Қолданыстағы ред. 18.07.2006

Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы от 18.07.2006 г. № 92 (Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы)

0

Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы №148-11 заңына сәйкес, аудандық бюджет саласындағы тұрғын үй шаруашылығы объектілерін, кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006-2007 жылдары күзгі - қысқы кезеңге дер кезінде және сапалы дайындау, жылу беру көздерін су құбырлары мен канализация жүйелерін жөндеп, қалпына келтіру жұмыстарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына:

1

1) коммуналдық шаруашылық, бюджеттік сала нысандарының 2005-2006 жылдары күзгі - қысқы кезеңдегі жұмысының нәтижесі талдансын. Әкімдіктердің отырыстарын, мәжілістер өткізу қорытындысы бойынша жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кестесі, шаралар әзірленіп, бекітілсін. Қысқы дайындық жұмыстарының басталуы 2006 жылдың 20-сәуірінен басталып, аяқтау мерзімі болып 2006 жылдың 1-қырқүйекгі белгіленсін.

2

2) жылу беру көздерін , су құбырлары мен канализация жүйелерін, тұрғын - үй қорын қысқы кезеңде пайдалануға әзірлеу бойынша бекітілген шаралардың орындалу барысын бақылау жөнінде селолық округтер әкімдері жанынан комиссиялар мен штабтар құрылсын. Объектілерді жылу қуатын паспорттар рәсімделуі ерекше бақылауға алсын.

3

3) бекітілген аудандық іс - шараларға сәйкес барлық қыс алдындағы жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде және толық қаржыландырылсын;

4

4) тұтынылған электр, жылу қуаты, су үшін жинақталған борышты және сұйық отын үшін толық есеп айырысу бойынша нақты шаралар қолданылсын;

5

5) шілде - тамыз айлары ішінде қысқы кезеңге отынды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізсін, жеңімпаздарды анықтап, отынды сатып алуға қаржы бөлінсін. Қатты және сұйық отын жеткізушілерді таңдау кезінде әділдікті сақтасын.

2

2. Ауыл әкімдері, білім бөлімі,дене тәрбиесі мәдениеті және спорт бөлімі, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары:

1

1) 2006 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін бюджеттік сала нысандарының жылу беру көздерінде барлық іске қосу - түзету жұмыстарын аяқтау, жылу жүйелерін жуу, сынақтан өткізу, құбырларды қымтау жұмыстарын қамтамасыз етсін;

2

2) 2006 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін жылу көздерінде қатты және сұйық отынның үш айлық қоры болуын және 2006 - 2007 жылдары жылу беру кезеңі аяқталуына дейін одан әрі жинақталуын қамтамасыз етсін

3

3. Ауыл әкімдері,білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім, төтенше жағдайлар бойынша бас маман (келісім бойынша);

1

1) 2006 жылғы 1-ші қыркүйекке дейін қысыммен істейтін қазандықтарды жұмыс атқаратын техперсоналдарды қауіпсіз жұмыс әдістеріне үйретуді тексеру, жұмыс орындарында тиісті құжатнаманың болуын ұйымдастырсын;

2

2) 2006 жылғы 1-ші қыркүйекке дейін қандай меншік түріне жататындығына қарамастан жылу беру көздерінде қазандық жабдықтарын құжаттандыру, зерттеу, тексеру жасасын. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар әзірленсін

4

4. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006 - 2007 жылғы күзгі қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс - шаралар мен бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006 - 2007 жылғы күзгі қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау іс-шараларының орындауын бақылау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы бекітілсін (1, 2, 3- ші қосымша).

5

5. Ауыл әкімдері әр айдың 10-на дейін аудан әкімінің аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

6

6. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдардың 2005-2006 жылдары күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау туралы.Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 5 тамыз айындағы №53 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

8

8. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден еткен сәттен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

18. Кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңге жұмыс істеуге дайындау іс-шараларының орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы:

Аудан әкімдігінің
«18» шілде 2006 ж.
№ 92 қаулысына
1-ші қосымша
Кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңге жұмыс істеуге дайындау іс-шараларының орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы:
Аққожина Сағдат Қарабекқызы - Комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары.
Кәрібаев Сүйіндік Аманкелдіұлы - Комиссия төрайымының орынбасары тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және көлік жолдары бөлімінің бастығы

1

1. Ахметов С.А. - Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.

2

2. Аужанов А.А. - Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы.

