О начальной военной подготовке, военно-патриотическом воспитании и физической подготовке молодежи в учебных заведениях в 2006-2007 годах Күшін жойған
Басқа 0
2006-2007 жылдары оқу орындарында жастардың бастапқы әскери, әскери патриоттық тәрбиесі және дене бітімдік дайындығы туралы
ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына, ҚР «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20066 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жастардың қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды игеруі және төтенше жағдайда адам өмірінің қауіпсіздік негіздерін меңгеруі мақсатымен ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006-2007 оқу жылдарында оқу орындарына бастапқы әскери дайындықты (бұдан әрі БӘД) өткізу және ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Ақмола облысы, Астрахан ауданы қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы:
Тармақша 1
1) БӘД бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды басшылыққа алуды қамтамасыз етсін, бұл үшін Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінін (бұдан әрі ҚІББ) жанынан штаттан тыс әдістемелік кеңес құрсын;
Тармақша 2
2) оқу-әдістемелік жиындардың және әдістемелік сабақтардың кестесі, оқу орындарын тексеру жоспары мен кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімінің бастығы, № 16 кәсіби техникалық лицейдің директоры:
Тармақша 1
1) оқу орындарында БӘД курсын оқытушы-ұйымдастырушы ұстаздармен толық қамтамасыз етуге қол жеткізсін. БӘД курсының оқытушы-ұйымдастырушыларын жұмыстан шығару және жұмысқа қабылдау тек ауданның ҚІББ келісімімен ғана жүзеге асырылсын. ҚІББ бірлесе отырып, бастапқы әскери дайындық курсының оқытушы-ұйымдастырушы ұстаздарын дайындау үшін кандидаттар іріктесін.
Тармақша 2
2) оқу үрдісінің дер кезінде жоспарлануын және ұйымдастырылуын, БӘД бағдарламасының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Жастардың бастапқы әскери даярлығы және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының жағдайы педагогтар кеңестерінде жылына кем дегенде бір рет қаралсын;
Тармақша 3
3) бастапқы әскери даярлықтан 10-11 сынып, № 16 кәсіби техникалық лицей оқушыларының толық өтуіне қол жеткізсін;
Тармақша 4
4) әскери-патриоттық тақырыпты бейнелейтін көрнекті үлгі бұрышы ресімделсін, қазақ халқының, батырлары мен соғыс ардагерлерінің табысы, әскери қызметтің ерлігі мен романтикасы насихатталсын «Олар Отанын қорғады», «Офицерлік-ерлердің кәсібі», «Олар Отанына мүлтіксіз қызмет етеді» атты және басқа да стендтер шығарылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы оқушы жастарға Адам өмірінің қауіпсіздік негіздерін және медико-санитарлық оқытуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері дәрігерлік-санитарлық даярлық оқытушыларын іріктеуді және дайындауды қамтамасыз етсін. Оқу орындарына оқушылармен практикалық сабақтар өткізу үшін емдеу мекемелерін бұйрықпен бекітсін және олардың дайындалуына бақылау жасасын.
Тармақ 6
6. Ауданның білім бөлімі әскерге шақыру жасындағы және оған дейінгі жастардың дене бітімдік дайындығына басшылық жасасын және бақылауға алсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалу барасын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 15
Аудан әкімінің 2006 ж. «25»
шілде №26 шешіміне қосымша
2006-2007 оқу жылына арналған оқу орындарында бастапқы әскери даярлық (БӘД) курстарын ұйымдастыру және өткізуді жақсарту бойынша негізгі іс-шаралар Жоспары
№
п/п
Іс-шаралар атауы
Орындалу мерзімі
Орындауға жауаптылар
1
2
3
4
1. БӘД бойынша басшылық
1.
1. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, дене бітімдік және БӘД жағдайына тексеру жүргізілсін:
1. № 1 Астрахан орта мектебінде
2. № 2 Астрахан орта мектебінде
3. Жарсуат орта мектебі
4. Старый Колутон орта мектебі
5. Каменка орта мектебі
6. Новочеркасск орта мектебі
7. Ұзынкөл орта мектебі
8. Есіл орта мектебі.
9. Первомай орта мектебі
кесте бойынша
ауданның білім бөлімі, ауданның ҚІББ
2.
Жастардың БӘД, әскери-патриоттық тәрбие беру және дене бітімі даярлығының жағдайын талдап және ол туралы аудан өкімін ақпараттандырып тұрсын.
оқу жылының аяғына дейін
ауданның білім бөлімі, ҚІББ
3.
Оқу орындарының БӘК курсының ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына кандидаттар іріктеу бойынша жұмыстар өткізілсін. Олар оқу жылы басталғанша БӘД окытушы-ұйымдастырушыларының біліктілігін жоғарылату курсына 5 жылда бір рет білім беру және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға, ал дәрігерлік-санитарлық дайындық оқытушылары денсаулық сақтау органдарына әдістемелік сабақтарға бағытталсын.
жоспар кесте бойынша
мектеп директорлары, білім бөлімі, ауданның ҚІББ, орталық аудандық аурухана (келісім бойынша)
4.
