О ходе подготовки объектов жилищного, культурного и административно-хозяйственного назначения района к работе в зимних условиях 2006-2007 годов Қолданыста
Басқа 0
Ауданның тұрмыстық, мәдениет және әкімшілік шаруашылық маңызындағы объектілерінің 2006-2007 жылдардағы қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындығы туралы
Ауданның тұрмыстық, мәдениет және әкімшілік шаруашылық маңызындағы объектілерінің 2006 - 2007 жылдардағы қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы ауыл және кенттер округі әкімдері және аудан ұйымдарының басшылары іс-шараларды әзірледі. Осыған келісті 27 қазандық, 16 көп пәтерлі тұрғын үйлер орталық жылу жүйелерімен, 39 білім объектілері, 4,5 км жылу және 61 км су және арнау құбырларының жүйелері, 2 арнау құбыр насос станциясы, 2 тазартқыш иммараттар, 15 су тартқыш скважиналар дайындалуы қажет. 2006-2007 жылдары отынның қажеттігін аудан бюджет ұйымдары аудандық бюджеттен қаржыландыруы анықталды, көмір- 3575,7 тонна, сұйық отын - 85170 литр.
Кәзіргі уақытта 12 қазандық, 23 білім объектілері, 12 км су қүбыр жүйелері, 7 су тартқыш скважиналары жылыту мерзіміне дайын. 2006 жылғы 12 шілдедегі аудандық маслихатың XVII сессиясында қаражаттың бөлуі бойынша қысқы мерзіміне дайындау маңызды жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз - қыркүйек айларында жасалады.
Ауданның түрмыстық, мәдени және әкімшілік шаруашылық маңыздағы объектілерін 2006-2007 жылдардагы қыс жағдайындагы жұмысқа дер кезінде және сапалы дайындау мақсатында және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне, аудан ұйымдарының басшыларына:
Тармақша 1
1) 2006-2007 жылдардағы қысқы кезеңіндегі жұмысқа бюджеттік объектілерін дайындау жөнінде іс-шараларды іске асыру бойынша нақты шаралар колдансын;
Тармақша 2
2) жұма сайын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне орындалған жұмыстар туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 2
2. Ұлан ауданының қаржы бөлімі (Н.Б. Тусубжанова), Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Нугманов С.Б.) қаржы бөлуді карастырсын:
Тармақша 1
1) Молодежный кентіндегі «Аленушка» бала бақшаның бекіту арматураларының, суық су жабдықтау жүйелерін жөндеу, жылыту радиаторларын ауыстыру үшін 231 мың теңге сомма;
Тармақша 2
2) мәдени ұйымдарға отынды сатып алу үшін 607,15 мың теңге сомма;
Тармақша 3
3) білім беру объектілеріне электроэнергияга төлеу үшін - 1164 мың.теңге.
Тармақ 3
3. Ұлан ауданының білім бөлімі (Н.А. Абдуллина) қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) білім беру объектілерін уақытында жөндеу және жаңа оку жылына дайындау;
Тармақша 2
2) Васильевка ауылының Ломоносов атындағы мектебіне электрқазандыкты құру.
Тармақ 4
4. Ұлан ауданының түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Г.Н.Калиева) объектілерді 2006-2007 жылдардағы қыс кезеңіндегі жұмысқа әзірлеу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тиісті бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Молодежный кентінің әкімі (Д.М. Мусин), аудандық ұйымдар басшылары пайдаланған коммуналды қызмет үшін қарыздарын өтеу бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 1426 «Ауданның тұрғын үй, мәдениет және әкімшілік шаруашылық маңызындағы объектілерінің 2004 - 2005 жылдардағы жылыту кезеңіндегі жұмысының қорытындылары мен 2005-2006 жылдардың қысқы мерзіміне дайындау бойынша міндеттері туралы» қауылысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.З. Ахановқа жүктелсін.