О начальной военной подготовке, военно-патриотическом воспитании, физической подготовке молодежи в учебных заведениях Успенского района на 2006 – 2007 учебный год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 – 2007 оқу жылдарында Успен ауданының оқу орындарында жастардың әскери-партиоттық тәрбиесі, бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасының «Жалпығы бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 11 бабы, 1 тармағына сәйкес, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі, бастапқы әскери даярлау сапасын көтеру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 – 2007 оқу жылдарында бастапқы әскери даярлау сапасын, жастардың оқу орындарындағы және ауданның қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде әскери-патриоттық дайындығының сапасын тексеру жөнінде 1 қосымшаға сәйкес аудандық комиссия құрылсын (бұдан әрі - комиссия).
Тармақ 2
2. Ауданның оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтың жайын тексеру кестесі бекітілсін (бұдан әрі - кесте) (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия кестеге сәйкес ауданның оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтың жайын тексеруді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Успен ауданының «Білім беру бөлімі», Успен ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелері, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша), ауыл және ауылдық округ әкімдері, Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының «Жалпығы бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының орындауға тиісті шара қабылдасын.
Тармақ 5
5. Успен ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы:
Тармақша 1
1) ауданының оқу орындарын бастапқы әскери даярлау мұғалімдері-ұйымдастырушылар лауазымдармен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) жалпы білім беру мектептерінің 10-11 оқушыларының бастапқы әскери дайындыққа толық қатысуын, кейіннен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде оқу-далалық жиынға тартылуын қамтамасыз ететін болсын;
Тармақша 3
3) ауданның білім беру мекемелерінде бастапқы әскери даярлаудың оқыту-материалдық базасы толықтырылсын, әскери-патриоттық тақырып бойыншы көрнекті үгіт құралдарын ресімделсін;
Тармақ 6
6. Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» бастығы (келісім бойынша) ауданның қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде және оқу орындарында жастардың дайын-дығы, әскери-патриоттық тәрбие, бастапқы әскери даярлау бойынша басшылықты оқу әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) медициналық-санитарлық дайындық жөніндегі жұмысына әдістемелік көмек көрсететін болсын.
Тармақ 8
8. Успен ауданының «Дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жастардың дайындығы жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын болсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін. Келісілді: Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Шамкенов 29 тамыз 2006 ж Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорының бас дәрігері Р. Ибраева 29 тамыз 2006 ж
Басқа 13. Успен ауданында 2006 – 2007 оқу жылында аудаанның қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде және оқу орындарында жастардың дайындығы, әскери-патриоттық тәрбие, бастапқы әскери даярлау сапасын тексеру жөніндегі аудандық комиссияның
Успен ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «1» қыркүйек «2006 – 2007 оқу жылында Успен ауданының оқу орындарында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі, бастапқы әскери дайындығы туралы» № 303/9 қаулысына 1 қосымша Успен ауданында 2006 – 2007 оқу жылында аудаанның қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде және оқу орындарында жастардың дайындығы, әскери-патриоттық тәрбие, бастапқы әскери даярлау сапасын тексеру жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ Шамкенов Нұрболат Ахметбекұлы – Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мелекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша), комиссия төрағасы Селянин Вячеслав Арсеньевич – Успен ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Сабабаев Нұрлан Бағданұлы – Успен ауданының «Дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Әбитова Сәдира Тақауқызы – Успен ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Ибраева Раиса Байнатқызы – Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша)
Басқа 14. Ауданның оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтын жайын тексеру кестесі
Успен ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «1» қыркүйек «2006 – 2007 оқу жылында Успен ауданының оқу орындарында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі, бастапқы әскери дайындығы туралы» № 303/9 қаулысына 2 қосымша Ауданның оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтын жайын тексеру кестесі р/с Оқу ор­ны­ның ата­уы 2006 жыл 2007 жыл қыр­күй­ек қа­ра­ша қа­зан жел­тоқ­сан қан­тар ақ­пан на­урыз сәуір ма­мыр 1. № 1 Успен жалпы орта білім беру мектебі Х 2. № 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі Х 3. № 3 Успен жалпы орта білім беру мектебі Х 4. Константинов жалпы орта білім беру мектебі Х 5. Таволжан жалпы орта білім беру мектебі Х 6. Надаров жалпы орта білім беру мектебі Х 7. Вознесен жалпы орта білім беру мектебі Х 8. Новопокров жалпы орта білім беру мектебі Х 9. Галицк жалпы орта білім беру мектебі Х 10. Павлов жалпы орта білім беру мектебі Х 11. Тимирязев жалпы орта білім беру мектебі Х 12. Ольгин жалпы орта білім беру мектебі Х 13. Белоусов жалпы орта білім беру мектебі Х 14. Лозов жалпы орта білім беру мектебі Х 15. Богатырь жалпы орта білім беру мектебі Х 16. Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебі Х 17. Ковалев жалпы орта білім беру мектебі Х 18. Қаратай жалпы орта білім беру мектебі Х 19. № 25 Успен кәсіптік мектебі Х