О начальной военной подготовке, военно-патриотическом воспитании и физической подготовке молодежи в учебных заведениях и оборонно - спортивных лагерях в 2006 - 2007 годах Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 - 2007 жылдарындағы оку орындары мен қорғаныс-спорттық лагерлерінде жастардың алғашқы әскери даярлығы, әскери - патриоттық тәрбиесі және дене тәрбиесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, 2006-2007 оқу жылдарында жастардың алғашкы әскери даярлығын ұйымдастыру және өткізуді жақсарту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Оқу орындары мен қорғаныс - спорттық лагерлерінде жастардың алғашқы әскери даярлығы, әскери -патриоттық тәрбиесі және дене тәрбиесі жағдайын тексеруді өткізу жөніндегі комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Жаркайың ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауылдық округтер әкімдері, Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісім бойынша) және Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қаулысын орындау жөнінде кейінге қалдырылмайтын шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Жаркайың ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Егізбаев С.Ж.):
Тармақша 1
1) 2006-2007 оқу жылына арналған шығыс сметасында алғашкы әскери даярлықты материалдық - техникалық қамтамасыз ету жөнінде жұмсалатын шығындарды, оқу - материалдық базасының элементтерін құру мен қорғаныс - спорттық лагерлерінде төлем төлеуді қарастырсын;
Тармақша 2
2) оқу орындарында алғашкы әскери даярлық ұйымдастырушы - оқытушылары лауазымдарының толығымен іріктелуін жүргізсін;
Тармақша 3
3) 1990-1991 жылы туылған жасөспірімдерінің алғашқы әскери даярлығы оларды қорғаныс - спорттық лагерлерінде оқу - далалық жиынға тартумен бірге толығымен қамтылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) оқу орындарында алғашкы әскери даярлықтың оқу - материалдық базасын жинақтау жөнінде шаралар қабылдансын;
Тармақша 5
5) әскери - патриоттық тақырыпты бейнелейтін, қазақстан халқының, соғыс ардагерлері мен батырларының табыстарын, әскери қызметтің қаһармандық дәстүрі мен романтикасын насихаттайтын көрнекі үгіт жұмыстарын рәсімдеу жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 6
6) ауданның оқу орындарында әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жасөспірімдердің дене тәрбиесі әзірлігіне басшылық жасау және бақылауға алынуын жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жаркайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығына (Ділдебаев Д.Б.) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқу - әдістемелік жұмыстарға басшылық жасауды қамтамасыз ету ұсынылсын. Ол үшін қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлім жанынан штаттан тыс әдістемелік Кеңес құрылсын (келісім бойынша).
Тармақ 5
5. Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жаркайың орталық аудандық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (Ахметов Б.С.) іріктеу және медициналық – санитарлық даярлық жұмыстарын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Жаркайың ауданының Әділет басқармасында 2005 жылғы 29 қыркүйекте № 1-12-11 тіркелген Жаркайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 407 «2005-2006 жылдарындағы оқу орындары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде жастардың алғашкы әскери даярлығы, әскери-патриоттық тәрбиесі және дене тәрбиесі туралы» Қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы каулы Жаркайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен және бұқарлық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулы орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
Басқа 15. Оқу орындары мен қорғаныс - спорттық сауықтыру лагерлерінде жастардың алғашқы әскери даярлығы, әскери-патриоттық тәрбиесі және дене тәрбиесі жағдайын тексеруді өткізу жөніндегі КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Ақмола облысы Жаркайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «18» 09 № А-9/265 қаулысына қосымша Оқу орындары мен қорғаныс - спорттық сауықтыру лагерлерінде жастардың алғашқы әскери даярлығы, әскери-патриоттық тәрбиесі және дене тәрбиесі жағдайын тексеруді өткізу жөніндегі КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ Ахметова Ұлболсын Асқарқызы - Жаркайың ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Ділдебаев Дулат Бәкірұлы - Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Егізбаев Сейілбек Жұмабекұлы - Жарқайың аудандық «Білім бөлімі» ММ бастығы Ахметов Болат Сұлтанұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Жарқайың аудандық орталық ауруханасы» (келісім бойынша)