Об утверждении Программы реабилитации инвалидов по Егиндыкольскому району на 2006-2008 годы Қолданыста
Басқа 0
Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және аудан әкімдігінің ұсынысының негізінде, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Беріліп отырған Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (бұдан әрі - Бағдарлама).
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жыл сайын 20 қаңтарға қарай аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет және заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаның жүзеге асыру туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жоғарыда аталған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 5. Мазмұны
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ С26-1 шешімімен бекітілді
Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың
2006-2008 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Егіндікөл ауылы
2005 жыл
Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарлама паспорты 3
Тармақ 2
2. Кіріспе 4
Тармақ 3
3. Егіндікөд ауданы бойынша мүгедектік жағдайы 4
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 6
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі багыттары мен жүзеге асыру тетіктері 7
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері 7
Тармақ 7
7. Күтілетін нәтиже 7
Тармақ 8
8. Егіндікол ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 8
Тарау 1. 1. Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасының паспорты
1. Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасының паспорты
Атауы: Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме: Қазақстан Реепубликасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы
Бастамашы: Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мақсаты мен міндеттері: Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері мүгедектерді сауықтыру жүйесін құру, олардың қоғамға жан-жақты қатысуына мүмкіндіктер беру, тәуелсіз өмір салтын қамтамасыз ету үшін жағдай туғызу, мүгедектік деңгейін төмендету болып табылады
Негізгі орындаушылар: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, білім және спорт бөлімі, орталық аудандық аурухана
Негізгі іс-шаралар: Бағдарлама мүгедектерді медициналық, әлеуметтік, кәсіби сауықтыру, сауықтыру мекемелері жүйесін дамыту және олардың материалды-техникалық негіздерін нығайту, мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету, және оларды сауықтырудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізу, халықты әлеуметтік қолдау, білім беру жүйелерінде мүгедектерді сауықтыру мәселесімен айналысатын қызметкерлер дайындау және білімін жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қарастырады
Қаржыландыру көздері және көлемі: Бағдарламаны қаржыландыру республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер қаражаттары есебінен, және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерімен жүзеге асырылады
Жүзеге асырудан күтілетін нәтиже: Бағдарлама сауықтыру іс-шаралар көлемін ұлғайтуға, мүгедектерді олардың жеке қажеттілігін ескере отырып, сауықтырудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдык, кәсіби қызметте қабілетін қалпына келтіруге, конституциялық құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға және олардың қоғамға қатысуын жылдамдатуға мүмкіндік береді
Жүзеге асыру мерзімі: Мүгедектерді сауықтыру Бағдардамасы 2006-2008 жылдарға есептелген
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементтерінің бірі ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетін, өзіне өзі қызмет ету, кәсіби қызметтің әр түріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенінен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін сауықтыру болып табылады. Мүгедектерді сауықтыру маселелерін нәтижелі шешу белгілі бір кезеңге қабылданған нысаналы кешендік бағдарламалар аясында белсенді мемлекеттік қолдауды талап етеді. Биыл осындай Бағдарламалардың біреуін - мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру аяқталады. Осыған байланысты болашақта мүгедектерді әлеуметтік қорғау және сауықтыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау үшін жаңа Бағдарлама әзірлеу қажет. Мүгедектерді сауықтыру жөніндегі кешендік шаралар жүйесін қабылдауды Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Зағын жүзеге асыру да талап етеді.
Тарау 3. 3. Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектік жағдайы
3. Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектік жағдайы
Егіндікөл ауданы бойынша 2005 жылғы 1 қазанда барлық санаттағы мүгедектер - 224 адам», оның ішінде 1-2-топтағы мүгедектер - 124 адам, 3- топтағы 86 адам, Ұлы Отан соғысының мүгедектері - 2 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 12 адам саналады.
2003-2005 жылдардағы алғашқы мүгедектік серпіні
Көрсеткіштер
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
Мүгедек болып алғаш рет танылғандар (барлығы)
6
8
18
Оның ішінде: балалар арасында
-
1
1
Үлкендер арасында
6
7
17
Мүгедек болып алғаш рет танылғандар санының мүгедектік топтары туралы мәлімет
Мүгедектік тобы
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
I-топ
1
-
1
2-топ
5
7
10
3-топ
-
1
7
Мүгедектіктің негізгі себептері
Мүгедектіктің себебі
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
Жалпы аурудан
115
116
170
Еңбек жарақатынан
9
8
7
Кәсіби аурудан
-
-
-
Бала жастан мүгедектік
61
64
12
Алғаш рет мүгедектікке ұшырау құрылымында аудан бойынша бірінші орында қан айналымы жүйесінің сырқатынан мүгедектік (13-15 %), зиянды ісіктерден (10-12 %), жарақаттардан (3-6 %) және психикалық аурулардан (2-9 %), Мүгедек балалардың көпшілігі іштен туғанда даму ауытқымасымен ауырады, балалардың 10 пайызында мүгедектік себебі жүйке аурулары, 17,3 пайызында психикалық, аурулар.
