О проведении учебно-полевых сборов в 2006-2007 учебном году с юношами-учащимися 10 классов средних общеобразовательных школ района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның орта жалпы білім беретін мектептерінің 10 сынып жасөспірімдер-оқушылармен 2006-2007 оқу жылында оқу-далалық жиындарын өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындауда, «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы негізінде Қарасу ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орта жалпы білім беретін мектептерінің 10 сынып жасөспірімдер-оқушылармен бес күндік оқу-далалық жиындары бастапқы әскери даярлау жөніндегі оқу жоспарларына сәйкес 2007 жылғы маусымда өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) бірлесе отырып бес күндік оқу-далалық жиындарын өткізу жөніндегі Бағдарламаны және Іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) жұқпалы және басқа да аурулардың таратылуын алдын алатын медициналық іс-шараларды және жиындардың уақытында медициналық қызметкерлерінің кезкшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру бөлімі» мемлекеттік мекемесі жиындарды өткізу уақытында спорттық іс-шаралардың ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) оқу-далалық жиындарын өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.