизель отынымен қамтамасыз етудiң мынадай тәртiптерiн: облыстардың дизель отынына қажеттiлiгiн және 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн республикадағы мұнай өңдеу зауыттарынан оның сатылу бағасын белгiлеу тәртiбiн; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналған тiзiмiн айқындау тәртiбiн; дизель отынын жеткiзудi, сақтауды және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi онымен қамтамасыз ету үшiн қаржылық жағынан тұрақты құрылымдар iшiнен операторларды (бұдан әрi - операторлар) белгiлеу тәртiбiн айқындайды.
Тарау ii. ІІ. Облыстардың дизель отынына қажеттiлiгiн айқындау
ІІ. Облыстардың дизель отынына қажеттiлiгiн айқындау
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi): облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, күтiлетiн ауыл шаруашылығы жұмыстарының көлемiн ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық карталарына сәйкес дизель отынының көлемiн айқындайды; Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен, негiзгi мұнай өнiмдерi ресурстарын ұстаушылармен және мұнай өңдеу зауыттармен бiрлесiп дизель отынының көлемiн белгiлейдi және облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына шартты түрде бекiтудi жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмдерi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың басымдығы мен ерекшелiктерiн ескере отырып, дизель отынының көлемiн аудандар арасында бөледi.
Тарау iii. III. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын сатып алуы
III. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын сатып алуы
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер дизель отынын Қазақстан Республикасының негiзгi мұнай өнiмдерiнiң ресурсын ұстаушыларынан, мұнай өндiру компанияларынан, мұнай өңдейтiн зауыттарынан және/немесе еркiн рынокта өз бетiмен сатып алады.
Тармақ 5
5. Дизель отынын облыс әкiмi құрған конкурстық комиссия белгiлеген операторлардан сатып алған жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарларың өндiрушiлер аудан әкiмiне тиiстi өтiнiм бередi. Дизель отынын сатып алуға арналған өтiнiмге ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мынадай құжаттар пакетiн қоса бередi: заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн - аудан әкiмiнiң шаруа қожалығын құру жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесi); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi; статистикалық картаның көшiрмесi. Дизель отынын алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi ол үшiн жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын немесе қызметi жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн пайдаланумен байланысты болатын жеке немесе заңды тұлға болуы тиiс.
Тармақ 6
6. Аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi берiлген өтiнiмнiң негiзiнде дизель отынын алу үшiн олардың көлемi көрсетiлген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналған тiзiмiн жасайды және оны әкiмге бекiтуге ұсынады. Бұл ретте дизель отынының көлемi технологиялық карталарға сәйкес 1 гектарға дизель отынының шығыс нормативтерiне сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналып бекiтiлген тiзiмi облыс әкiмiнiң облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне жiберiледi.
Тармақ 8
8. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментi қалыптастырған және бекiткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дизель отынын алуға арналған тiзiмi жеткiзiлiмдердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ауылшарминiне, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне және мұнай өңдейтiн зауыттарға жiберiледi.
Тарау iv. IV. Дизель отынын жеткiзу жөнiндегi операторларды белгiлеу
IV. Дизель отынын жеткiзу жөнiндегi операторларды белгiлеу
Тармақ 9
9. Операторларды белгiлеу мақсатында облыс әкiмi конкурстық комиссия құрады, оның құрамына Ауылшарминiнiң, қоғамдық ұйымдардың (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер қауымдастығы немесе тағы басқа) өкiлдерi кiредi.
Тармақ 10
10. Конкурстық комиссия дизель отынын жеткiзудi, сақтауды және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге босатуды қамтамасыз ету үшiн қаржылық жағдайы тұрақты құрылымдардың iшiнен операторларды iрiктеу жөнiнде конкурс өткiзедi. Операторларды iрiктеу облыс әкiмi әзiрлеген және Ауылшарминiмен келiсiлген өлшемдерге сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
Тармақ 11
11. Операторлар өздерiнiң қаржы қаражаты есебiнен: Қазақстан Республикасының бекiтiлген мұнай өңдейтiн зауыттарынан немесе еркiн рынокта дизель отынын сатып алуды; облыс әкiмi өткiзген конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған бағада дизель отынын жеткiзудi, құюды, сақтауды, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге босатуды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Облыстардың және аудандардың әкiмдерi дизель отынын алу тетiгiн, операторлардың тiзбесiн және олардың дизель отынына арналған босату бағаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 13
13. Дизель отынының мақсатты пайдалануын бақылау облыстың және ауданның тиiстi әкiмiне жүктеледi.