Мүгедектердің ағза жұмысының бұзылу және өмір сүрудің шектелу деңгейі топтарға байланысты байқалады. 2003-2005 жылдары ауданда мүгедектер арасында екі топтағы мүгедектер үлесі - 70 %, 9 % - бірінші топтағы мүгедектер, 21 % - үшінші топтағы мүгедектер құрады.
2003-2005 жылдарда барлығы 213 адам қайта куәландырылды, мұнда жартылай сауықтыру көрсеткіші 7.1 %, мүгедектік топтарының ауырлауы - 7,1 %, толык сауыққандар көрсеткіші 6,8 % құрады.
Мүгедектердің жастық құрылымында көпшілігі еңбекке жарамды жастағылар (мүгедектердің жалпы санының 60 % жуығы).
Аудан бойынша мүгедектік көрсеткіштері келесі факторларға байланысты:
ұлт денсаулығының жағдайы;
денсаулық сақтау жүйесін дамыту, сапалы медициналық қызметке кол жеткізу;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жағдайы;
экологиялық ортаның жағдайы және өзге де себептер.
Соңғы жылдары аудан бойынша балалар арасындағы мүгедектік артты. Мүгедектіктің осы жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік мәселелері сезіліп отыр. Ауру сәби дуниеге келген күннен бастап отбасы толығымен оған тәуелді және оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалармен олардың отбасыларына көмек көрсету үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, экономика және қаржы бөлімімен, білім және спорт бөлімімен, орталық аудандық ауруханамен ынтымақтастық бойынша күш- жігерін біріктіру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін арнаулы жағдайлар қажет. Жалпы білім беретін мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ мүгедек балалар психологиялық-медико-педагогикалық кенестің қорытындысы бойынша тәрбие мен білімді үйлерінде алуына болады.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту жеткіліксіз ғылыми-әдістемелік және қаржылық қамтамасыз етумен, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагогтар, психолог педагогтар мен медициналық қызметкерлердің, жетіспеуімен жүзеге асырылады, ол мүмкіндігі шектеулі балаларға олар мұқтаж білімді алуға мүмкіндік бермейді.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2005 жылға дейін әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді енгізді. Қолданылып отырған шараларға қарамай, жәрдемақы мөлшері соңғы жылдары жоғары болған жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2005 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері көбейді және ол ауданда келесі мөлшерде төленеді:
1-топтың мүгедектеріне – 10 айлық есептік көрсеткіш, 2-топтың мүгедектеріне - 7,5 айлық есептік көрсеткіш, 3-топтың мүгедектерінс - 5 айлық есептік көрсеткіш, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 7 айлық есептік көрсеткіш.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 1-2-топтардың мүгедектері үшін - 1,4 айлық есептік көрсеткішті, 3-топтың мүгедектеріне 0,6 айлық есептік көрсеткішті, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Аудандық өкілетті және атқару органдары мүгедектердің қажеттілігін канағаттандыру және олардың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін аудандық бюджет есебінен қосымша шаралар қолданады.
2003-2005 жылдары 1-2-топтардағы мүгедектер 813,0 мың теңге сомасындағы техникалық құралдармен (таяқтар, балдақтар. дәретханалық орындықтар, кереует жанындағы үстелдер, әмбебап тренажерлар) қамтамасыз етілді. Жалпы аурудан 2 мүгедек және Ұлы Отан соғысының 1 мүгедегі санаторлы-курорттық емделуге жіберілді. Жалғызбасты қарт азаматтарды, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау үшін 43 адамға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі, оның ішінде 10-ы мүгедек. Мүгедек балалар үйде оқытылады, 1-2-топтардың мүгедектерінің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың медицина мекемелеріне барып-келулері үшін 540,1 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді. Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалар орындық-арбалармен қамтамасыз етілді. Ұлы Отан соғысының мүгедектері тыңдау аппараттарымен қамтамасыз етілді. 3 мүгедек жасанды мүше салуы ушін Петропавл протездік-ортопедиялық заводына жіберілді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты мүгедектерді сауықтыру жүйесін құру, олардың қоғамға жан-жақты катысуы үшін жағдай туғызу, тәуелсіз өмір салты жағдайымен қамтамасыз ету, мүгедектік деңгейін төмендету.
