Об утверждении Программы молодежной политики Акмолинской области на 2006-2007 годы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № а-12/361 қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Мазмұны:
Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 3С-16-8 шешімімен БЕКІТІЛДІ Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ Мазмұны:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 8
8. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. Әзірлеу үшін негіздеме «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II ҚР Заңы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы №85 Қаулысы Ел Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2005 жылғы 18 шілдедегі №734 2006-2007 жылдарға арналған Республикалық жастар саясаты Бағдарламасы іс-шаралар жоспары. Бағдарламаны әзірлеуші Ақмола облысының ішкі саясат департаменті Бағдарламаның мақсаты Жастардың азаматтық тұрғыда қалыптасуы мен әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруы үшін саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау. Бағдарламаның міндеттері Ақмола облысында жастар саясатын алға бастыруға және дамытуға мүдделі барлық күштердің іс-қимылын біріктіру және үйлестіру. Жастардың нақты проблемаларын шешудің жолдары мен тетіктерін қалыптастыру. Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жастарға көмек пен әлеуметтік қызметтер беру, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асыру. Жастардың азаматтығы мен патриотизмін дамыту. Мемлекеттік деңгейдегі шешімдер қабылдауда жастардың азаматтық қатысу үлесін ұлғайту. Қаржыландыру көлемі мен көздері Жобаны iске асыру облыстық бюджеттен мынадай қаржылық шығындарды көздейдi: 2006 жылы - 6 300 000 теңге; 2007 жылы - 7 950 000 теңге; Жалпы сомасы - 14 250 000 теңге. Іске асыру мерзімдері 2006-2007 жылдар. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру жастар саясаты саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру мен үйлестіруге, жастардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға, жастармен жұмысты ұйымдастырудың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Жас ұрпақтың азаматтық тұрғыда қалыптасуы мен әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруы үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау және нығайту - Ақмола облысының елдің тұрақты дамушы өңірі ретінде одан әрі дамуының аса маңызды шарттарының бірі. Соңғы жылдары жастармен жұмыс айтарлықтай жандана түсті. Жастар ұйымдарының саны ұлғаюда, жастар мен студенттік құрылыс жасақтары дамуда, жастарды қолдау акциялары дәстүрге айналды, жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің түрлі нысандары енгізілуде. Алайда, қоғамдағы осы заманғы тенденциялар, жас ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыру проблемаларына қоғам және мемлекет тарапынан жоғары көңіл бөлінуі облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың сапалы жаңа тәсілдерінің жасалуын талап етіп отыр. Осы Бағдарлама мемлекеттік органдардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз әрекеттестігі мен ынтымақтастығының негізінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жүйесін жасау мақсатында әзірленген. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімдік даму Стратегиясының ережелеріне жауап береді. Оны қабылдау мен іске асыру Ақмола облысындағы мемлекеттік жастар саясатын неғұрлым тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Президенттің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшін, бәсекеге қабiлеттi экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: «Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады» деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бірге жастар халықтың ең бiр осал топтары болып табылады, ал олардың жағдайы iзгіліктi проблема ретінде қаралады. Экономика дамуының қазiргi заманғы кезеңінде жоғары бiлiмдi және шығармашыл, бәсекеге қабілетті жас адамдардың саны барған сайын көбiрек болуы қажет. Мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін мемлекет пен жастар қатынастарын жетiлдiруде жаңа қарқынға ие болды. Жастар саясатын іске асыру жөніндегі уәкiлеттi органдар жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қатынастар жүйесіне енуi жағдайларын жақсарту жөнінде тұрақты жұмыстарды жүзеге асырады. Осы процесте экономиканың салаларын инновациялық дамытуға неғұрлым икемділер ретінде нақ жастарға басты рөл беру қажет, бұл осы проблеманы барынша тиімді тәсілдермен шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде жастар саясаты қол жеткен нәтижелерді баянды етуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған тетіктерді нығайтуға бағыт ұстауы тиіс. Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыру қарастырылған неғұрлым маңызды іс-шаралардың қатарында жас кәсіпкерлерді дамыту және қолдау тетіктерін жасау; жастар мен жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету; жастар үшін әлеуметтік қызметтер құру; ауыл жастарын дамыту, жас адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу орын алып отыр. Сондай-ақ, азаматтық пен патриотизмді дамыту, талантты жастарды қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар бірлестіктерінің қызметі және жандандыру үшін жағдайлар туғызу, жастар ортасындағы ахуалды зерделеу мақсатында мониторинг жүргізу жөнінде де іс-шаралар қарастырылған. Аталған Бағдарламаны іске асыру Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жалпы қызметтің бір бөлігі болып табылады.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау Облыс жастары тұрғын халықтың үштен бір бөлігі болып табылады. Облыста жас адамдардың саны 210 000 адамды немесе 2004 жылғы 27,2 пайызбен салыстырғанда, тұрғын халықтың жалпы санының 28 пайызын құрайды. Қала жастарының саны - 94 166 адам немесе 44,9 пайызды, ауыл жастары - 115 742 адам немесе 55,1 пайызды құрайды. Жыл сайын жастардың қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын үйлестіруді, оларға консультативтік, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетуді қаржыландыру арта түсуде. Мәселен, 2003 жылы небары 1,5 миллион теңге бөлінсе, 2005 жылы - 5 358 мың теңге бөлінген. Жастардың жалпы саны бойынша 72 мыңы жұмыспен қамтылған, 52 мыңнан астамы өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 16 мың адам жұмыссыз немесе ЖОО-ларға оқуға түскендігі және басқа да себептерге байланысты уақытша жұмысқа орналаспаған болып отыр. 70 мың адам оқушы жастардың санатына кіреді. Экономикалық белсенді жастардың саны 111 мың адамнан 123 адамға дейін өсті, бұл экономикалық белсенді тұрған халықтың 29,5%-ін құрайды. Ақмола облысының ішкі саясат департаменті жыл бойы жастардың негізгі әлеуметтік проблемалары мен басымдықтары жөнінде неғұрлым терең түсінік алу мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жастарды ең бірінші кезекте әлеуметтік проблемалардың толғандыратынын нақтылайды. Жастардың алаңдаушылығын туғызып отырған басым проблемалардың ішінде білім алудың қиындықтары (44,5 %); жұмыссыздық (61,9 %); тұрғын үй проблемасы (22 %) бірінші орында тұр. Жастарды елдегі саяси ахуал, сондай-ақ бос уақытты ұйымдастыру, жас адамдар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен маскүнемдік проблемасы да аз толғандырмайды. Жастардың саясатқа қызығушылығының елеулі түрде жандануы байқалып отыр. Сұрақ-жауап деректеріне сүйенсек, жастар қала және облыс өміріне қатысты шешімдерді қабылдауға (44,3 %) қатысуға дайын екендігін және өздерінің саяси көзқарастары мен талаптарын емін-еркін және көпшілік алдында білдіре алатынын (28,6 %) көрсетіп отыр. 2005 жылдың 1-тоқсанында Жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде барлығы 659 адам өтініш жасаған. Олардың ішінде 395 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 2004 жылғы кезеңмен салыстырғанда 105 есе артық. Облыста жастардың белсенді түрде жұмыспен қамтылуына ықпал ететін шаралар қабылдануда. Мұндай формалардың бірі жұмыс іздестіру клубтарын ұйымдастыру болып табылады. Олардың мақсаты - белсенді түрде өз бетінше жұмыс іздеуге және кейіннен жұмысқа орналасуы үшін психологиялық қондырғы қалыптастыру. Жастарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау шаралары жөніндегі проблемаларды шешудің мүмкіндігі мол жолдарының бірі облыс әкімдігінің 10.03.2004 ж. №А-3/71 қаулысымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастырудың Ережелері болып табылады. Егер 2004 жылы аталған желі бойынша жұмысқа 107 адам жолданған болса, олардың 33-і жұмысқа орналастырылды, ал үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында жолданған 68 адамның 10-ы жұмысқа орналастырылды, бұл аталған бағыттың келешегі бар екендігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, облысымыздағы жастардың жұмыспен қамтылуын талдау жоғары білім алған жігіттер мен қыздарды мемлекеттік қызметтің қызықтыратынына көзімізді жеткізіп отыр. Осы орайда, 2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, облыстың мемлекеттік органдарында 29 жасқа дейінгі 1476 маман еңбек етуде. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 6279 адамды құрайды. Еңбек рыногын кеңейтудің, жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бірі кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Бүгінгі күні облыстағы 3700 субъектіні жас кәсіпкерлер басқарып отыр, бұл соңғы екі жылмен салыстырғанда 45,3 пайыз артық. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында олар 11,6%-ды құрайды. Жас кәсіпкерлердің проблемаларының бірі бастапқы капитал мен кепілдік мүліктің болмауы болып табылады. Жастар әлі де нарықтық қатынастардың даму процесіне толығымен кіріккен жоқ. Сонымен бірге олар бастамашылықтарынан, өз бетінше шығармашылықпен айналысу қызметтерінен айрылған жоқ, оларға үлкен қолдау көрсетілу қажет. Кәсіпкерлердің форумын және бизнесмендердің қатысуымен өзге де іс-шараларды өткізу кезінде жобалар, бастамалар жәрмеңкесінің конкурстарын өткізу, сондай-ақ оларға жастарға бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін тартымды шарттарды ұсыну маңызды. Бұл іс-шаралар бағдарламаның жаңа жобасында жоспарланған. Жастар саясатының маңызды бағыты - сапалы білім берумен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта аймақта 8 жоғары оқу орны, 17 арнаулы орта оқу орындары, 18 кәсіптік-техникалық мектеп, 676 жалпы білім беретін мектеп әрекет етеді. ЖОО-лардағы студенттер саны 25 мыңды құрап отыр, бұл өткен оқу жылмен салыстырғанда 11% артық, АООО-да 12 мың адам, кәсіптік-техникалық мектептерде 7 мыңға жуық адам және 42 мыңнан астам мектеп жастары (14 жастан жоғары) білім алуда. Жастардың денсаулығын сақтау - аймақтағы жалпы ахуалға ықпал етуші аса маңызды әлеуметтік фактор. Осыған байланысты мектеп және жасөспірім жастағы балаларды, әскер жасына дейінгі жастарды сауықтыру мен оңалтудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы іске асырылуда. Нашақорлықтың, шылым шегудің, маскүнемдіктің және ЖҚТБ-ның (СПИД) алдын алу жөнінде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Жастар арасында кеңінен таралған ауру түрлері - тыныс алу органдарының сырқаты, нашақорлық пен маскүнемдік болып отыр. 2005 жылы 29 жасқа дейінгі жастағы 340 адам - нашақорлық, маскүнемдік себебі бойынша - 3931 адам есепте тұрады, бұл тұрғыда осы жылдың сандық көрсеткіштері азаймай отыр. Соңғы жылдарға талдау жүргізу неке құрғандардың санының төмендегенін көрсетеді, егер 2003 жылы неке құрғандардың саны 8835 адамды құраған болса, 2004 жылы 300-ге дейін азайды. Сондай-ақ неке бұзған адамдардың саны ұлғайып отыр (2003 ж. - 955, 2004 ж. - 983). Некенің бұзылуының негізгі себептері жастар ортасындағы жалпы ахуалға байланысты. Бұл - арзан және қол жетімді баспананың болмауы, жас адамдардың ұзақ бірге өмір сүруге дайын еместігі, тұрақсыздық. Жыл сайынғы медициналық комиссияның деректері бойынша әскер жасына дейінгі жас адамдардың 51% ғана жауынгерлік қызметке жарамды. Басты себептер дене салмағының жетіспеушілігі (50%), майтабандық (71%) және өкпе туберкулезі (10%) болып табылады. Астрахан, Целиноград, Ерейментау, Шортанды аудандарында бұл көрсеткіштер облыстық көрсеткіштерден жоғары. Осы кезге дейін жастарды әскер қатарына іріктеуде зертханалық тест - есірткіге тәуелділік затына тексеру пайдаланылмайды. Алғашқы әскери дайындық оқу қару-жарақтарының, оқу фильмдерінің, қорғаныс-спорт лагерлерінің болмауы себебінен тиісті деңгейде өткізілмейді. Әскери-оқу орындарының біздің мектеп бітірушілеріміздің есебінен толықтырылуы нашар жүргізілуде. Мәселен, 2004 жылы 201 адам іріктеліп, 51 адам ғана оқуға қабылданды. «Қысқартудың» үлкен пайызы денсаулық жағдайына байланысты және жалпы білім даярлығының төмендігі себебінен болуда. СӨС-ті насихаттаумен тең тұрғыда жастарды дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 50 мыңнан астам жігіттер мен қыздар спортпен шұғылданады. Жастар арасында халықаралық сыныптағы 16 спорт шебері, 45 спорт шебері бар. 154 адам түрлі спорт түрлері бойынша спорт шеберлігіне кандидат, олардың ішінде 5 әлем чемпионы, 2 Дүниежүзілік универсиада чемпионы, 26 Қазақстан чемпионы бар. Олардың ішінен 1511 адам спорт және жасөспірім клубтарына қатыстырылған, 2096 адам БЖСМ-не қамтылған. Бірақ, спорт әлі де бұқаралық бола қойған жоқ. Жұмыспен қамтылмаған жастар, қараусыз қалғандар мен басқа да топтар біздің назарымыздан тыс қалуда. Соңғы жылдардағы облысымыздың жастары ортасындағы оперативтік ахуал қылмыстылық деңгейінің 4,7% (2003ж.