Об утверждении региональной программы реабилитации инвалидов в Костанайской области на 2006 - 2008 годы Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық әкімдігі ұсынған Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуы облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Келісілді:
Облыс әкімінің орынбасары
__________ С. Бектұрғанов
«Қостанай облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры
_______________________ Л. Лескова
«Қостанай облысының денсаулық сақтау
департаменті» мемлекеттік мекемесінің
директоры
____________________ Э. Ғалымжанов
«Қостанай облысының білім беру департаменті»
мемлекеттік мекемесі директорының міндетін
атқарушы
_______________________________ Ю. Когай
«Қостанай облысының сәулет, қала салу құрылыс
департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры
_________________________________ В. Кочин
«Қостанай облысының мәдениет департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры
_____________________________ А. Божақов
«Қостанай облысының дене тәрбиесі және спорт
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
директоры
_______________________________ В. Суслов
«Қостанай облысының жұмыспен қамтуды
координациялау және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті» мемлекеттік мекемесінің
директорының міндеттерін атқарушы
____________________________ Қ. Жиенбаев
Басқа 4. Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 266 шешімімен бекітілген
Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Тармақ 1
1. Паспорт
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Қостанай облысындағы мүгедектіліктің қазіргі жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар және оларды каржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
«Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі
Мақсаты
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту
Міндеттері
Мүгедектерге қоғамға жан-жақты бірігу үшін мүмкіндік беру, дербес өмір салтын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, мүгедектіктің деңгейін төмендету;
мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің атаулылығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру;
мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын ұлғайту;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді үлгілерін дамыту.
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 2687,0 миллион теңгені, оның ішінде 2006 жылы - 595,7 миллион теңгені, 2007 жылы - 1726,7 миллион теңгені, 2008 жылы - 364,5 миллион теңгені; республикалық бюджеттен - 1930,8 миллион теңгені, оның ішінде: 2006 жылы - 396,5 миллион теңгені, 2007 жылы - 1500,8 миллион теңгені, 2008 жылы - 33,5 миллион теңгені; жергілікті бюджеттен - 756,2 миллион теңгені, оның ішінде 2006 жылы - 199,2 миллион теңгені, 2007 жылы - 225,9 миллион теңгені, 2008 жылы - 331,0 миллион теңгені құрайды.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру оңалту іс-шараларының көлемін көбейту, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету, мамандық алу және жұмысқа орналасуға жәрдем жасауға;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына және ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға ықпал етеді.
Іске асыру мерзімі
2006-2008 жылдар
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Мүгедектік проблемасының көкейтестілігі оның ауқымдылығына байланысты. БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша мүгедектердің әлемдік саны халықтың 10 % құрайды, олардың ішінде 64% еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар болып табылады.
Қазақстанда барлық санаттағы мүгедектердің саны 2005 жылдың 1 қаңтарына 413,6 мың адамды немесе барлық халықтың шамамен 3% құрайды. Қостанай облысында мүгедектер барлық халықтың санынан 2,4 % құрайды.
Жалпыға белгілі, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі алғашқы жылдары әлеуметтік саланы дамыту мүмкіндіктері әжептәуір шектеулі болды және мемлекет азаматтардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуінің кері салдарларын жұмсартуға бағытталған және халықтың неғұрлым аз қамтамасыз етілген буындарын қорғау шараларын қабылдады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысындағы экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге алғышарттар жасады.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектерді оңалту проблемаларын тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберінде белсенді қолдауын талап етеді.
Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Қазақстан халқына Жолдауы,
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасында әлеуметтік нормаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негіздеме болып табылады.
Бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының шеңберінде әзірленді.
Бөлім 3. 3. Қостанай облысындағы мүгедектіліктің қазіргі жай-күйін талдау
3. Қостанай облысындағы мүгедектіліктің қазіргі жай-күйін талдау
Қостанай облысы бойынша 2005 жылдың 1 қазанына барлық санаттағы мүгедектердің саны 21434 адамды құрайды (барлық халықтың санынан 2,4 %) оның ішінде 2310 мүгедек бала.
Көрсеткіштер
Жылдар
2002
2003
2004
Алғаш рет мүгедек деп танылғандар (барлығы)
2160
2222
2198
оның ішінде:
балалар арасында
ересектер арасында
300
303
303
1860
1919
1859
Алғашқы мүгедектіктің серпінді көрсеткіші (мүгедектердің барлық санаттары үшін)
22,7
24
24
оның ішінде:
балалар арасында
ересектер арасында
13,3
14,9
12,3
25,6
26,5
28,3
Ересек халықтың арасындағы мүгедектік көбінесе қатерлі ісіктерден (20,7 %), қан айналымы жүйесінің ауруынан (20,6 %), психиканың бұзылуынан (14,9 %), жарақаттардан (9,2 %) туындайды. Мүгедек балалардың арасында көбінесе психиканың бұзылуынан (31,5 %), жүйке жүйесінің ауруларынан (9,1 %), туа біткен даму аномалиялардан (16,1 %) туындайды.