Бағдарламаның міндеттері:
мүгедектікті төмендетуді қамтамасыз ететін жағдай туғызу;
мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамыту және олардың әлеуметтік қолдауын күшейту;
мүгедектердің әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге жағдай туғызу;
сауықтырудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби сауықтыру мәселелері жөніндегі мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
сауықтырудың құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
Тармақ 1
1. Ағзаның дамуындағы ауытқуларды ерте анықтау иәтижелілігін жоғарылату.
Тармақ 2
2. Мүгедектерді кешендік сауықтыру жүйесін құру:
мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналык, әлеуметтік, кәсіби сауықтыруды жетілдіру, және сауықтырудың барлық бағыттарын үйлестіру;
мүгедектерді санаторлық-курортты емделуге жіберу;
мүгедектерді техникалық құралдармен, олардың өмірін жеңілдететін сауықтыру құралдарымен қамтамасыз ету жүйсін жетілдіру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлік, шағым және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыспен қамтуды, мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтауды қамтамасыз ету;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Мүгедектерді белсенді өмір салтына тарту: мүгедектердің спорттық жарыстарға, сурет конкурстарына және шығармашылықтың басқа түрлеріне қатысуын қамтамасыз ету.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаның жүзеге асырылуына қаражат Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден жіберіледі. Жалпы шығын 7864,1 мың теңгені құрайды.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтиже
7. Күтілетін нәтиже
Бағдарламаны жүзеге асыру сауықтыру іс-шараларының көлемін арттыруға, мүгедектерді олардың жеке қажеттілігін ескере отырып, техникалық кұралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметтегі мүмкіндіктерін калпына келтіруге, конституциялық құқықтарын толық жүзеге асыруға және олардың қоғамға қатысуын жылдамдатуға ықпалын тигізеді.
Тарау 8. 8. Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Егіндікөл ауданы бойынша мүгедектерді сауықтырудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
Алдын ала болжанатын шығыстар (мың теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
1
Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөніндегі кеңес
құру
әкімдіктің қаулысы
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 жылдың І-тоқсаны
Қаржыландыруды талап етпейді
2
Мүгедектерді және мүмкіндіктері
шектеулі мүгедек балаларды бірінші қажеттіліктегі техникалық кұралдармен қамтамасыз ету
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаментіне ақпарат
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
Қаржыландыру шектеуінде
Облыстық бюджет
3
Мүгедектер мен ардагерлерді Алматы қаласының Ардагер шипажайына және Щучъе-Бурабай курортты аймақтағы шипажайға емделуге жіберу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаментінің жолдамасы
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
Қаржыландыру шектеуінде
Облыстық бюджет
4
Мүгедектерге, жалғызбасты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға, және мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға уйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаментіне ақпарат
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
2006 жыл - 1795.0
2007 жыл - 1903.0
2008 жыл - 2017.0
Аудандық бюджет
5
Мүгедек балаларды аурулар тізбесіне сәйкес үйде оқытуды ұйымдастыру
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаментіне ақпарат
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
Қаржыландыру
шектеуінде
Облыстық бюджет
6
Бөгде адамдардың көмегіне өте мұқтаж жалгызбасты азаматтар мен мүгедектерді Мүгедектер үйіне анықтау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаментіне ақпарат
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
Қаржыландыру шектеуінде
Республикалық бюджет
7
Орындық-арбаларға мұқтаж адаматтарды қамтамасыз ету
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
департаментіне ақпарат
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
Қаржыландыру шектеуінде
Облыстық бюджет
8
1 .2.3-топтардың мүгедектерінің және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың Көкшетау, Астана, Алматы қалаларының медициналық мекемелеріне барып-келуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Аудан әкімдігінің қаулысы
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
2006 жыл - 400.0 2007 жыл - 424.0 2008 жыл - 449.0
Аудандық бюджет
9
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған мүгедектерді қоғамдық жұмыстарға қамту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Аудан әкімдігінің қаулысы
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
2006 жыл - 55.2 2007 жыл - 58.5 2008 жыл - 62.0
Аудандық бюджет
10
1, 2-топтардың мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға «Қарттар және мүгедектер күнінде» бір жолғы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру
Аудан әкімдігінің қаулысы
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде
2006 жыл - 220.0 2007 жыл - 233.2 2008 жыл - 247.2
Аудандық бюджет
📌 Ескерту. 2006-2008 жылдарға арналған қаржылық шығыстардың көлемі Бюджеттік комиссиямен тиісті қаржылық жылға арналған бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде өзгеруі мүмкін.