О начальной военной подготовке молодежи в 2006 – 2007 учебном году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 – 2007 оқу жылында жастардың алғашқы әскери дайындығы туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2006 - 2007 оқу жылында кәсіптік мектебі мен аудан мектептерінде алғашқы әскери дайындықтың жағдайы мәселесімен таныса, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдармен азаматтарды әскери қызметке ұйымдастыру мен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қағидасын орындау мақсатында (бұдан әрі - Қағида), ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ББ) бастығы Е.Т. Кәтиевке:
Тармақша 1
1) әр оқу мекемесінде дене тәрбиесу және алғашқы әскери дайындық жөнінде материалдық-техникалық базасының аяқталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) алғашқы әскери дайындығының оқыту-материалдық базасының әрі қарай жетілдіруін, жастардың әсіресе әскер алдынғы әскер дейінгі жастағы жастардың дене тәрбиесін жақсарту жөніндегі қосымша шараларын қабылдау;
Тармақ 2
2. «Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - ҚІБ) (келісім бойынша) Қаулыға сәйкес әскери дайындық жөнінде оқу мекемелерінің комплексті тексеру үшін ҚІБ, білім бөлімінің, аудандық аурухана, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының, ішкі істер, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері құрамымен Комиссия құрылсын және жұмыс кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. ҚІБ және ББ ұсынған орта мектептердің оқушыларының, кәсіптік мектептің және жұмыс істейтін жастардың алғашқы әскери дайындықтарының әрі қарай жетілдіру мен ұйымдастыру жөніндегі шаралар қосымшаға сәйкес жоспары мақұлдансын.
Тармақ 4
4. Павлодар облысы Ертіс ауданы бойынша денсаулық сақтау департаментінің өкілі С.А. Арыновқа (келісім бойынша) медико-санитарлық дайындық жөніндегі мұғалімдердің жұмыстарында әдістемелік көмек көрсету ұсынылсын
Тармақ 5
5. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Айтжанов Е.Б. аудан жастарын өмір сүру қаіпсіздігінің негіздерін оқытуда көмек көрсетсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен іске кіреді.
Тармақ 7
7. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Воронинге жүктелсін. Келісілді ҚІБ бастығы А. Сарин 2006 ж. 10 қазан