-1981, 2004ж.-1887) төмендегенімен сипатталып отыр. Статистика көрсеткендей, жастар жасайтын қылмыстың негізгі түрі мүліктік қылмыстар болып отыр. Мұндай қылмыстардың саны 2004 ж. 50%-ды құрап отыр, ал ағымдағы жылдың 3 айында барлық қылмыстардың жалпы санының 51%-ы аталған санатта жасалған. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың негізгі себептері жасөспірімдердің құқықтық санасының төменгі деңгейі, отбасы институттарымен, жасөспірімдермен жұмыстың жетіспеушілігі, әлеуметтік жағынан қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдерді қамтуға қабілетті бос уақыт өткізу мекемелері желілерінің санының салыстырмалы түрде аздығы, ақылы секциялар мен үйірмелерге қол жеткізудің қиындығы, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде жұртшылықтың әлеуетін жеткілікті түрде пайдаланбау болып отыр. Жастардың адамгершілік, мәдени және рухани дамуын қалыптастыру, мәдени мұраға араластыру Ақмола облысындағы жастар саясатының маңызды бағыты болып табылады. «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылуда. Облыста түрлі деңгейдегі конкурстар мен шығармашылық кештер өткізуге деген позитивтік тенденция байқалып отыр. Жас таланттар беделді республикалық және халықаралық фестивальдарға қатысуда. Сонымен қатар қоғамдық бос уақытты ұйымдастыру саласында жекеменшік кинозалдар, дискоклубтар, компьютерлік залдар кеңінен даму үстінде. Өткізілген түнгі рейдтердің деректері бойынша жастардың үлкен бөлігі кіру билеттерінің құнына қарамастан, өздерінің бос уақытын «Харлей Дэвидсон», «Жұлдыз», «Титаник», «Қазақстан» түнгі клубтары мен ойын автоматтары залында өткізеді. Президентіміздің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамалары жастардың жағдайын жақсарту жөніндегі ізгілікті қолдау болып отыр. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру облысымызда елді көгалдандыру ісіне 100 000-нан астам адамның тартылуына ықпал етті. 5500 көшет отырғызылды, Аршалы ауданының Волгодоновка селосында Жеңістің 60 жылдығы паркі ашылды, 21 гүлзар салынды, ондаған мың тонна күл-қоқыс шығарылды, барлық аудандар мен қалаларда парктер, гүлзарлар, ескерткіштер мен обелискілер тәртіпке келтірілді. Соңғы жылдары жастар мен студенттік жасақтар неғұрлым қуатты дамуда. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2003 жылы олардың саны 3-ке жетті, 2004 жылы 15 студенттік құрылыс жасақтары ұйымдастырылды, бүгінде олардың саны 50-қа жетіп отыр. Олардың арасында 19 - құрылыс, 7 - механикаландырылған, 18-экологиялық, 6 - педагогикалық жасақ бар. Оларға 1500 жас адам қамтылған. Студенттік еңбек жасақтарының барлық қызметін заңды тіркеуден үстіміздегі жылдың сәуір айында өткен «Жастар мен студенттердің еңбек жасақтарының облыстық штабы» үйлестірді. Студенттік еңбек жасақтарын тұрғын үй объектілерін тұрғызуға тарту Ақмола облысының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасында жеке тармақта белгіленген. Қазір тұрғын үй объектілеріне тендер жариялау кезінде студенттік еңбек жасақтарын жазғы каникул кезеңінде жұмысқа қабылдау шарты міндетті болып табылады. Жастар бірлестіктерінің дамуы айтарлықтай жандандырылды. 2002 жыл мен 2004 жылдар аралығындағы кезеңде жастардың қоғамдық бірлестіктерінің саны 3-тен 18-ге дейін өсті. Олардың жұмыстарының негізгі формалары акциялар, қайырымдылық іс-шаралар, концерттер, дебаттар, ғылыми-практикалық конференциялар, интерактивті оқыту әдістерімен семинарлар өткізу болып табылады. Жаңа, республикаға кеңінен қанат жайған қозғалыс - Қазақстан студенттерінің Альянсының іске кірісуі, жастардың өзін-өзі басқару органы - студенттік мәслихаттың құрылуы біріктіруші фактор болып табылады. Осы бірлестіктерді құру студенттердің өздерінің бастамасы екендігі аса маңызды, бұл жастар проблемасын шешуге елеулі түрде ықпал етеді. Жас парламентарийлердің облыс әкімі және облыстық мәслихаттың хатшысымен бірнеше кездесулері болып өтті, олардың барысында бірлескен жұмыстың нақты мәселелері талқыланды. Алайда, жастар ұйымдарының саны артқанымен, олар әлі бұқаралық бола қойған жоқ. Бұлардан өзге, облыста жастар істері жөніндегі Кеңестер, облыстың аудан мен қала әкімдерінің жанындағы жастар істері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілер, саяси партиялардың жастар қанаты, оқу орындары мен ірі кәсіпорындарда жастар істері жөніндегі комитеттер, волонтерлар, КТК, дебат қозғалыстары әрекет етеді. Соңғы жылдардағы сайлау науқаны көрсеткендей, жастар өздерінің сайлау құқықтарын белсенді түрде пайдаланады. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауда жастар электораттың салмақты бөлігінің бірі ретінде қатысты. Олар саяси партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың сайлауалды акцияларында белсенді рөл ойнады. Біздің бүкіл мемлекеттік саясатымыздың негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері жатыр, бұған облысымызда өткізіліп жатқан көптеген қоғамдық маңызды іс-шаралар бағытталған. Өткізілген экспресс-сұрақ-жауап деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы жағдайды сұрау салынған жастардың 72,6% «қалыпты» және «қолайлы» деп бағаласа, 22,1% шиеленісті деп санайды, ал жауап беруге қиналғандар - 5,3% «Сіз үшін «патриотизм» сөзі қандай мағына білдіреді?" деген сұраққа сұрау салынғандардың 74,4%-ы оны өз Отанына деген сүйіспеншілік пен құрмет, оны қорғауға дайын болу, оның тағдыры үшін жауапкершілік деп түсінетіндіктерін көрсетті. Сонымен бірге, 25,6% бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Патриоттық білім беру жүйесіндегі басымдықтар ретінде әлеуметтік белсенділік, жауапкершілік, моральдық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа төзбеу тәрізді рухани-адамгершілік құндылықтарды ерекше бөліп көрсетуге болады. Қазіргі проблеманың жай-күйін социологиялық зерттеудің деректерін талдау негізінде Ақмола облысы жастар саясатының негізгі бағыттары болып: жастарды жұмыспен қамту; жастарды әлеуметтік қорғау, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту және жас адамдардың денсаулығын сақтау; азаматтықты және қазақстандық патриотизмді жасау, қалыптастыру; дарынды жастардың бастамаларын, шығармашылық белсенділігін дамыту, қолдау; жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және инфрақұрылымын дамыту.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты жастардың азаматтық тұрғыда қалыптасуы мен әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруы үшін саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет: Ақмола облысында жастар саясатын алға бастыруға және дамытуға мүдделі барлық күштердің іс-қимылын біріктіру және үйлестіру; жастардың нақты проблемаларын шешудің жолдары мен тетіктерін қалыптастыру; жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарға көмек пен әлеуметтік қызметтер беру, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асыру; жастардың азаматтығы мен патриотизмін дамыту; мемлекеттік деңгейдегі шешімдер қабылдауда жастардың азаматтық қатысу үлесін ұлғайту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Ақмола облысында жастар саясаты проблемасының қазіргі жағдайының талдауына сәйкес келесілер бағдарламаның бастамшылық бағыттары болып табылады:
Тармақша 1
1) жастарды жұмыспен қамту;
Тармақша 2
2) жастарды әлеуметтік қорғау, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту және жас адамдардың денсаулығын сақтау;
Тармақша 4
4) азаматтықты және қазақстандық патриотизмді жасау, қалыптастыру;
Тармақша 5
5) дарынды жастардың бастамаларын, шығармашылық белсенділігін дамыту, қолдау;
Тармақша 6
6) жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және инфрақұрылымын дамыту.
Тарау 6. 6. Қаржыландыру көлемі және көздері
6. Қаржыландыру көлемі және көздері Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көздерін бағдарламаның негізгі әкімшісі көздеген және өзге де заңнамамен тыйым салынбаған көздер қаражаты шегінде облыстық бюджет айқындаған. Тұтастай алғанда, Бағдарламаны іске асыруға 14 250 000 теңге сомасында қаржылық шығындар көзделеді.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде күтілетіндер: белсенді жастардың саны және олардың қоғамдық іс-шараларға қатысуы 25% артады; 2006 жылы - 5, 2007 жылы - 6 жастар бірлестігі құрылады; жұмыссыз жастар арасынан оларды қоғамдық жұмыстарға тарту есебінен медициналық, археологиялық-туристік және шығармашылық еңбек жасақтары, оперативтік жастар және т.б. жасақтары құрылады; жастар практикасын ұйымдастыру арқылы жыл сайын 50 адам жұмысқа орналастырылады; жоғары және орта-арнаулы оқу орындары студенттері тегін медициналық тексеруден өткізіледі; жас отбасылар мен тұрғын халықтың әлеуметтік-осал топтарына консультативтік көмек көрсетіледі; әлеуметтік-маңызды жобалардың конкурсы өткізіледі; аула клубтарының желісі кеңейтіледі; халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдерге шығармашылық ұжымдардың қатысуы қамтамасыз етіледі; жыл сайын 3 000 көшет отырғызылады.
