О начальной военной подготовке, военно-патриотическом воспитании и физической подготовке молодёжи в учебных заведениях в 2006-2007 годах Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оқу мекемелерінде 2006-2007 жылдарында жастардың бастапқы әскери даярлау, әскери-отаншылдық тәрбиесі және дене шынықтыруы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» каулысына сәйкес, 2006-2007 оқу жылдарында жастардың бастапқы әскери даярлауын өткізуді және ұйымдастыруды жақсарту мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының білім бөлімі, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінің, Қарабұлақ селолық округінің әкімдері, Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұдан әрі - ҚІБ), № 2 Степногорск кәсіптік лицейі (бұдан әрі - № 2 СКЛ), № 13 Степногорск кәсіптік лицейі (бұдан әрі - № 13 СКЛ), Степногорск гуманитарлық-техникалық колледжі (бұдан әрі - СГТК), «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби - техникалық оқу орталығы (бұдан әрі - «Отан» РҚБ КТОО) (келісім бойынша) «Бастапқы әскери даярлау», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыруға қосымша шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласының білім бөлімі, № 2 СКЛ, № 13 СКЛ, СГТК:
Тармақша 1
1) 2001-2006 жылдарда білім жүйесінде біліктіліктерін көтермеген бастапқы әскери даярлау пәннің ұйымдастырушы-оқытушылар ұзақтығы 3 апталық курстарын өткізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлау пәннің ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымдарын толық жасақтау үшін запастағы офицерлерден іріктеуді жалғастырсын;
Тармақша 3
3) бастапқы әскери даярлаудың ұйымдастырушы-оқытушыларын ҚІБ-мен келіскеннен кейін жұмысқа тағайындалсын және жұмыстан босатылсын;
Тармақша 4
4) бастапқы әскери даярлауды жүзеге асыру үшін оқу орындарында (бастапқы әскери даярлаудың бөлме-сыныптарын, қару-жарақ сақтау үшін бөлмелерді, саптық және дене шынықтыру жаттығуларды өткізу үшін алаңдар мен үй-жайларды, әскери міндеттерін практикалық үйрену орындарын кәсіби ресімдесін) оқу-материалдық базасын толық жасақтасын;
Тармақша 5
5) әскери-отаншылдық тақырыпқа байланысты әр оқу орнын көрнекі үгіт материалмен қамтамасыз етсін, қазақстан халқының жетістіктері, соғыс батырлары мен ардагерлері және әскери қызметтің қаһармандық салты мен романтикасы туралы насихаттың деңгейін нығайтсын (стендтер: «Отан қорғау- мамандық», «Мектеп түлектері-офицерлер», «Қазбат-бітімгерші», және т.б);
Тармақша 6
6) оқу-дала жиындарын мектеп бітірушілермен және 2-СКЛ, 13-СКЛ, СГТК 3 курс студенттерімен 6636 әскери бөлім базасында өткізсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. 2006-2007 оқу жылдарында қала мен іргелес елді мекендердегі оқу орындарының бастапқы әскери даярлау мен әскери отаншылдық тәрбиесінің деңгейін тексеру жөніндегі жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 4
4. 2006-2007 жылдарына арналған жастардың бастапқы әскери даярлау, әскери-отаншылдық тәрбиесі және дене шынықтыруы жөніндегі негізгі шараларының жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 5
5. Осы қаулы Степногорск қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2006 жылғы қыркүйектің 1-нен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады және ресми жариялануға жатады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Р.Қадыровқа жүктелсін.
Басқа 13
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 31 қазандағы № ә-19/627 қаулысына 1 қосымша 2006-2007 оқу жылдарында қала мен іргелес елді мекендердегі оқу орындарының бастапқы әскери даярлау мен әскери отаншылдық тәрбиесінің деңгейін тексеру жөніндегі ЖОСПАРЫ № р/р Оқу орындарының атауы Тексеру түрлері кешенді жеке 1 № 1 ОМ 12.09.06 ж. 2 № 2 ОМ 14.09.06 ж. 3 №3 ОМ 03.11.06 ж. 4 № 4 ОМ 07.11.06 ж. 5 №5 ОМ 22.12.06 ж. 6 № 6 ОМ 11.01.07 ж. 7 № 7 ОМ 16.01.07 ж. 8 № 8 ОМ 23.01.07 ж. 9 № 9 ОМ 08.02.07 ж. 10 Заводской к. ОМ 20.02.07 ж. 11 № 1 Ақсу к. ОМ 27.02.07 ж. 12 № 2 Ақсу к.ОМ 27.02.07 ж. 13 Бестөбе к. №1 ОМ 05.03.07 ж. 14 Бестобе к. №2 ОМ 05.03.07 ж. 15 Қарабұлақ с. ОМ 09.03.07 ж. 16 № 2 СКЛ 20.03.07 ж. 17 №13 СКЛ 20.03.07 ж. 18 СГТК 25.03.07 ж. ЕСКЕРТУ:
Тармақ 1
1. Оқу орындарының даярлығын тексеру Степногорск қаласы әкімімен құрылған комиссия өткізеді.
