О состоянии готовности объектов жизнеобеспечения к устойчивому функционированию в осенне-зимний период 2006 - 2007 годов Қолданыста
Басқа 0
2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы
кезеңінде түрақты іс-әрекет етуге
тіршілікті қамтамасыз ететін
объектілердің әзірлігінің жай-күйі туралы
Аудан тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерінің тұрақты іс-әрекет етуін, 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде аудан жолдарында көліктің үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» № 19-1 Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңының 31-бабы 1- тармағының 11) тармақшасына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2006 жылғы 1-қарашадағы «2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тұрақты іс- әрекет етуге тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің әзірлігінің жай-күйі туралы» № 796 қаулысын орындау үшін, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерінің тұрақты іс- әрекет етуі, 2006-2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде жолдарды жүретіндей жағдайда ұстау және жолдарда зардап шеккендерді көшіру үшін жаупкершілігі «Ұлан ауданынын түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ж.А. Калетаев, келісім бойынша)
ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда аудан аумағындағы автомобиль жолдарында көліктердін қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде дереу аудан әкімінің аппаратына және ауданның түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарлансын.
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 1-қарашадағы «2006- 2007 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тұрақты іс-әрекет етуге тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің әзірлігінің жай-күйі туралы» № 796 қаулысымен бекітілген «Қолайсыз ауа райы және облыс жолдарындағы төтенше жағдайлар кезінде ішкі істер департаментінің, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғы апаттардың алдын алу және жоюды үйымдастыру жөніндегі департаментінің және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл жоспарын» басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, аудандық білім (Абдуллина Н.А.), мәдениет және тілдерді дамыту (Аканов С.А.) бөлімдерінің басшылары:
Тармақша 1
1) өшірілуі адамдардың өліміне, апаттық, экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға соқтыруы мүмкін тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің және электрмен жабдықтау объектілерінің тұрақты іс-әрекет етуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) күн сайын таңертеңгі сағат 8-00 ге дейін ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы С. Р. Бакешовке тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің жұмысы, аудан аумағындағы жолдардың жағдайы туралы, егер тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде жүмыс тоқтатылса және жолдардың жағдайы нашарласа дереу мәліметтер берсін.
Тармақ 4
4. Түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (Калиева Г.Н.), аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы С.Р.Бакешовке:
Тармақша 1
1)төтенше жағдайлар пайда болғанда жолдарды тазалауға менішк нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің қар тазалайтын техникалары тартылсын. Бүл техникаларды пайдаланумен байланысты шығындардың орны жолдарды үстауға бөлінетін және аудан әкімдігінің төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражатының есебінен өтелсін;
Тармақша 2
2) жүрімділігі жоғары 2 бірлік техникасы бар көшіру-көлік тобы және адамдарды іздеу және құтқару үшін жүмылдыру топтары құрылсын, жолдарда зардап шеккендерді орналастыру, жылыту және тамақпен қамтамасыз ету орындары анықталсын;
Тармақша 3
3) ауданның автомобиль жолдарын қыс кезеңінде тиісінше ұстауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы С. Р. Бакешов Шығыс Қазақстан облысының жүмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінің жұмысы, аудан аумағындағы жолдардың жағдайы туралы күн сайын сағат 8-00 де, егер тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінде жүмыс тоқтатылса және жолдардың жағдайы нашарласа дереу мәліметтер берсін. Төтенше жағдайлар болуына қауіп түссе халыққа хабарландыру схемасы анықталсын.
Тармақ 6
6. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөліміне (Елубаева Г.З.) 2006 жылғы 27-қарашадан бастап аппараттың, бөлімдердің және аудандық ұйымдардың жауапты қызметкерлерінің тәуліктік кезекшілігін келісім бойынша ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1-желтоқсандағы № 2123 «2005-2006
жылдары күзгі-қысқы кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты әрекет етуге дайындық жағдайы туралы» (2005 жылғы 21-желтоқсандағы тіркеу № 5-17-10, 2006 жылдың 1-қаңтарында «Ұлан таңы» аудандық газетінде басылымға шыққан) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ахатовқа жүктелсін.
Келісілді:
Ұлан аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы
Ж. Калетаев