2006-2007 оқу жылының әскерге
шақырылатын кезеңге дейімгі
және Зайсан ауданының әскерге
шақырылушы жастарының, алғашқы
әскери даярлығы туралы
Бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік және денешынықтыру тәрбиесін, жастардың әскер қатарына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарын жас-өспірімдермен сапалы толтырылуына, ақлихат- психологиялық жағдайына дайындау жұмыстарын жақсартып ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабы 2-тармағын, «Әскери міндет және әскери қызмет» туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 10 бабының 2 тармағын және 11 бабын, Казахстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 1 қарашада қабылданған № 1340 «Бастапқы әскери даярлау туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып Зайсан аудандық әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2006-2007 оқу жылының әскерге шақырылатын кезеңге дейімгі және Зайсан ауданының әскерге шақырылушы жастарының, алғашқы әскери даярлығы туралы от 14.02.2007 г. № 763 (2006-2007 оқу жылының әскерге шақырылатын кезеңге дейімгі және Зайсан ауданының әскерге шақырылушы жастарының, алғашқы әскери даярлығы туралы)
1. 2006-2007 оқу жылына ауданның оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты жүргізілуінің және ұйымдастыруының негізгі іс-шаралары №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Оқу орындарында және оқу пунктінде жастардың бастапқы әскери дайындық қалпын, әскери-отансүйгіштік тәрбиесін және денешынықтыру дайындығын тексеру комиссиясы № 2 қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Оқу пункті М. Әуезов атындағы орта мектебінің базасында құрылсын. Әскерге шақырылу кезеңіне дейінгі және әскерге шақырылушы жастармен жұмыс жүргізуші мамандары, керекті құрал- жабдықтармен атқарушы өкілетті органдармен ұйымдастырылып жабдықталсын.
4. Аудандық білім бөлімі меңгерушісіне ( Әбдығалиева С.С. ) міндеттелсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығынан (Тунгатаров.Н.Н) сұралсын:
1) бастапқы әскери дайындық ауданның барлық орта білімді, кәсіптік- техникалык мектептерінде, штаттық ұйымдастырушы мұғалімдермен өткізілсін;
2) орта білімді мектептердің 10-11 сынып, кәсіптік-техникалық мектептің 1-2 курс оқушы жастары, басғапкы әскери даярлық пәнін толық біліммен және 2007 жылы мамыр айында өткізілетін 5-күндік дала-оқу лагерь жиынымен, ал оқу орындарында бастапқы әскери дайындықтан білім алмаған жастар, Қарулы Күштер қатарына шақырылар алдында оқу пунктінде 60 сағаттық білім алуларын қамту;
3) бастапкы әскери дайындықтың материалдық техникалык базасының қайта құру жұмыстары 2007 жылы аякталсын;
4) Қазақстан Республикасы халқының ерліктері, әскери қызмет туралы, әскери-отансүйгіштік тақырыпта бағыт беретін көрнекті насихатталуы ауданның барлық мектептерінде көркемделу;
5) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің құрамында штаттан тыс методикалық кеңес құру;
6) аудандық құрлыс бөлімінің, төтенше жағдай жөніндегі бас маманы (Рақымжанов Қ.) аудандық денсаулық сақтау мекемесімен келісе отырып қыз балалармен дәрігерлік мекемелерде тәжірбиелік сабақ өткізілуі 2007 жылдың мамыр айына қарастыру.
5. Аудандық құрлыс бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманына ( Рақымжанов К.К. ) адам өмірінің кауіпсіздігін сақтау негіздерін жетілдіру үшін, білім бөліміне (Әбдығалиева С.С.) көмек көрсету шараларын қолдансын.
6. Аудандық аурухана бас дәрігерінен ( Қалибеков З.Қ. ) сұралсын:
1) медико-санитарлық дайындық оқытушыларының жұмыстарын қадағалап және олардың дайындықтары қамтамасыздандыру;
2) ұл балалардың лагерлік жиыны өкізілуі кезеңінде, қыз балалардың тәжірбиелік сабақтарының өткізілуі қарастырылып және оқу орындары емдеу мекемелеріне бекітілу.
7. Аудандық білім бөліміне (Әбдіғалиева С.С.), аудандық денешынықтыру және спорт бөліміне (Қажанов 3.):
1) ауданның оқу орындарында әскерге шақырылушылар және әскерге шақыру кезеңіне дейінгі жастардың денешынықтыру дайындығы басшылыққа алынып, қадағалансын;
2) әдістемелік сабақтар және спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілсін;
3) ауданның қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері жұмыстарын және оның ұйымдастырылуы тікелейқолға алынсын;
4) оқу жылында және әскери оқу-дала жиынын өткізу кезеңдерінде , білім, денсаулық сақтау және мәдениет Министрлігінің, қорғаныс Министрлігінің және төтенше жағдай Комитетінің бірігіп, 1998 жылғы 14 қыркүйектегі жұлдызындағы № 490, № 166, № 190 бекіткен бұйрықтарына сәйкес сабақ бағдарламасының орындалмай қалу жағдайлары болдырмау тапсырылсын.
8. Аудандық қаржы бөліміне (Завалко В.В. ) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері және оқу пуктінің жұмысының жүргізілуіне керекті мөлшерде қаражат бөлінсін.
9. 9 қаңтардағы 2006 жылғы «2005-2006 оқу жылының әскерге шақырылатын кезеңге дейінгі және Зайсан ауданының әскерге шақырылушы жастарының алғашқы әскери даярлығы туралы» аудан әкімдігінің № 174 қаулысының күші жойылсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Биқадамовқа жүктелсін.
Зайсан ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 14 ақпандағы
№ 763 қаулысына 1 қосымша
2006-2007 оқу жылына алғашқы әскери даярлық бойынша негізгі шаралар ЖОСПАРЫ
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы подполковник
Н. Түнғатаров
Зайсан ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 14 ақпандағы
№ 763 қаулысына 2 қосымша
Оқу орындарында және оқу пунктінде жастардың алғашқы әскери дайындық жағдайын, әскери-отансүйгіштік тәрбиесін және денешынықтыру дайындығын тексеру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Аппарат басшысы
Н. Бейсенов