Оқу орындарының директорларына БӘД және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу және көмек көрсету жүзеге асырылсын.
оқу жылының аяғына дейін
аудандық білім бөлімі, ҚІББ
5.
2006-2007 оқу жылындағы БӘД жұмыстарын қорытындылау өткізілсін. Жоғарғы органдарға өткен оқу жылындағы жастардың БӘД жағдайы туралы қорытынды баяндама берілсін.
маусым 2007 ж.
аудандық білім бөлімі, ауданның ҚІББ, аудан өкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
2. Оқу-материалдық базаларының құрылуы және жетілдірілуі
1.
Оқу орындарына оқу-материалдық базалары құрылып тұрақты түрде жетілдірілсін:
БӘД кабинеті (сыныбы);
БӘД, АҚН, азаматтық қорғаныс бойынша арнаулы мүліктерді сақтау кабинеті;
сапта жүруге дайындық сабақтарын өткізу үшін алаң;
күндізгі кезекшінің міндетін практикалық оқу үшін орын;
дене шынықтыру сабақтары үшін орын;
1.12.2006 ж.
1.02.2007 ж.
1.10.2006 ж.
1.11.2006 ж.
1.11.2007 ж.
Оқу орындарының директорлары,ауданның білім бөлімінің бастығы
2.
Оқу орындарының арасында БӘД, әскери-патриоттық тәрбие және дене бітімдік даярлау жұмыстарының оқу-материалдық базасының ең жақсысы деген байқау-конкурс өткізілсін.
1.05.2007 ж.
аудандық білім бөлімі, ауданның ҚІББ
3. Оқу-әдістемелік жұмыстар
1.
Бастапқа әскери дайындық бойынша ең жақсы ұйымдастырушы оқытушылардың жағымды жұмыс тәжірибелерін қорытындыласын және таратсын.
оқу жылының аяғына дейін
аудандық білім бөлімі
2.
БӘД бойынша штаттан тыс әдістемелік кеңестің мәжілісі өткізілсін.
01.12.2006 ж. - 20.04.2007 ж.
ауданның ҚІББ
3.
Жоспарланып өткізілсін:
1) БӘД ұйымдастырушы оқытушыларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар
2) бастапқы әскери дайындық курсының оқытушыларымен ай сайын 1 күндік сабақтар;
3) 3 күндік оқу-әдістемелік жиындар;
сәуір 2007 жыл
оқу жылының аяғына дейін
қырқүйек 2006 жыл
ауданның ҚІББ, аудандық білім бөлімі
4.
Әскерге шақырылатын және шақырылу жасындағы жастардың БӘД курсының оқытушыларымен дене бітімдік даярлығын жақсарту мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар дайындалсын және өткізілсін.
2007ж. 1.01. дейін
аудандық білім бөлімі
4. Жастардың әскери-патриоттық және бітімдік даярлығы.
1.
Әскерге шақырылушылардың Ұлы Отан Соғысының ардагерлерімен кездесуін, ҰОС қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюды ұйымдастыру.
7-9 мамыр 2007 ж.
ҚІББ, ауылдық округ әкімдері
2.
Аудан мектептерінде оқушылардың ҚР Қарулы Күштерінің үздік жауынгерлерімен, әскери училищелердің курсанттары мен бітіруші офицерлерімен кездесулерін, әңгімелерін тыңдауды ұйымдастыру.
қазан 2006 ж., ақпан, мамыр 2007 ж.
ауданның ҚІББ, оқу орындарының директорлары
3.
Аудан мектептерінде бастапқы әскери даярлық курсының мамыр 2007 ж. аяқталуына арналған әскери-спорт мерекесі өткізілсін.
мамыр 2007 ж.
білім бөлімі, оқу орындарының директорлары
4.
Әр оқу орнында әскери-патриоттық үйірмелер ұйымдастырылсын.
1.10.2006 ж.
оқу орындарының директорлары
5.
Әскерге шақырылушы жастар арасында әскери-қол өнері спорт түлері бойынша аудандық спартакиадалар ұйымдастырылып, өткізілсін.
2007 ж. мамыр
ауданның білім бөлімі, ауданның ҚІББ
6.
Оқу орындарының директорлары. БӘД курсының оқытушылар 1 мен әскери училищеге кандидаттар іріктеу мәселелері бойынша кеңес өткізілсін.
1.04.2007 ж.
ауданның білім бөлімі, ауданның ҚІББ
7.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің және басқа мемлекеттердің жоғарғы әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу үшін аудан мектептерін аралап, оқушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілсін.
кесте бойынша
ауданның ҚІББ
8.
Оқу орындарына оқушы жастардың бастапқы әскери даярлығы және әскери-патриоттық тәрбиесі бағдарламасының одан да сапалы орындалуы үшін бұйрықтар, құжаттар, әдістемелік материалдар үлгілерін әзірлеп жіберсін.
жыл аяғына дейін
ауданның білім бөлімі, ауданның ҚІББ
Ескерту:
ҚІББ - қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім
НВП - бастапқы әскери дайындық
АҚН - адам өмірінің қауіпсіздігі негіздері