Тармақ 2
2. Жаттығу қару мен оқ-дәрілердің сақталуы қорғаныс істер жөніндегі офицерлерімен жеке кесте бойынша әр тоқсан сайын тексеріледі. Қысқарған атаулардың толық жазылуы: ОМ - орта мектеп СКЛ - Степногорск кәсіптік лицейі СГТК - Степногорск гуманитарлық-техникалық колледжі
Басқа 16
Степногорск қ. әкімдігінің 2006 жылғы 31 қазандағы № ә-19/627 қаулысына 2 қосымша 2006-2007 жылдарына арналған жастардың бастапқы әскери даярлау, әскери -отаншылдық тәрбиесі және дене шынықтыруы жөніндегі негізгі шараларының ЖОСПАРЫ № р.р Шаралар Орындалу мерзімі Орындалуына жауапты Орындалу жөніндегі белгі 1 Оқушы жастардың соғыс ардагерлерімен, жоғары әскери оқу орындарының курсанттарымен, ауғаныстанда болған жауынгерлермен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу 2007 жылдың қаңтар айы ҚІБ, ББ, «Отан» РҚБ КТОО, № 2 СКЛ, №13 СКЛ, СГТК 2 Саптық әнді және саптық дайындықты үздік орындауына оқу орындар арасында конкурс ұйымдастырып өткізу 2007 жылдың сәуір айы «Отан» РҚБ КТОО, ББ, № 2 СКЛ, № 13 СКЛ, СГТК 3 Әскери қызметшілерімен шақырылу жасындағы және шақырылу жасына келетін жастармен мемлекеттік нышандар мен рәміздердің маңызын түсіндіру, отаншылдық сезімдерді қалыптастыру мақсатымен әңгімелесу, кездесулерді және басқа шараларды өткізу Жыл бойы ҚІБ 4 Әскери қызметке шақырылатын жастарды шақырып, соғыс батырларына құрмет көрсетуді ұйымдастырып өткізу 2007 жылдың мамыр айы Кенттердің және Қарабұлақ селолық округінің әкімдері, ҚІБ 6 Степногорск қаласы ҚІБ шақырылушыларының және курсанттарының оқу және қызмет орындарына хат жазып, олардың жақсы қызметтері жөніндегі оң пікірлерді қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Жыл бойы ҚІБ 7 БӘД кабинеттер-сыныптарын көрнекі оқу кұралдарымен, бейнефильмдермен, әскери қызметтің қаһармандық салтын және романтикасын мадақтайтын стендтермен жабдықтауды қамтамасыз ету Жыл бойы ББ, № 2 СКЛ, № 13 СКЛ, СГТК 8 Әскери-отаншылдық өлеңдер кештерін ұйымдастырып өткізу, оған әскери қызметті атқарған жауынгерлерді қатыстыру Жыл бойы ББ, № 2 СКЛ, № 13 СКЛ, СГТК 9 Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлау және әскери- отаншылдық тәрбие жағдайын уақытылы тексеруді қамтамасыз ету Жоспарға сәйкес ҚІБ, ББ, әскери- отаншылдық тәрбиені және БӘД тексеру жөніндегі комиссия 10 Бастапқы әскери дайындыққа әскери мүлік пен қару-жарақты алуға өтінімдерді дайындау және жіберу 2007 жылдың ақпан айы ББ, № 2 СКЛ, № 13 СКЛ, СГТК 11 Жастардың БӘД, әскери- отаншылдық тәрбие және жастардың дене шынықтыру жағдайлары туралы талдау өткізу және қала әкімініне ақпарат беру 2007 жылдың қаңтар айы ҚІБ 12 Лагерлік оқу-дала жиынын жоспарлап, ұйымдастырып өткізу 2007 жылдың мамыр айы ББ, ҚІБ 13 БӘД ұйымдастырушы- оқытушыларымен әдістемелік кеңестің мәжілісін және үш күндік оқу-әдістемелік жиынды өткізу 2007 жылдың тамыз айы ББ, ҚІБ 14 Кезекті мерзімді әскери қызметке жастарды шығарып салуды салтанатты түрде ұйымдастыру және өткізу Шақырудың жоспары бойынша ҚІБ, ББ, әкімнің аппараты, кәсіпорындардың басшылары (келісім бойынша) 15 Президенттік тестілерін тапсырған, шақырылу жасындағы жасөспірімдердің және дәрежелі- спортшылардың тізімін ҚІБ тапсырсын 2007 жылдың сәуір айы ББ, № 2 СКЛ № 13 СКЛ, СГТК 16 Әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеп алуға берілген тапсырма жөнінде қала әкімінің аппаратына ҚББ ақпарат беру 2007 жылдың ақпан айы ҚІБ 17 Қалалық актив отырысында әскери-отаншылдық тәрбие және жастардың дене шьшықтыру жұмысы жайындағы мәселелерді тыңдау 2007 жылдың қаңтар айы Әкім аппараты 18 2006-2007 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлау жағдайы және оның қорытындысы туралы анықтаманы қала әкіміне дайындау және жолдау 2007 жылдың маусым айы ҚІБ, ББ 19 9-ші,11-ші сынып оқушыларын және СКЛ-дің, колледждің 2-курстағы студенттерін Президенттік тестілері дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтан өткізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-жылғы 12 маусымдағы № 637 қаулысы) 2007 жылдың мамыр айы ББ, ҚІБ Қысқартулар және қысқарған атаулардың толық жазылуы: ҚІБ - қорғаныс істер бөлімі СКЛ - Степногорск кәсіптік лицейі СГТК - Степногорск гуманитарлық - техникалық колледжі ББ - Степногорск қаласының білім бөлімі «ОТАН» РҚБ КТОО – «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби - техникалық оқу орталығы БӘД - бастапқы әскери даярлау ОМ - орта мектеп