Тарау 8. 8. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары №№ Іс-шара Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі Болжанған шығындар, мың теңге Қаржыландыру көздері 1 2 3 4 5 6 7 Жастарды жұмыспен қамту 1. Жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған жастардың арасынан жыл бойы қоғамдық жұмыстарды орындау бойынша ақы төленетін жастардың еңбек жасақтарын құру (Еңбекшілдер, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың аудандары) Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті,аудан және қала әкімдері ұдайы қоғамдық жұмыстарға көзделген қаражаттардан 2. Жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және жастардың кәсіпкерлігін қолдау саласындағы бағдарламалар (жобалар) конкурсын өткізу Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті,аудан және қала әкімдері 2007 жылдың 2-тоқсаны 100,0 2007 ж. - 100,0 Облыстық бюджет 3. Әскер қызметін атқарған жұмыссыз жастардың арасынан ақы төленетін жастардың жедел жасақтарын құру (Атбасар ауданы, Көкшетау, Степногорск, Щучье қалалары) Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, Ішкі істер, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменттері, аудан және қала әкімдері ұдайы қоғамдық жұмыстарға көзделген қаражаттардан 4. Жас отбасылардың тұрғынжай мәселелерін «Жас отау» жастардың Тұрғын үй Кешендерін (ЖТК) салу жолымен шешу жөніндегі арнайы бағдарлама әзірлеу Бірлескен шешім ІСД,Ақмола облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті 2006 жылдың 2-тоқсаны 671,0 2006 ж. - 671,0 Облыстық бюджет 5. Жастардың еңбек жасақтары мүшелерінің тегін медбайқаудан өтуін қамтамасыз ету Бірлескен шешім ІСД, денсаулық сақтау департаменті ұдайы Талап етілмейді 6. «Жасыл ел» және тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар мен студенттердің еңбек, механикаландырылған, педагогикалық, медициналық және басқа да жасақтарын құру Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, оқу орындары, аудан және қала әкімдері ұдайы Талап етілмейді 7. Жергiлiктi атқарушы органдар құрылыс жұмыстары мен тұрғын үй құрылыстарын жүргiзуге арналған тендерлер өткiзу кезiнде студенттер мен жастардың еңбек жасақтарының оларға қатысуын қарастыру Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД,Ақмола облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, аудан, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері 2006 ж. мамыры 2007 ж. мамыры Талап етілмейді 8. Жастар мен студенттердің еңбек жасақтарын жұмыс көлемімен қамтамасыз ету Облыстық әкімдікке есеп ІСД, «Жастар мен студенттердің еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ, әкімдер, шаруашылықтар мен ведомстволардың басшылары 2006 ж. 2-4 тоқсаны 2007 ж. 2-4-тоқсаны Талап етілмейді 9. Мектеп орманшылығының жұмысын қалпына келтіру,мектеп орманшылығы конкурстарын өткізу Облыстық әкімдікке ақпарат Білім департаменті Жыл сайын 2-3-тоқсандар Талап етілмейді 10. «Менің атаулы ағашым», «Жасыл бақ - таза қала» акцияларын, Бұқпа тауында көшеттер отырғызумен бірге орман және бау-бақша айлықтарын өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД Жыл сайын 3 тоқсандар 1 400,0 2006 ж. - 900,0 2007 ж. - 500,0 Облыстық бюджет 11. Студенттер мен жастардың экологиялық жасақтарының облыстық слетін өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 2006 жылдың 3-тоқсаны 300,0 2006 ж. - 300,0 Облыстық бюджет 12. Жазғы демалысты ұйымдастырушылар үшін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жөніндегі оқыту семинарларын өткізу (Ақкөл, Зеренді, Щучье аудандары) Бірлескен шешім, облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, білім департаменті оқу жылы бойында 300,0 2006 ж. - 300,0 Облыстық бюджет 13. Оқу орындарында кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты кеңейту мақсатында оларға ауылдағы қажеттіліктің мониторингін өткізу Облыстық әкімдікке ақпарат Ауыл шаруашылық департаменті, білім департаменті, жоғары оқу орындары 20 желтоқсанға дейін жыл сайын Талап етілмейді 2. Жастарды әлеуметтік қорғау, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету 1. Әлеуметтік жастар бастамаларының аймақаралық жәрмеңкесін өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 2007 ж. 4-тоқсаны 2000,0 2007 ж. - 2000,0 Облыстық бюджет 2. «Жастардың пікірталас клубын» құруға жәрдемдесу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 2007 ж. 1-тоқсаны 1000,0 2007 ж. - 1000,0 Облыстық бюджет 3. Өткізілген іс-шаралардың әлеуметтік әсерін анықтау мақсатында әрекет етуші әлеуметтік қызметтердің мониторингін жүргізу Облыстық әкімдікке есеп беру ІСД Тоқсандардың қорытындылары бойынша Талап етілмейді 4. Аудан кесінділеріндегі жас отбасылардың, сондай-ақ жас адамдардың тіркелген некелерінің мониторингін жүргізу. Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, әділет департаменті (келісім бойынша) 20 желтоқсанға дейін жылына 1 рет Талап етілмейді 5. ҮЕҰ және мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен жастар ортасындағы девиация проблемаларына арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 1-тоқсан 2006ж. 250,0 2006 ж. - 250,0 Облыстық бюджет 6. Мүгедектер және жетімдермен жұмыс жөніндегі жастардың волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, денсаулық сақтау департаменті, Ж ҚБ ұдайы Талап етілмейді 7. Жас отбасылар клубын ұйымдастыру Облыстық әкімдікке есеп Аудан, қала әкімдері, әділет департаменті, Ж ҚБ (келісім бойынша) 2007 ж. 3-тоқсаны 1000,0 2007 ж. - 1000,0 Облыстық бюджет 8. Шартты түрде сотталған және бас бостандығынан айыру орындарынан оралған жас адамдарды қоғамдық-пайдалы іс-шаралар мен басқа да қызметтерге тарту. Облыстық әкімдікке ақпарат Ішкі істер департаменті,еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұдайы Талап етілмейді 3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту және жас адамдардың денсаулығын сақтау 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау және жастардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Денсаулық фестивалі» шеңберінде іс-шаралар өткізу. Облыстық әкімдікке ақпарат Облыстық денсаулық сақтау департаменті СӨС орталығы (келісім бойынша), наркодиспансер, СПИД-тің алдын-алу және күрес орталығы (келісім бойынша) жылына 2 рет Талап етілмейді 2. Ғылыми жастар идеясы көрмесін өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 2006 ж. 4-тоқсан 300,0 2006 ж. - 300,0 Облыстық бюджет 3. Республикалық, аймақтық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздарының қатысуымен акциялар, кездесулер және т.б. өткізу Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, дене шынықтыру және спорт, білім департаменттері ұдайы Талап етілмейді 4. Облыстың озық спортшыларының жүлдесіне түрлі спорт түрлері бойынша ауылдық әуесқой жарыстар өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД, дене шынықтыру және спорт, білім департаменттері 2006 ж. 3-тоқсан 300,0 2006 ж. - 300,0 Облыстық бюджет 5. Халықтың әлеуметтік осал топтарының арасынан жастар үшін жеңілдікті негізде спорттық жаттығуларды ұйымдастыруға арналған қызметтерді сатып алуға ашық конкурс өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД, дене шынықтыру және спорт, білім департаменттері 2007 ж. 1-тоқсан 400,0 2007 ж. - 400,0 Облыстық бюджет 4. Азаматтықты және қазақстандық патриотизмді жасау, қалыптастыру 1. - Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық табыстаумен бірге «Туған өлке тарихының үздік зерттеушісі»; - М.Ғабдуллин атындағы сыйлық табыстаумен бірге «Азаматтық және патриотизм; - Қ.Сәтпаев атындағы сыйлық табыстаумен бірге «Үздік инновациялық жоба» атағына конкурс өткізу. Бірлескен шешім, облыстық әкімдікке есеп ІСД, білім департаменті, мәдениет басқармасы 1-тоқсан 2006ж. 1-тоқсан 2007 ж. 1000,0 2006 ж. - 500,0 2007 ж. - 500,0 Облыстық бюджет 2. «Жаңа идеялар призмасы арқылы жоғары мектептің проблемалары» атты симпозиум өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 3-тоқсан 2006ж. 100,0 2006 ж. - 100,0 Облыстық бюджет 3. Жастар арасында «Интеллектуал-2006» облыстық конкурсын өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД, білім департаменті 2-тоқсан 2007 ж. 400,0 2007 ж. - 400,0 Облыстық бюджет 4. Жастардың азаматтығын дамыту проблемалары жөніндегі ғылыми-практикалық конференция өткізу Облыстық әкімдікке есеп беру ІСД 20 желтоқсанға дейін жылына 1 рет 150,0 2006 ж. - 150,0 Облыстық бюджет 5. ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру және жастар арасында патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі студенттік ақпараттық-насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру. Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, ЖОО-лар (келісім бойынша) ұдайы Талап етілмейді 6. ЖҚБ белсенділерінің діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесулерін өткізу Облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, Ж ҚБ (келісім бойынша), діни бірлестіктердің жетекшілері (келісім бойынша) 20 желтоқсанға дейін жылына 1 рет Талап етілмейді 7. «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асыру барысынан ақпараттық хабардар етуді қамтамасыз ету Облыстық әкімдік және ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпарат Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының қатысуымен «Экология» ҚБ 2006-2007 ж.ж. бойы Талап етілмейді 5. Дарынды жастардың бастамаларын, шығармашылық белсенділігін дамыту, қолдау 1. «Дипломмен ауылға!» облыстық автопоедзын өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД, аудан, қала әкімдері, оқу орындары 2-тоқсан 2006ж. 2-тоқсан 2007 ж. 400,0 2006 ж. - 200,0 2007 ж. - 200,0 Облыстық бюджет 2. «Ауыл жастарының даусы мен көзқарасы: «Бұл біздің қолымыздан келеді!» атты облыстық жастар сессиясын өткізу. Облыстық әкімдікке есеп ІСД, аудан, қала әкімдері, ЖҚБ 2-тоқсан 2007 ж. 400,0 2007 ж. - 400,0 Облыстық бюджет 3. «Ақмолалық студент көктемі» фестивалін өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД, жоғары оқу орындары 2-тоқсан 2006ж. 300,0 2006 ж. - 300,0 Облыстық бюджет 4. «Ақмола облысының КВН кубогы» халықаралық фестивалін өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 4-тоқсан 2006ж. 709,0 2006 ж. - 709,0 Облыстық бюджет 6. Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және инфрақұрылымын дамыту 1. Жастардың өзекті проблемаларына арналған әлеуметтік роликтер жасау Облыстық әкімдікке есеп ІСД 2006 жылдың ішінде 2007 жылдың ішінде 70,0 2006 ж. - 70,0 Облыстық бюджет 2. Облыстық теледидарда жастар бағдарламасын құру туралы мәселе жөнінде жұмыс істеу Кадрларды кәсіби дағдыларға оқыту үшін модераторлық қызмет көрсетулерді қабылдау Облыстық әкімдікке есеп ІСД 1-тоқсан 2007 ж. 1200,0 2006 ж. - 1200,0 Облыстық бюджет 3. Қазақстан жастар Конгресі шеңберінде акциялар өткізу Мониторинг, облыстық әкімдікке есеп ІСД 20 желтоқсанға дейін жыл бойы 300,0 2006 ж. - 150,0 2007 ж. - 150,0 Облыстық бюджет 4. Республикалық және халықаралық жастар ынтымақтастығын орнату және кеңейту мақсатында семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу. Облыстық әкімдікке есеп ІСД 20 желтоқсанға дейін жыл сайын 600,0 2006 ж. - 300,0 2007 ж. - 300,0 Облыстық бюджет 5. Жастардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту. Мониторинг, облыстық әкімдікке ақпарат ІСД, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері ұдайы Талап етілмейді 6. Облыстық жастар форумын өткізу Облыстық әкімдікке есеп ІСД 2-тоқсан 2007 ж. 600,0 2007 ж. - 600,0 Облыстық бюджет 2006 ж. - 6 300 000 2007 ж. - 7 950 000 Барлығы: 14 250 000 Ескерту: Бұдан өзге, Мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бюджеттерден мынадай қаржы-қаражат көзделген: - аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімдерінде жастар практикасына 2006 жылға - 24022,0 мың теңге, 2007 жылға - 25228,0 мың теңге қарастырылған. Жалпы сомасы - 49250,0 мың теңге. Дене шынықтыру және спорт басқармасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға 2006 жылы - 400,0 мың теңге, 2007 жылы - 400,0 мың теңге сомасында қаржы қарастырылған. Жалпы сомасы - 800,0 мың теңге. Барлығы - 50 050,0 мың теңге. Қысқарған сөздер:
Тармақ 1
1. ЖОО - жоғары оқу орындары
Тармақ 2
2. ІСД - ішкі саясат департаменті
Тармақ 3
3. СӨС - салауатты өмір салты
Тармақ 4
4. КМУ - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Тармақ 5
5. КТК - көңілділер мен тапқырлар клубы
Тармақ 6
6. ЖҚБ - жастардың қоғамдық бірлестіктері
Тармақ 7
7. ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
Тармақ 8
8. ҚБ - қоғамдық бірлестік
Тармақ 9
9. АООО - арнаулы орта оқу орындары
Тармақ 10
10. БЖСМ - балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі
Тармақ 11
11. ҚР - Қазақстан Республикасы
Тармақ 12
12. ТЖ - тәрбие жұмысы
Тармақ 13
13. ОСӨСҚО - облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Тармақ 14
14. ЖмС ЕЖ ОШ - жастар мен студенттердің еңбек жасақтары облыстық штабы
Тармақ 15
15. НҚА - Нормативтік құқықтық актілер