К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2006-2007 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы Күшін жойған
Басқа 0
К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2006-2007 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31 бабының тармағының 12 тармақшасына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатта тұратын балалардың ішетін тамақтарына ақы төлеу мөлшері комиссия шешіміне сәйкес жүргізілсін (тізім қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Бір балаға орташа бір тәулік шығыны нақты тамақ ішкен күніне қарай босатылсын.
Тармақ 3
3. 2005 жылдың 17 қарашасындағы мемлекеттік тіркеу № 5-6-10, 2005 жылдың 4 қазанындағы № 1380 Аягөз ауданы әкімиятының «К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиелеушілерін 2005-2006 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы» қаулысының («Аягөз жаңалықтары» газеті № 50 (516) 10.12.2005 ж.) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.