Тармақ 14
14. Осы Ереженiң орындалуын бақылау Ауылшарминiне жүктеледi.
Басқа 1.1. 2006 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған дизель отыны үшiн субсидия алуға өтiнiм
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына 1-қосымша ____________ ауданының ведомствоаралық комиссиясына 2006 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған дизель отыны үшiн субсидия алуға өтiнiм 1. _______________________________________ негiзiнде әрекет ететiн (құрылтай құжаты) __________________________________________________________________ (Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) атынан бiрiншi басшы _____________________________________________ (T.А.Ә., лауазымы) осы арқылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған және пайдаланылған әрi күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тонна мөлшерiндегi дизель отынына субсидия бөлу туралы мәлiмдейдi. Сатып алынған және сатып алынатын дизель отыны ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн ғана пайдаланылады. 2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _____________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3. Өтiнiмге мыналар қоса берiледi: заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмнiң көшiрмесi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi; статистикалық картаның көшiрмесi; дизель отынын жеткiзу шарты, шот-фактура, төлем құжаттары, тауар- көлiк жүкқұжаты және басқа да растайтын құжаттар; банктiк деректемелер. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң заңды мекен-жайы және банктiк деректемелерi: __________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөр)
Басқа 1.2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің егісті қабылдаудың 200___ жылғы "___"_________ N _____ АКТІСІ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына 2-қосымша "Бекітемін" Аудан әкімі _____________ (қолы, мөрі, Т.А.Ә.) 2006 ж."____"_______ Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің егісті қабылдаудың 200___ жылғы "___"_________ N _____ АКТІСІ Біз, төменде қол қоюшылар ВАК төрағасы __________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері __________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _______________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _______________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және _____________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің атауы) басшысы, екінші тараптан ______________________________________ _______________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің атауы) 200__ж. "___"_______N___ жеткізу шарты бойынша __________ тонна мөлшеріндегі дизель отыны сатып алынған туралы осы актіні жасадық, ол мына мақсаттарға жұмсалады: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ______ га, алаңға егіс алқабы (кадастр N) _____________________ _______________________________________________________________ (дақыл, мерзімі, жұмсау нормасы) ВАК төрағасы __________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері __________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _______________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші: _________________________ (қолы, мөрі, Т.А.Ә.)
Басқа 1.3. Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң жиынтық тізiмi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына 3-қосымша "Бекітемін" Аудан әкімі _______________________ (қолы, мөрі, Т.А.Ә.) 2006 ж. "___"__________ Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң жиынтық тізiмi Р/с N Ша­руа- шы­лық- тар­дың ата­уы Күздiк да­қыл­дар- ды қо­са ал­ған­да ВАК ак­тiсi­мен қа­был- дан­ған егiс ала­ңы, га Да­қыл- дар­дың түр­лерi бой­ын­ша 1 га-ға ди­зель оты­ны шы­ғы­сы­ның нор­ма­ти­ві, кг/га Күздiк да­қыл­дар­ды өсi­ру, көк­тем­гi егiс және егiн жи­нау жұ­мыста­рын жүр­гi­зу үшiн қа­жет­ті­лі­гi, тон­на, (3-бағ. х 4-бағ.) 1 гек­тар­ға ар­нал­ған суб­си­ди­я­ның нор­ма­сы,* тең­ге Тө­ле­ну­ге тиiс cуб­си­дия- ның кө­ле­мi, тең­ге (3-бағ. х 6-бағ.) 1 2 3 4 5 6 7 * - ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын облыс әкiмi белгiлейдi BAК төрағасы ______________ аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi (қолы, Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелерi _____________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) M.О.