Об утверждении районной программы реабилитации инвалидов в Камыстинском районе на 2006-2008 годы Қолданыста
Басқа 0
Қамысты ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аудандық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандык мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі ұсынған Қамысты ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аудандық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке және аудандық мәслихаттың бюджет және экономика, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік корғау, тілдер және экология жөніндегі тұракты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 4. ҚАМЫСТЫ АУДАНЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мәслихаттың
2006 жылғы 28 қаңтардағы
№ 169 шешімімен бекітілген
ҚАМЫСТЫ АУДАНЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Қамысты ауданындағы мүгедектіліктің қазіргі жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен негізгі бағыттары
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаңы іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы:
Қамысты ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аудандық бағдарламасы.
Әзірлеу үшін негіз:
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы.
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган:
«Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мақсат:
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Міндеттер:
Мүгедектерге қоғамға жан-жақты бірігу үшін мүмкіндік беру, дербес өмір салтын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, мүгедектіктің деңгейін төмендету;
мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялык және сурдологиялық көмектің атаулылығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру;
мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын ұлғайту;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді үлгілерін дамыту.
Бағдарламаны орындаушылар:
Селолық округтер мен селолардың әкімдері, Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Аудандық білім беру бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Құрылыс бөлімі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Дене тәрбиесі және спорт бөлімі, «Қамысты аудандық ауруханасы» Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері:
Бағдарламаны іске асыруға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
Бағдарламаны іске асыру:
оңалту іс-шараларының көлемін көбейту, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету, мамандық алу және жұмысқа орналасуға жәрдем жасауға;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымын нысандарына және ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға ықпал етеді.
Іске асыру мерзімі: 2006-2008 жылдар.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Мүгедектік проблемасының көкейтестілігі оның ауқымдылығына байланысты. БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша мүгедектердің жалпыәлемдік саны 600,0 млн. адам немесе халықтың 10 % құрайды. Олардың ішінде 385 миллион адам еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар болып табылады.
Осындай жағдайға байланысты соңғы 30 жылдың ішінде, әлемде мүгедектерге қарасты саясаттың тетігі қалыптасып тұрақты беталысқа айқасты, мүгедектерге арналған мемлекеттік пен қоғамдық институттарын анықтауға және саясатын іске асыруға осы әлеуметтік топтағы мәселелерін жақын зерттеп шешуге әр елдің үкіметтері қолдау көрсетті.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасынын Конституциясы, сондай-ақ халықаралық, қоғамдық, құқықтық нормалары мүгедектерді әлеуметтік қолдау және қорғау, олардың экономикалық, саяси және басқада құқықтарын, бостандығын іске асыру мүмкіншілігіне бірдей қамтамасыз етуіне кепілдік береді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементінің бірі оңалту болып табылады, өзіне әлеуметтік-экономикалық, медициналық, педагокикалық шараларды кіргізеді, организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларының өтеу және қалпына келтіруге жіберілген, өз өзіне қызмет көрсету мүмкіндігін, әртүрлі кәсіптік қызметінің түрін, сондай - ақ мүгедектерге сапалы өмір сүруге мүмкіндік етеді.
Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негіз болып табылады.
Бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен Республикасының 2010 жылға дейінгі даму Стратегиясының шеңберінде әзірленді.
Тарау 3. 3. Қамысты ауданындағы мүгедектіліктің қазіргі жай-күйін талдау
3. Қамысты ауданындағы мүгедектіліктің қазіргі жай-күйін талдау
Қамысты ауданында - 309 мүгедек тұрады, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер - 22 адам, 2 топтағы - 145 адам, 3 топтағы - 142 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 40 адам. Мүгедектердің бастапқы құрылымында мүгедектіктің бірінші психиканың бұзылуынан ауыратындар, екінші орында - қан айналымы жүйесінің ауруынан ауыратындар, үшінші орында- қатерлі ісіктер, төртінші орында- жарақаттар. Мүгедектердің жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым.
Халықтың еңбек етуге жарамдыларының арасында мүгедектіктің дамуына әлеуметтік және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызмет көрсетудің жоғары бағалығы әсер етеді. Мүгедектерді жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру және оқыту жұмыстары жүргізіледі. Бірақта мүгедектердің еңбегін пайдаланып отырған кәсіпорындар таратылып немесе өз қызметінің түрін өзгертті. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қолайлы бос орындар болмауына байланысты сирек ұсынылады.
Ауданда жалғызілікті қарттар мен мүгедектерді, мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау үшін әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Мүгедектерге арнайы еңбек жағдайын жасап және еңбекақы төлеу жұмыс берушілерге экономикалық тиімсіз. Әлеуметтік қызметкерлермен мүгедек балалары бар отбасыларын тұрақты тексеру жүргізіп отырады. Есепте - 40 мүгедек бала тұрады, 9 мүгедек бала күтіледі.
Қарттар үйіне қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерлермен бөгде адамның күтіміне аса мұқтаж 1-2 топтағы 2 мүгедек адамға күтім көрсетіледі.