2004 жылы барлығы 8641 адам қайта куәландырылды, бұл ретте ішінара оңалту көрсеткіші 6,3 % құрады, мүгедектік тобының ауырлауы көрсеткіші - 6,5 %, толығымен оңалту көрсеткіші - 4,1 % болды.
Мүгедектердің жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым, бұл көрсеткіш мүгедектердің жалпы санынан 88,3 % құрайды.
2005 жылдың 1 қазанына алғаш рет 1711 немесе 90 % адам мүгедек болып танылды, 2004 жылдың осы кезеңіне алғаш рет 1622 немесе 87,8 % адам мүгедек болып танылды. Алғашқы мүгедектіктің өсуі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 228-б бұйрығының негізінде анатомиялық кемшіліктер - бір көздің соқыр болуы және 4 дәрежедегі құлақтың естімеуі бойынша «мерзімсіз» 3 топтық мүгедектікті берумен байланысты болып отыр. 2005 жылы балалар арасында 227 немесе 13,3 % адам, 2004 жылы осы кезеңге 232 немесе 14,3 % бала алғаш рет мүгедек болып танылды.
Топтардың ауырлығы бойынша мүгедектіктің көрсеткіші 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1,7 % төмендеді.
19124 мүгедек ішінен 6737 адамда оңалтудың жеке бағдарламасы бар.
Оңалтудың жеке бағдарамасының толығымен іске асырылуы 40%, ішінара іске асырылуы 45% құрайды.
2310 мүгедек балалардың ішінен 480 оңалтудың жеке бағдарламасы бар. Оңалтудың жеке бағдарламасының толығымен іске асырылуы 21 %, ішінара іске асырылуы 33 % құрайды.
1) Әлеуметтік оңалту
Мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын іске асыру, мүгедектердің мәселелерін шешу, олардың қызметіне белсенді қимыл жасау үшін мемлекеттік органдар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің жанында Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес құрылды. Осындай Кеңестер аудандық және қалалық әкімдіктердің жанында да құрылған. Кеңестер өз отырыстарын тұрақты түрде өткізіп отырады, Кеңестің отырыстарында мүгедектерді оңалтудың ең көкейтесті деген мәселелері қарастырылады.
Мүгедектер істері жөніндегі кеңестің мүшелері мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралардың, конференциялар мен семинарлардың ұйымдастыруына қатысады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді.
Мүгедектердің белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін уақытында протездеуді, кресло-арбаларды және басқа да компенсаторлық құралдардың беруін жүзеге асыру қажет. 2005 жылдың 1 қазанына 20873,3 мың теңге сомасына 531 мүгедек протездеуден өтті. Мүгедектерді протездеу мен ортездеу бойынша жеке деректер базасы құрылды. Мүгедектерді толығымен кресло-арбалармен қамтамасыз ету 2002 жылдан басталды. 2002-2004 жылдар аралығында 7433,4 мың теңге сомасына 265 кресло-арба сатып алынып тапсырылды. 2005 жылы 2384,4 мың теңге сомасына 57 кресло-арба сатып алынып тапсырылды. Бірақ та, кресло-арбалармен қамтамасыз ету 40 % құрайды.
Мүгедектерді сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 2005 жылы 17503 мың теңге бөлінді. Саңыраулар үшін дірілдейтін оятар сағаттары сатып алынды (213 дана), телефакс (52 дана), көпфункционалды дабылдатқыш жүйелері (40 дана), 6470,3 мың теңге сомасына балаларға арналған есту аппараттары (104 дана) сатып алынды. 860,0 мың теңге сомасына зағиптар үшін
«Книголюб-компакт» оқу машинасы сатып алынды. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді сурдологиялық және тифло құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру барысында 95 кірме жолдары және пандустар салынды, 29 дабыл құралдары бар арнайы бағдаршамдар мен жол белгілері орнатылды. Мүгедектердің тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Мүгедектердің инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында белсенді атқарылады. Қостанай қаласында мүгедектерге арналған пәтерлерді жеке жоспарлау жұмысы басталды. Қостанай қаласында арбадағы мүгедектерді тасымалдауға бейімделген 4 автобус пайдаланымға алынды.
Бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін облысымызда интернат-үйлері мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісі білдіреді. Қазіргі кезде 11 интернат үйі жұмыс істейді, олардың 6-ы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері, 2-і - жүйке-неврологиялық ауруларга, 2-і - ақыл-есі кем мүгедектерге арналған, Рудный қаласындағы 1 жүйке-неврологиялық интернат үйі қайта құрылу сатысында. Бұл мекемелерде 1476 адам толық мемлекет қарауында тұрып жатыр. Қостанай, Рудный және Арқалық қаларында тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін 3 әлеуметтік бейімделу орталықтары жұмыс жасайды. Қостанай қаласында әйелдер, жасөспірімдер және балаларға арналған бейімделу орталығы ашылды. 2145 мүгедек пен жалғызілікті қарттар үшін 20 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшілері жұмыс атқарады.
Қостанай қаласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес балаларға арналған екі әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері құрылып жұмыс жүргізеді. Аудандардағы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде балаларға арналған әлеуметтік қызметкерлердің штаттары енгізілген. 786 мүмкіндіктері шектеулі балалар әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері мен әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығында.
Мүмікіндіктері шектеулі балалар жалпы білім алу дайындығын арнаулы түзеу ұйымдарында алады.
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының жүйесі мен контингенті
Жылдар
2002
2003
2004
Мектепке дейінгі арнаулы ұйымдар
2
2
2
Арнаулы түзеу топтары бар, жалпы нысандағы мектепке дейінгі ұйымдар
23 топ
16 топ
16 топ
Мектепке дейінгі арнаулы түзеу ұйымдарындағы және түзеу топтарындағы бала саны
535
535
588
Арнаулы білім беретін түзеу мектептері
7
7
8
Арнаулы түзеу ұйымдарындағы және жалпы білім беретін мектептердің арнаулы сыныптарындағы бала саны
2058
1972
2058
Облыстың білім беру жүйесінің түзеу ұйымдарында 219 мүғалім істейді, оның ішінде 11 логопед, 6 тифлологопедагог, 7 олигопедагог, 7 психолог, 3 әлеуметтік педагог, 5 дәрігер және 17 медициналық бике.
Соңгы үш жылда түзеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасы едәуір жақсарды. Барлық ұйымдарда ғимараттар, спорттық залдар, санитарлык-техникалық жабдықтау мен канализация жүйелеріне ағымды жөндеу жүргізілді. Кейбір ұйымдардың төбелері, жылыту жүйелеріне жөндеу жасалды, ішінара жиһаз, жабдық және құрал-саймандар сатып алынды.
Облыстың түзеу білім беру ұйымдары үлгі оқу жоспары бойынша жұмыс атқарады. Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастамасы бойынша № 21 мектептің негізінде Дамыту, бейімдеу және психологиялық-педагогикалық түзеу бойынша балалар орталығы ашылды. Орталық арнаулы жабдықпен, қажетті материалдар, әдебиет және бейнетехникамен жабдықталған. Орталыққа мүмкіндігі шектеулі 55 бала қатысады.
Үш психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер құрылған, онда 3305 бала мен жасөспірім тексеруден өтті, 11 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері құрылған, онда тексеруден 754 бала мен жасөспірім өтті.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар қызметі көмек көрсетудің нақты түрлері мен нысандарын анықтау мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына тексеру жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
2) Медициналық оңалту
2002-2004 жылдар ішінде 12714,6 мың теңге сомасына 795 адам сауықтырылды. 2005 жылы 211 мүгедекті сауықтыру үшін 5270,0 мың теңге, 345 ардагер мен мүгедектерді сауықтыру үшін 7452 мың теңге көзделді. Ағымдағы жылдың 1 қазанына жеке санаттағы 111 мүгедек санаторлық-курорттық емделуден өтті, 100 мүгедек бала «Дружба» санаторийі негізінде санаторлық-курорттық сауықтырылудан өтті. «Сосновый бор» санаторийінде 345 адам сауықтырылды.
Мүгедектердің Қостанай қалалық еркін қоғамының оңалту орталығында 5 жылдың тоғыз айында 220 адам емделуден өтті.
Облыстың медициналық мекемелерінде мүгедектер медициналық оңалтудан өтеді. Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарында 18887 мүгедек диспансерлік есепте тұрады, оның ішінде 2235-і 16 жасқа дейінгі балалар. Ағымдағы жылдың тоғыз айында 6958 мүгедек медициналық оңалтудан өтті, бұл диспансерлік есепте тұратын мүгедектердің жалпы санынан 43 % құрайды.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 2923 мүгедек емдеу-алдын алу шараларымен қамтылған.
