О мероприятиях по профилактике и борьбе с преступностью в Астраханском районе на 2006-2007 годы Қолданыста
Басқа 0
Астрахан ауданында қылмыс жасалудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2006-2007 жылдарға арналған іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жүргізудің 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысына, Ақмола облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 20 мамырда 3136 нөмірмен тіркелген, Ақмола облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 3С-11-7 «Ақмола облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жүргізудің 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Астрахан ауданында қылмыс жасалудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2006-2007 жылдарға арналған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Әбілдин Н.Ш. жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жариялануға жатады.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 27.02. №117
қаулысымен бекітілді
Астрахан ауданында қылмыс жасалудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2006-2007 жылдарға арналған Іс-шаралар
№
Іс-шаралар
Орындалу нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
айрылысу, ата-ана құқығынан айыру және оларға қатысты басқа жағдайларда, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алған органның кызметіне ерекше көңіл аудара отырып, кәмелетке томағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
Кәмелетке томағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның шешімі
ББ, АІІБ (келісім бойынша), ауылдық округ әкімі
Жыл сайын
2
Тәртібі нашар отбасыларындағы балалар мен АІІБ есепте тұрған жасөспірімдердің, сондай-ақ табысы аз отбасыларындағы балалардың жазғы демалыс кезінде демалуларын ұйымдастыру мақсатында, мектеп жанынан лагерлер мен алаңдар ашуға шаралар қолдану, балаларды жазғы «Дельфин» лагеріне жіберу
ақпарат
ББ, ОАА (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша)
Жыл сайын
3
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған дөңгелек үстелдер өткізуге катысу
ақпарат
ІСБ, Бб, АІІБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша)
Маусым-шілде
4
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен бақылаусыздықтары, қылмыстық және нашақорлық мәселелері туралы «Маяк» газетінде жариялауды қамтамасыз ету
Ақпараттар, мақалалар
«Маяк» газеті (келісім бойынша), ББ, АІІБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша)
Жыл бойы
5
Аудан мектептері мен № 16 КЛ үнемі «Есірткісіз өмір» атты акциялар өткізу
акциялар
ББ, ОАА (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша)
Жыл бойы
6
Тәртібі нашар және табысы аз отбасындағы кәмелетке толмаған балаларды спортпен айналысуға және мәдени-ойын-сауық іс-шараларына катысуға тарту жұмыстарын жалғастыру
ақпараттар
ББ, ДСБ, АІІБ (келісім бойынша)
Жыл бойы
7
Бұрын сотталған тұлғалардың қылмыс жасауды қайталауының алдын алу және оларды бақылау мақсатында, аудан аумағында «Надзор» атты жедел алдын алу шараларын өткізу
бұйрық
АІІБ (келісім бойынша)
Жарты жылда бір рет
8
Қылмысты, азаматтардың өтініштерін мен шағымдарын қараудың белгіленген тәртібін бұзушылықты жасыру фактілерін жою бойынша ашық және бірбеткей саясаттың жүргізілуін жалғастыру
ақпарат
Аудан прокуратурасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша), ҰҚКДАБ (келісім бойынша)
Жыл сайын
9
Халықтың жұмыспен қамтылуын, жұмыссыздарды, әсіресе жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тартуды, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды, оларды кәсіби дайындықтан және оқытудан өткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу
Аудан әкімдігінің қаулысы
Аудан әкімдігі, ЖҚӘББ
Жыл сайын
10
«Подросток», «Урок» және басқа кешенді оперативтік-профилактикалық іс-шаралар өткізу тәжірибесін жүргізу. Олардың оқудан бұлтаруларына әсерін тигізетін себептер мен шарттарды жоюға шаралар кабылдау.
Арнайы жоспарлар
ББ, АІІБ (келісім бойынша), №16 КЛ (келісім бойынша)
Жыл сайын
11
Қыздар мен әйелдерді шетелде жұмысқа орналастыру туралы және жеке тұлғалардың жарнама хабарландыруларының (ақпараттарының) заңдылығына бірлескен тексерістер жүргізу
ақпарат
Аудан прокуратурасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша), ҰҚКДАБ (келісім бойынша)
Жыл сайын
12
Ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизмнің, заңсыз көші-қонның, адамдар трафигінің, есірткі және қарудың заңсыз айнылымының алдын алу бойынша арнаулы операциялар және оперативтік-профилактикалық іс-шаралардың үнемі өткізілуін қамтамасыз ету
ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), ҰҚКДАБ (келісім бойынша)
Жыл сайын
Аббревиатуралар тізімі:
ББ - білім бөлімі
ОАА - орталық аудандық аурухана
ІСБ - ішкі саясат бөлімі
ЖҚӘББ - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ҰҚКДАБ - Ақмола облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің Атбасар аудандық бөлімі
ДСБ - ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі
ҚПАБ - Атбасар аймағы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлім (Қаржы полициясы)
КЛ - кәсіби лицей