Мүгедектердің арасында санаторлық-курорттық сауықтырылу бойынша жұмыстар жүргізіледі, жыл сайын тұрақты мүгедектердің, мүгедек балалардың сауықтырылуы өтеді.
2003 жылы «Дружба» санаторийінде 2 мүгедек бала сауықтырылды, 2004 жылы 2 мүгедек бала сауықтырылды, 2005 жылы 2 мүгедек бала сауықтырылды.
«Сосновый бор» санаторийінде 2004 жылы 5 мүгедек сауықтырылды, 2005 жылы 5 мүгедек сауықтырылды.
Мүгедектердін тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфроқұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледі. Төрт пандустар салынды: Қамысты селосының аудан орталығында «Қазақстан», «Меркурий-2», «Визит» өнеркәсіп-азық түлік дүкенінде, өндіріс өнім дүкені, Арқа селосында теміржол вокзалыңда.
Интернат үйіне орналастыру және үйдегі күтімге зәру мұқтаж мүгедек балалар мен мүгедектерді айкындау жұмысы үнемі жүргізіледі.
Санаторияда сауықтандыруға тілегі бар барлық санаттағы мүгедек балалардың , мүгедектердің арасында сауал жүргізіледі. Мүгедектер техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 2003 жылы-1, 2004 жылы-2 мүгедектік арбалары алынды.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын кеңейту;
мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс денгейін жақсарту;
мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің атаулылығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру;
мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу; мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу нысандарын дамыту;
жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асырудағы рөлін және жауапкершілігін арттыру;
мүгедектердің орталықтырылған деректер базасын құру;
әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оңалту саласындағы кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен негізгі бағыттары
5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі мен негізгі бағыттары
Мүгедектіктің қазіргі заманғы танылуына орай, Бағдарлама мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету жұмысының негізгі бағыттары ретінде қоғамда өмір сүру және бірігу үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау деп айқындайды. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау оларға әлеуметтік көмек беру, медициналық және кәсіби оңалту жолымен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаны іске асыру мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмірін жеңілдететін компенсаторлық құралдармен жүйелі жетілдіру жолы арқылы жүзеге асырылады. Кәсіби бағдар, қосымша және арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мүгедектердің қоғамға бірігуіне, мүгедектерді белсенді өмір сүруге тартуға ықпал етеді.
Мүгедектіктің алдын алу дене, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық жемістіктердің туындауын болдырмауға (бірінші деңгейдегі алдын алу) және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке ұласуының алдын алуға бағытталған (екінші деңгейдегі алдын алу) шаралар кешенін қарастыратын болады.
Олар:
Тармақша 1
1) әйелдер консультациялары мен босанатын мекемелерде әйелдерге, жас балаларға скрингтік тестілеуді уақытында жүргізуді және оның сапасын арттыруды қамтитын болады, медициналық алдын-ала тексерулер мең халықты диспансерлеуді, оның ішінде еңбектің зиянды және қолайсыз жұмыс істейтін адамдардың паталогиясын оның бастапқы даму кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді;
Тармақша 2
2) жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуді, еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды;
Тармақша 3
3) мүгедектігі бар адамдардың деректер банкін құруды қамтитын болады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған басқа да қаражат бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджет қаражатынан:
2006 жылға - 312,0 мың (үш жүз он екі мың) теңге;
2007 жылға - 331,0 (үш жүз отыз бір мың) теңге;
2008 жылға- 331,0 (үш жүз отыз бір мың) теңге;
жергілікті бюджет қаражатынан:
2006 жылға - 1705,0 мың (бір миллион жеті жүз бес мың) теңге;
2007 жылға - 2178,0 мың (екі миллион жүз жетпіс сегіз мың) теңге;
2008 жылға - 2188,0 мың (екі миллион жүз сексен сегіз мың) теңге жоспарланған.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру:
оңалту іс-шараларының көлемін көбейтуге;
мүгедектердің, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып техникалық құралдармен толық қамтамасыз етуге;
мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым обьектілері мен ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;
мүгедектердің жұмыс іздеу, мамандық алу және әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдем жасауға;
мүгедектердің конституциялық құқықтарын толық түрде іске асыруға;
мүгедектердің қоғамға біріктіруін жеделдеуге ықпал етеді.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/қ
Іс-шаралар
Орындалу нысаны
Орындалуына жауаптылар
Орындау мерзімі
Болжалды шығыстар
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
Мүгедектіктің алдын-аулу
1.
Мыналарды: - әйелдер консультациялары мен босанатын мекемелерде әйелдерге туа біткен және тұқым қуалайтын паталогияның, инфекция мен генетикалық ауруларына пренатальдық скрининг;
- жас балалардың психо-физикалық дамуына скринингтік тестілеуді уақытында жүргізу және олардын сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 30 желтоқсанға ақпарат
«Қамысты аудандық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2006-2008 жылдар
Шығындар
талап етілмейді
2.
Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуді және еңбек қауіпсіздігі мен жағдайларын сақтау
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөліміне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыс берушілер
2006 жыл
Қаражат
талап етілмейді
3.
Өңірлерде мүгедектікке әкеліп соғатын аурулардың алдын-алу жөніндегі жұмыстарыды жүргізу
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 30 желтоқсанға ақпарат
«Қамысты аудандық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдык кәсіпорны
2006-2008 жылдар
Шығындар талап етілмейді
4.
Мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, оның орындалуына жауаптылармен мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасымен іске асыруын қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Қамысты аудандық ауруханасы»
2006-2008 жылдар
Шығындар талап етілмейді
5.
Аудандық ауруханада медициналық оңалтуды жүргізу
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 30 желтоқсанға ақпарат
«Қамысты аудандық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет қаражатының есебінен
6.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді санаторлық-курорттық емделуге жіберу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет
Әлеуметтік оңалту
7.
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік көмекті үйде көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыру
Жұмыспен камтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, селолық округтер мен селолардың әкімдері
2006-2008 жылдар
2006-689,0 2007-896,0 2008-896,0
Жергілікті бюджет
8.
Мүгедектер мен жалғызілікті қарт азаматтарға әлеуметтік көмекті үйде көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, селолық округтер мен селолардың әкімдері
2006-2008 жылдар
2006-858,0 2007-1115,0 2008-1115,0
Жергілікті бюджет
9.
Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды оқытуға арналған төлемдерді қамтамасыз ету
Әкімдіктің қаулысы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-150,0
2007-159,0
2008-169,0
Жергілікті бюджет
10.
Протездеу мен ортездеу, ортопедиялық аяқ киіммен, ортопедиялық аппараттармен, корсеттермен және өзге де протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, жаңа технологиялар бойынша протездеумен және ортездеумен байланысты қызмет түрлерін ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет қаражатының есебінен
11.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнайы жүріп-тұру құралдарымен (арба-қораптармен) қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет қаражатының есебінен
12.
Есту бойынша мүгедектерді
сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет қаражатының есебінен
13.
Көру бойынша мүгедектерді
тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 30 желтоқсанға ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет қаражатының есебінен
14.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық заттармен, жеке көмекшімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне есеп берулер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006-312,0
2007-331,0
2008-331,0
Республикалық бюджеттен трансферт
15.
Қолданыстағы әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жүргізу
Түгендеу актісі
Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Құрылыс бөлімі
2006 жылдың 1-2 тоқсаны
Шығындар
талап етілмейді
16.
Қайта жаңғыртуды талап ететін объектілердің тізбесі (бұдан әрі-Тізбе) белгіленсін және мүгедектердің әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымға мүгедектердің қол жеткізуі үшін пайдалануына бейімдеу жөніндегі кезеңді жұмыс жоспарын әзірлеу
Қайта жаңғыртуды талап ететін объектілердің тізбесі
Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Құрылыс бөлімі
2006 жылдың 1-2 тоқсаны
Шығындар
талап етілмейді
17.
Мүгедектерге әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердің пайдалануына бейімдеу тізбесі мен жоспарына сәйкес қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, автотұрақтарға қол жеткізуіне мүмкіндік жасау
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Ғимарат иелері
2006-2008 жылдар
Ғимарат иелерінің қаражаты есебінен
18.
Мүгедектердің салынып жатқан тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көліктік және инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуіне мүмкіндік жасалсын, кірме жолдардың, пандустардың мүгедектердің кресло-қораптарына арналған құрылғылардың салынуын қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Құрылыс бөлімі, Ғимарат иелері
2006-2008 жылдар
Ғимарат иелерінің қаражаты есебінен
19.
Мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының көрме-жәрмеңкелерін өткізу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, жыл сайын қазан
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
2006 жылдың 1-2 тоқсаны
Қаражат
талап етілмейді
20.
Мүгедектер күніне ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, жыл сайын қазан
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
2006-2008 жылдар
Қаражат талап етілмейді
21.
Мүгедектерді шақырумен спорттық шараларды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, жоспарға сәйкес бір жыл бойы
Дене тәрбиесі және спорт бөлімі
2006-2008 жылдар
Қаражат талап етілмейді
Кәсіптік оңалту
22.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқыту және тексеру бойынша жұмыстарды жалғастыру
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қамысты аудандық білім бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қаражат талап етілмейді
23.
Мүгедектерге жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызды квотасын беруді ұйымдастыру
Әкімдіктің қаулысы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қаражат кажет етпейді
24.
Мүгедектерді даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналасуға көмектесу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, селолық округтер мен селолардың әкімдері
2006-2008 жылдар
Облыстық бюджет қаражатының есебінен
Мүгедектерді оңалту аудандық денгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестітерімен өзара қарым-қатынасы
25.
Мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қаражат кажет етпейді
26.
Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006-8,0
2007-8,0
2008-8,0
Жергілікті бюджет