3

3. Ахатова Б.А. - Аудандық білім бөлімінің бастығы. (келісім бойынша)

4

4. Бекбосынов Ә.Ш. - МД СЭБ бөлімінің бастығы. (келісім бойынша)

5

5. Мамбин Е.Х. - Қоршаған ортаны қорғау басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік инспекторы. (келісім бойынша)

6

6. Бейсембеков В.З. - Аудандық электр желілері мекемесінің бастығы. (келісім бойынша)

7

7. Симчук А.А. - «Қазахавтожол» филиалының ДЭП-2 аға мастері. (келісім бойынша)

8

8. Мырзагельдиев А.А - АШМ аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)

9

9. Э.Хамитов С.Х. - Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығы.

10

10. Мұхаметжанов Қ.А. - «Өрлеу» МКК директоры. (келісім бойынша)

11

11. Ғали А.Қ. - Ішкі істер бөлімінің бастығы. (келісім бойынша)

12

12. Баешев Н.А. - Қорғалжын ауданы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы. (келісім бойынша)

13

13. Үсенов А.О. - Аудандық орталық аурухананың басдәрігері (келісім бойынша).

32. Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс-шаралар

Аудан әкімдігінің
«18» шілде 2006 ж.
№ 92 қаулысына 2-ші
қосымша
Бюджеттік сала нысандарын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын 2006-2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс-шаралар

Іс шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
орындаушылар
жауаптылар
І.Электр жылу энергетика нысандары
1.
Аудан орталығында және ауылдарда жеке қазандықтардың негізгі технологиялық жабдықтарын жөндеу
20.08.2006ж. дейін
Мекеме басшылары
Ауыл әкімдері
2.
Ауылдарда жылу, су, канализация жүйелерін ағымды және күрделі жөндеу
2006ж. мамыр- тамыз айларындағы жұмыс жоспары бойынша
Мекеме басшылары, «Өрлеу» МКК,НТСҚ МКК
Ауыл әкімдері
3.
0,4-110 кв кабельдік электр желілеріне трансформаторларға, подстанцияларға және КТП-ға ағымды орташа және күрделі жөндеу
01.09.06ж. жұмыс жоспары бойынша
Қорғалжын электр жүйелері
Ауыл әкімдері
4.
Жылу жүйелерінің жылу изоляциясын қалпына келтіру
01.09.06ж. жұмыс жоспары бойынша
Мекеме басшылары
Ауыл әкімдері
5.
Аудан орталығындағы, елді мекендердегі барлық қазандықтарға үш айлық қатты және сұйық отын қорларының сатып алынып, әкелінуін қамтамасыз ету.
01.09.2006ж. дейін жоспары бойынша
Мекеме басшылары
Ауыл әкімдері, аудан мекемелері басшылары
6.
Орталық энергия жүйесінен ағытып тастаған жағдайда қолдану үшін қазандықтарды автономиялық энергиямен қамтамасыз ету көздерінен (резервтік және дизельдік электр станцияларымен) және қажетті жанар май қорымен қамтамасыз ету
01.09.2006ж. дейін
Мекеме басшылары
Ауыл әкімдері, аудан мекемелері басшылары
7.
Тұрғын үй қорын, мәдени-әлеуметтік сала, байланыс және сауда нысандарының, мекемелер, әкімшілік ғимараттары комиссия арқылы тексеріліп, оларға аудан орталығы мен елді мекендердің жылу жүйелеріне қосылуға дайын екендігін растайтын құжаттар берілуін ұйымдастыру.
01,09.2006ж. дейін
Мекеме және шаруашылық басшылары
Ауыл әкімдері, мекеме басшылары
2.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары
8.
Үйлердің ішкі жылу жүйелерін жуып тазалау, су құбырлары мен канализация және басқа да сулардан құрғату, үйлердің шатырларын жүйелерін жөндеу, подвалдарды жер асты подъездерін, жылу жүйелерін жөндеу
Кәсіпорындардың жұмыс жоспары бойынша 01.09.2006ж. дейін
Коммуналдық шаруашылық, «Өрлеу»МКК «Нұра» топтық су құбыры МКК
Ауыл әкімдері
9.
Суық су есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыстарды жалғастыру
01,09.2006ж. дейін
Коммуналдық кәсіпорын басшылары
Ауыл әкімдері
10.
Канализация жүйелерін тексеру кесте бойынша
01.09.2006ж. дейін
Өрлеу» МКК
Қорғалжын ауылдық округі әкімі
11.
Мекемелердің тұтынылған су, канализация қызметі, қоқыс шығарып төгу үшін ақы төленуін бақылауды жүзеге асыру
Ұдайы
Коммуналдық шаруашылық, «Өрлеу»МКК «Нұра» топтық су құбыры МКК
Ауыл әкімдері
12.
Коммуналдық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, әсіресе, қар тазалау техникаларын алу мәселелері бойынша жағдайлар жасау Тұрғын үй коммуналдық мекемелерін дамыту мен нығайту бағдарламасы орындалуына сараптама жасау
Ұдайы
Коммуналдық шаруашылық, «Өрлеу»МКК «Нұра» топтық су құбыры МКК
Ауыл әкімдері
13.
Ауданға жасалған келісімдерге сәйкес қатты және сұйық отынның алдыңғы кезекте жеткізілуін жүзеге асыру, жылжымалы құрылымдардың нормадан тыс тоқтап тұруларын қысқарту
Ұдайы
Мекеме басшылары
Ауыл әкімдері
3.Кәсіпорындар және ауыл ұйымдарының нысандары
14.
Жылу көздері,су құбырлары жүйелеріне күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Электр жылу, сумен қамтамасыз ету нысандарының сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
01.09.2006 дейін
Шаруашылық басшылары
Ауыл әкімдері
15.
Негізгі өндірістің нысандарына резервтік дизельдік электр станциялар сатып алынып, қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ету.
01.09.2006 дейін
Шаруашылық басшылары
Ауыл әкімдері, Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі
16
Қатты және сұйық отын сатып алуға келісім шарт жасау
01,09.2006ж. дейін
Шаруашылық басшылары
Ауыл әкімдері, Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі
17
Шаруашылықтардағы автожолдарды қысқы кезеңде күтіп Қыс бойы ұстауды ұйымдастыру және дайындау, оларды қыс бойы автотранспорттардың тұрақты жүруін қамтамасыз ету
01,09.2006ж. дейін
Шаруашылық басшылары
Ауыл әкімдері, Ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі
4.Білім, денсаулық сақтау, спорт, халықты әлеуметтік қорғау нысандары
18.
Мектеп, лицей, бала бақша, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына, спорт зал және тағы басқа ғимараттарда ағымды және күрделі жөндеу жүргізу, олардың жергілікті жылу көздерінен жылу қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету жылу көздерінен жылу қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету
20.08.2006 ж. дейін
Мекеме басшылары
Ауыл әкімдері
19.
Аудандық мекемелердің жанынан-әлеуметтік сала нысандарын қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындалу бойынша және олардың жылыту кезеңінен қиналмай өтуін бақылау жөніндегі арнайы комиссия құру. Ай сайын аудан әкімдігіне нәтижесі туралы ақпарат тапсырып отыру.
Күзгі-қысқы кезең
Бөлім басшылары
Ауыл әкімдері, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласы
20.
Бюджеттік мекемелерге отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі аудандық комиссиялардың отырысын өткізу, оларды сатып алу және орындарына жеткізілуін қамтамасыз ету. Белгіленген уақытта үш айлық қатты және сұйық отын қоры дайындалуын ұйымдастыру
01.09.2006ж. дейін
Бюджеттік мекеме басшылары
Ауыл әкімдері

33. Кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңге жұмыс істеуге дайындау іс-шараларының орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссиясы құрамының КЕЛІСІМІ

Аудан әкімдігінің
«18» шілде 2006 ж.
№ 92 қаулысына
3-ші қосымша
Кәсіпорындар мен ұйымдарды 2006 - 2007 жылдары күзгі-қысқы кезеңге жұмыс істеуге дайындау іс-шараларының орындалуын бақылау жөніндегі аудандық комиссиясы құрамының КЕЛІСІМІ

1

1. Ахатова Б.А Аудандық білім бөлімінің бастығы (келісім бойынша).

2

2. Бекбосынов Ә.Ш. МД СЭБ бөлімінің бастығы (келісім бойынша).

3

3. Мамбин Е.Х. - Қоршаған ортаны қорғау басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша).

4

4. Бейсембеков Б.З. - аудандық электр желілері мекемесінің бастығы (келісім бойынша).

5

5. Симчук А.А. - «Қазахавтожол» филиалының ДЭП-2 аға мастері. (келісім бойынша).

6

6. Мырзагельдиев А.А - АШМ аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша).

7

7. Баешев Н.А. - Қорғалжын ауданы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы. (келісім бойынша).

8

8. Мұхаметжанов Қ.А. - «Өрлеу» МКК директоры. (келісім бойынша).

9

9. Ғали А.Қ. - Ішкі істер бөлімінің бастығы. (келісім бойынша).

10

10. Үсенов А.О. - Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша).