Тарбағатай ауданының әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарының 2006-2007 оқу жылындағы бастапқы әскери дайындығы туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданының әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарының 2006-2007 оқу жылындағы бастапқы әскери дайындығы туралы «Бастапқы әскери даярлық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 Қаулысына сәйкес 2006-2007 жылында аудандық оқу орындарында бастапқы әскери даярлық пәні ( бұдан былай БӘД) бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылды. Аудандық оқу орындарындағы БӘД жай-күйін тексерулер жергілікті жерлердегі атқарушы органдар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, білім беру және денсаулық сақтау орындарының басшылары материалдық базаны қалпына келтіру, оқу орындарының әзірлігі бар және тәжірибелі оқытушы - ұйымдастырушылармен толықтыру жөнінде көптеген шаралар орындады. БӘД бойынша сабақтар бекітілген бағдарлама мен тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргізілді. «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысын толық орындау, БӘД, әскери патриоттық және дене тәрбиесін, жастардың әскери қызметке моральдық, психологиялық даярлығын ұйымдастыру жұмысын жақсарту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарын жастармен толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 29 бабының 1 тармағының 11 тармақшасына және 37 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2006-2007 оқу жылына арналған іс - шаралар жоспары бекітілсін. (№1 қосымша)
Тармақ 2
2. Аудан мектептеріндегі БӘД , әскери патриоттық тәрбиесі мен дене шынықтыру жағдайын үйлестіру жөніндегі комиссия құрылсын. (№ 2 қосымша )
Тармақ 3
3. Аудандық білім беру орындарында бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2006-2007 оқу жылына арналған іс шаралар жоспарын және қорғаныс - спорт сауықтыру лагерлерінде БӘД, әскери патриоттық және дене тәрбиесінің жағдайын тексеру кестесін жасау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Қарабиевке, білім беру бөлімінің бастығы Қ. Бейілғожинге тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық білім беру бөлімінің бастығы Қ. Бейілғожинге, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Қарабиевке:
Тармақша 1
1) Аудан мектептерінде бастапқы әскери даярлықты штатқа сәйкес БӘД оқытушы - ұйымдастырушылары жүргізсін. Оқытушы - ұйымдастырушы лауазымдарына кәсіби жағынан даярлығы бар, дәстүр бойынша Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет еткен запастағы офицерлерді тағайындау;
Тармақша 2
2) БӘД материалдық базасын қалпына келтіру жөніндегі жұмысты аяқтау;
Тармақша 3
3) Әрбір оқу орнында әскери патриоттық тақырыпты, Қазақстан Республикасы халқының жауынгерлік дәстүрлерін, әскери қызметтегі ер жүректілік пен романтиканы бейнелейтін көрнекті үгітпен безендіру;
Тармақша 4
4) БӘД жөніндегі оқу - әдістемелік жұмысына басшылықты қамтамасыз етіп өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету;
Тармақша 5
5) Лагерлік жиындарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқу орындарының бастықтарымен өткізілетін үш күндік әдістемелік жиындардың, ай сайынғы бір күндік нұсқаулық - әдістемелік сабақтардың сапасын жақсарту;
Тармақша 6
6) Төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссия төтенше жағдайлар кезінде тіршілік қауіпсіздігі қызметінің негіздерін оқытуды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдансын, білім беру органдарын оқу- әдістемелік әдебиетпен, плакаттарымен және көрнекті құралдармен қамтамасыз етуге көмек көрсету тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық аурухананың бас дәрігері Д.Итбаевқа :
Тармақша 1
1) Медициналық - санитарлық даярлық оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Оқу орындарына емдеу мекемелерін бекіту, ұл балалар лагерлік жиындарды өткен кезенде қыз балаларды медициналық мекемелерде практикадан өткізуде мүмкіндік жасау;
Тармақша 3
3) Қорғаныс - спорт сауықтыру лагерінде жиындар өтетін кезеңде медициналық көмектер көрсету және олардың жұмысын қамтамасыз ету тапсырылсын
Тармақ 6
6. Оқу жылы ішінде және лагерлік жиындар өткізу кезінде білім, денсаулық сақтау және мәдениет министірлігінің, Қорғаныс Министірлігі мен төтенше жағдай жөніндегі комитеттің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі 490, 166, 190, бірлескен бұйрығымен бекітілген сабақтар бағдарламасының орындалуына қатаң бақылау жасалсын.
Тармақ 7
7. Аудан әкімінің 2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 671 шешімінің күші жойылсын .
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа тапсырылсын. Келісілді: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Қарабиев Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Д.Итбаев