Некоторые вопросы компенсации затрат по поставкам топлива для энергопроизводящей организации в целях обеспечения стабильного электроснабжения потребителей южных регионов Казахстана в период 2006-2007 годов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiрушi ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеудiң кейбiр мәселелерi "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiрушi ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамы - "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясы" акционерлiк қоғамының 2006-2007 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнде бiр-екi-үш-төрт-бес блокты режимдегi жұмысын қамтамасыз ету үшiн 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Қазақстанның оңтүстiк өңiрi тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар отын берушi болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
Тармақша 2
2) қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 8. 2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 жылғы 22 ақпандағы N 136 қаулысымен бекiтiлген 2006-2007 жылдардың кезеңінде Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіруші ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiрушi ұйым үшiн отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге (бұдан әрi - отын беру жөнiндегi шығындарды өтеу) арналған қаражатты жұмсау тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Отын беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражатты жұмсау 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Қазақстанның оңтүстiк өңiрi тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Берушiнiң отын беру жөнiндегi шығындарын өтеу отынды бергенi үшiн шығындарды өтеу жөнiндегi шығыстарға (2006 жылғы қараша-желтоқсан, 2007 жылғы қаңтар - мамыр) және тасымалдауға арналған шығыстарды және "Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттiк аудандық электр станциясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Жамбыл MAЭC" АҚ) тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар үшiн электр энергиясына орнықты тарифтердi сақтау үшiн қажеттi отынның құнын ескере отырып, отынды сатып алу бағасы арасындағы айырманы жабу үшiн жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi:
Тармақша 1
1) "Жамбыл МАЭС" АҚ беретiн электр энергиясының құнын төмендету үшiн шығарылған нақты шығындардың есебiн бекiтедi;
Тармақша 2
2) Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiнде берушiмен жасалған шарттар негiзiнде осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен берушiге қаражат аударуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде отынды беру жөнiндегi шығындарды өтеуге арналған қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуы үшiн жауапты болады.