2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлау туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери- техникалық мамандар даярлау туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Қарулы Күштері үшін 2006-2007 жылдарда әскери-техникалық мамандар даярлау жөніндегі тапсырысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім әскери-техникалық мамандарды автомобильдер мен бронетранспортерлердің жүргізушісіне даярлауды Өскөмен жене Семей қалаларындағы әскери-техникалық мектептерінде 2 кезеңмен оқытуды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери- техникалық мектептерінің филиалдарында «2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар жоспары» бекітілсін. (№1 қосымша)
Тармақ 3
3. Ауыл әкімдеріне, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы подполковник А.Ж.Қарабиевке:
Тармақша 1
1) Жоспарға сәйкес оқу топтарын дер кезінде мамандармен сапалы толықтыруды және әскери-техникалық мектептерге беруді қамтамасыз етсін. Кезекті әскери қызметке шақыруға әскери-техникалық мамандығы барлар ішінен әскери қызметке денсаулығы жөнінен жарамды және сотты болмағандар тартылсын;
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне курсанттардың сабақтарға қатысуын, олардың арасындағы тәртіп пен ұқыптылықты бақылауды, әскери-техникалық мамандардың даярлығын және олардың оқу бағдарламасын меңгерулерін тексеруді және даярланған әскери- техникалық мамандарды алған мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімінің 2004 жылғы 12 қазандағы № 643 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиевке жүктелсін. Аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиев