О начальной военной подготовке, военно-патриотическом воспитании, физической подготовке молодежи в учебных заведениях, учебных пунктах и оборонно-спортивных лагерях района в 2006-2007 учебном году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006-2007 оқу жылында ауданның оқу орындарында, оқу пункттері мен қорғаныс-спорттық денсаулықты нығайту лагерлеріндегі алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық тәрбие және денешынықтыру дайындығы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес,аудан жастарының әскери дайындығының сапасын көтеру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006-2007 оқу жылында ауданның оқу орындарында,оқу пункттерінде, спорттық денсаулық нығайту лагерлерінде алғашқы әскери дайындық, әскери патриоттық тәрбие және денешынықтыру дайындығының сапасын тексеру мақсатында аудандық комиссия № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Тексерулер № 2 қосымшадағы кестеге сәйкес іске асырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық білім және спорт бөлімі, Ерейментау аудандық орталық аурухана (келісім бойынша), төтенше жағдайлар қызметті, қалалық және селолық округтар әкімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысының орындалуын қадағалауға арналған шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Аудандық білім беру бөлімі «Алғашқы әскери дайындықты» міндетті пән деп есептеп, «Өмірдің қауіпсіздігінің негіздері» курсымен қоссын, сондықтан:
Тармақша 1
1) Ауданның оқу орындары алғашқы әскери дайындық пәндері мамандарымен толықтырсын.
Тармақша 2
2) Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 кластарында, кәсіптік-техникалық лицейдің 1-3 курс оқушыларына алғашқы әскери дайындық толығымен оқытылсын және осы оқу орындарының оқушылары толықтай далалық-оқу жиындарына тартылсын.
Тармақша 3
3) Ауданның оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтың оқу- материалдық базасы жинақталсын.
Тармақша 4
4) Барлық оқу орындарында әскери-патриоттық тәрбие бойынша үгіт- насихат жұмыстары жүргізілсін.
Тармақша 5
5) Қорғаныс-спорттық денсаулық нығайту лагерлерін ашуға.оның материалдық-техникалық қамсыздандырылуын және қорғаныс-спорттық лагерді қаржыландыру шаралары іске асырылсын.
Тармақша 6
6) Жасөспірімдердің денешынықтыру дайындығың өткізуге,спорт түрлері бойынша нұсқаушыларды іріктеуге көмек көрсетсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісім бойынша оқу орындарындағы оқу-әдістемелік жұмыстарға басшылық етіп, 2006-2007 оқу жылдарындағы жұмыстарына көмек көрсетсін.
Тармақ 6
6. Ауданның төтенше жағдайлар қызметі келісім бойынша аудан жастарын өмірдің қауіпсіздік негіздеріне үйретуге көмек көрсетіп бақылау жасасын.
Тармақ 7
7. Ерейментау аудандық орталық аурухана (келісім бойынша) оқушыларға дәрігерлік-санитарлық дайындық сабақтарын өткізуге көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. «2005-2006 оқу жылында ауданның оқу орындарында, оқу пункттері мен қорғаныс-спорттық денсаулықты нығайту лагерлеріндегі алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық тәрбие және денешынықтыру дайындығы туралы” 2005 жылдың 17 тамызыңца № а-8/320 Ерейментау ауданының әкімдігінің қаулы, 2005 жылдың 7 қыркүйекте Ерейментау ауданының әділет Басқармасында № 1-9-30 тіркелген күші жойылған деп саналсын, 2005 жылғы 21.09. № 111 «Ерейментау» газетінде жарияланған.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Ақмола облысы Ерейментау ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден еткеннен кейін күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімнің орынбасары Дүйсембаева Сара Нүрпейісқызына жүктелсін.
Басқа 17. Комиссия мүшелері;
Аудандық әкімдігінің 2006 жылғы «17» тамыз № а-9/216 қаулысына 1 қосымша Ауданның оқу орындарында, оқу пункттерінде және қорғаныс-спорттық денсаулық нығайту лагерлерінде 2006-2007 оқу жылында алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық тәрбие, денешынықтыру дайындық сапасын тексеретін комиссияның ҚҰРАМЫ; Сара Нұрпейісқызы Дүйсембаева - аудан әкімінің орынбасары (комиссия төрайымы) Виктор Михайлович Снежко - келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және әскер қатарына шақырылушыларды тіркеу бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) Комиссия мүшелері; Рымтай Альмуратқызы Жахина - аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық жөнінен әдіскері Виктор Петрович Рябуха - аудандық білім және спорт бөлімі бастығының орынбасары Бақытжан Мырзағалиұлы Мейірманов - Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаменті Ерейментау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша) Төлеген Ажибайұлы Абдин - төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман
Басқа 18
Аудандық әкімдігінің 2006 жылғы «17» тамыз № а-9/216 қаулысына 2 қосымша 2006-2007 оқу жылында ауданның оқу орындарында, оқу пункттерінде және қорғаныс-спорттық денсаулықты нығайту лагерлеріндегі өткізілетін алғашқы әскери дайындық, әскери патриоттық тәрбие, денешынықтыру дайындығының сапасын тексеру КЕСТЕСІ Рет. № Аудан, қала орта мектептерінің атаулары Кешендік тексерулер Жеке тексерулер Орындаушылар 1 №1-ші орта мектеп 2006 жыл 12 қыркүйек Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 2 №3-ші орта мектеп 2006 жыл 13 қыркүйек 2006 жыл қараша Комиссия 3 №2-ші мектеп-лицей 2006 жыл 14 қыркүйек Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 4 Бегенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі 2006 жыл 15 қыркүйек Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 5 18-ші кәсіптік - техникалық лицей 2006 жыл 18 қыркүйек Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 6 Благодат орта мектебі 2007 жыл 1 ақпан 2007 жыл қаңтар Комиссия 7 Бозтал орта мектебі 2007 жыл 2 ақпан Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 8 Өлеңті орта мектебі 2007 жыл 5 ақпан Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлім 9 Қойтас орта мектебі 2007 жыл 6 ақпан 2007 жыл ақпан Комиссия 10 Күншалған орта мектебі 2007 жыл 1 наурыз Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 11 Сілеті орта мектебі 2007 жыл 2 наурыз Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 12 Торғай орта мектебі 2007 жыл 5 наурыз 2007 жыл сәуір Комиссия 13 Новодолинка орта мектебі 2007 жыл 6 наурыз Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 14 Новомарковка орта мектебі 2007 жыл 14 наурыз 2007 жыл наурыз Комиссия 15 Изобильный орта мектебі 2006 жыл 15 наурыз Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 16 Бестоғай орта мектебі 2007 жыл 5 қыркүйек 2007 жыл қыркүйек Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 17 Звенигородка орта мектебі 2007 жыл 6 қыркүйек Ерейментау ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімі (келісім бойынша) 18 Павловка орта мектебі 2007 жыл 7 қыркүйек 2007 жыл қазан Комиссия