Диспансерлік есепте тұратын мүгедек балалар облыстық балалар ауруханасының негізінде, Қостанай және Рудный қалалық балалар ауруханаларының қалпына келтіру жөніндегі емдеу бөлімшелерінде, Аркалық және Лисаков қалалық емханаларында, аудандық орталық ауруханалардың амбулаторлық-емханалық бөлімшелерінде жыл сайын сауықтыру мен медициналық оңалтудан өтеді. Өткен кезең бойынша 171 мүгедек бала, оның ішінде қалпына келтіру жөніндегі емдеу бөлімшелерінде 77 мүгедек бала сауықтандырылды. «Балбұлақ» республикалық балалар оңалту орталығында жүйке ауруымен ауыратын 17 бала емдеуден өтті.
Облыста туа біткен даму ауытқуларының алғашқы алдын алу, жүкті әйелдерге медициналық-гигиеналық кеңес беру өткізіледі, туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және оны диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілген.
Мүгедектіліктің алдын алу және оны төмендету үшін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және қоғамдық бірлестіктердің кешенді түрде жұмыс жасауы жүзеге асырылады.
3) Кәсіптік оңалту
19124 мүгедектер ішінен 7870 мүгедек (41 %) еңбекке қабілетті болып табылады. 234 мүгедек кәсіби даярлық пен қайта даярлаудан өтті. 199 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша жұмыс атқарылады.
Мүгедектерді қоғамға біріктіруді, білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті үлкен жұмыс жүргізеді. Университетте инклюзивтік білім беру орталығы құрылған, онда 72 мүгедек студент оқиды.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы мүгедектердің тіршілік әрекеті және қоғамға бірігуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін осы заңмен көзделген экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасауды талап етеді.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында 2006-2008 жылдарға арналған Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламасы әзірленді.
Бөлім 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын кеңейту;
мүгедектерді әлеумеітік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс деңгейін жақсарту;
оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту, олардың қызметінің нысандары әдістерін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің атаулылығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру;
мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу нысандарын дамыту;
жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асырудағы рөлін және жауапкершілігін арттыру;
мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын құру;
әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оңалту саласындағы кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Мүгедектіктің қазіргі заманғы танылуына орай, Бағдарлама мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысының негізгі бағыттары ретінде қоғамда өмір сүру және бірігу үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау деп айқындайды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау оларға әлеуметтік көмек беру, медициналық және кәсіби оңалту жолымен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаны іске асыру мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмірін жеңілдететін компенсаторлық құралдармен жүйелі жетілдіру жолы арқылы жүзеге асырылады. Кәсіби бағдар, қосымша және арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мүгедектердің қоғамға бірігуіне, мүгедектерді белсенді өмір сүруге тартуға ықпал етеді.
Мүгедектіктің алдын алу дене, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық кемістіктердің туындауын болдырмауға (бірінші деңгейдегі алдын алу) және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке ұласуының алдын алуға бағытталған (екінші деңгейдегі алдын алу) шаралар кешенін қарастыратын болады.
Олар:
1) әйелдер консультациялары мен босанатын мекемелерде әйелдерге, жас балаларға скринингтік тестілеуді уақытында жүргізуді және оның сапасын арттыруды қамтитын болады, патологияны оның бастапқы даму кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді;
2) жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуді, еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсізідігін және еңбекті қорғауды;
3) мүгедектігі бар адамдардың деректер банкін құруды қамтитын болады.
Бөлім 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 2687,0 миллион теңге, оның ішінде:
2006 жылы - 595,7 миллион теңге,
2007 жылы - 1726,7 миллион теңге,
2008 жылы - 364,5 миллион теңге,
республикалық бюджеттен - 1930,8 миллион теңге; оның ішінде:
2006 жылы - 396,5 миллион теңге,
2007 жылы - 1500,8 миллион теңге,
2008 жылы - 33,5 миллион теңге,
жергілікті бюджеттен - 756,2 миллион теңге; оның ішінде:
2006 жылы - 199,2 миллион теңге,
2007 жылы - 225,9 миллион теңге,
2008 жылы - 331,0 миллион теңгені құрайды.
Бөлім 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру:
оңалту іс-шараларының көлемін көбейтуге;
мүгедектердің, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып техникалық құралдармен толық қамтамасыз етуге;
мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;
мүгедектердің жұмыс іздеу, мамандық алу және әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдем жасауға;
мүгедектердің конституциялық құқықтарын толық түрде іске асыруға;
мүгедектердің қоғамға біріктіруін жеделдеуге ықпал етеді.