Об утверждении Программы развития и поддержки малого и среднего предпринимательства Жаксынского района на 2006-2008 годы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына және биылғы жылдың 31 қаңтарындағы № 124 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің 2006 жылдың 23 наурыздағы № А-2/58 қаулысы бойынша, аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006-2008 жылдардағы ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы аталған Бағдарламаны орындау және алға апару аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің толық орындалуын бақылау мәслихаттың тұрақты комиссияларына тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққаннан кейін күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: Аудан әкімі Е.Нұғыманов
Басқа 5
2006 жылдың 24 наурыздағы аудандық мәслихат сессиясында № С-28-10 шешімімен бекітілді Жақсы ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Тарау 1. 1. Бағдарламаның төлқұжаты
1. Бағдарламаның төлқұжаты Атауы Жақсы ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Негізгі дайындаушы Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі Дайындалуына негіз Мемлекет басшысының 18.02.2005 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы, 2005 жылғы 12 мамырдағы №450 Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған жеделдетілген іс-шаралары Бағдарламасы Бағдарлама мақсаты Жаңа жоғарғы технологиялық бәсекеге қабілетті өндірістер құруға, жаңа жұмыс орындарының санын көбейтуге бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты дамыту жолымен «орта талапты» қалыптастыру үшін жағдай жасау. Бағдарлама міндеті Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдық жағдайларды жасау. Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржы - несиелік және инвестициялық қолдаудың жаңа көздері мен тетіктерін іздеу. Инфрақұрылым нысандарын жасау және одан әрі дамыту, шағын және орта бизнеске мамандар даярлау, кайта дайындау және біліктілігін көтеруді ұйымдастыруға ықпалдасу. Шағын және орта кәсіпкерліктің мүдделерін қолдау және қорғау мәселелерінде өкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру. Жаңа өндірістер ашу, жұмыс істеп тұрғандарын дамыту және тоқтап қалғандарын қалпына келтіру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешу. Қаржыландыру көзі 1. Облыстық бюджет, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қаржысынан, екінші деңгейлі банкілердің несиелерінен, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының мақсатты зайымдарынан, гранттарынан, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің және қоғамдық бірлестіктерінің қаржысынан. Күтілетін нәтижелер Көбейеді: шағын кәсіпкерлік нысандары саны: 2006 жылы - 900 бірлік; 2007 жылы - 950 бірлік; 2008 жылы - 1000 бірлікке дейін; шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны: 2006 жылы - 1600 адам; 2007 жылы - 1700 адам; 2008 жылы - 1800 адам шағын кәсіпорындар өткізген тауарларынан, қызметтерінен түскен кіріс: 2006 жылы - 220 млн. теңге; 2007 жылы - 250 млн. теңге; 2008 жылы - 290 млн. теңге жаңа жұмыс орындарын ашу: 2006 жылы - 50 2007 жылы - 52 2008 жылы - 55 Жүзеге асыру мерзімі 2006-2008 жылдары
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Жақсы ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейінгі кезеңде дамыту Стратегиясын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауын, облыстық департаменттермен және ведомстволармен, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен, аудандық (қалалық) әкімдіктермен енгізілген ұсыныстары ескеріліп, Ақмола облысын 2006-2008 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта жедел жоспарын жүзеге асыру мақсатында дайындалды. Стратегиялық жоспарлау, көзделген іс-шараларды кезең-кезеңмен орындау, Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылатын экономиканы реформалаудың негізгі тетіктерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерімен тығыз байланыс орнату Бағдарламаның негізгі бағыты болып табылады. Осы бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуды, жаңа технологиялы өндірістер ашуды, шығарылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды ынталандырудың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жасау арқылы орта талапты қалыптастыруға бағдарланады.
Тарау 3. 3. Жақсы ауданданында кәсіпкерлікті дамыту жағдайына талдау жасау
3. Жақсы ауданданында кәсіпкерлікті дамыту жағдайына талдау жасау Аудандағы кәсіпкерліктің даму барысына жасалған талдау оның ырғақты жэне өрлеу бағытында екенін, ол оң нәтижелер әкеліп, бюджетке қомақты түсім көзі ғана болмай, сонымен бірге әлеуметтік шиеленушілікті төмендету факторы да болып табылатынын дәлелдей түседі. Статистика органдарының деректері бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін 816 шағын бизнес нысаны, оның ішінде 46 шағын кәсіпорын, 284 жеке кәсіпкерлер, 486 шаруа қожалықтары тіркелген. Шағын кәсіпкерліктің нысандарында жұмыс істеп жүрген адамдардын жалпы саны 1468, оның ішінде шағын кәсіпорындарында - 268, шаруа қожалықтарында - 796 жеке кәсіпкерлердің соңы - 404 адамға жетті. Шағын бизнес өнімдерін сату айналымынан түскен жалпы пайда көлемі 283,9 млн. теңге құрады, оның ішіңде шағын кәсіпорындары 122,3 млн. теңге, шаруа қожалықтары - 85,5 млн. теңге, жеке кәсіпкерлер бойынша 76,1 млн. теңгені құрады. Шағын бизнес нысандары қызметінен бюджетке 23,7 млн. теңгенің салықтары мен төлемдері түсті. Соңғы жылдары шағын кәсіпорындарының салалық құрылымдарында қалыптасқан жағдай негізінен түбетейкі өзгерген жоқ. Көпшілік белсенді заңды тұлғалар - шағын кәсіпкерлік нысандары ауылшаруашылығында - 56 %, саудада - 38 %, ауылшаруашылық өнімдерің қорыту саласында - 6 % мамандаған. Ауданның елді мекендері бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Жақсы кентіде - 47%, Қайрақты және Қима ауылдарында - 9,6 %, Ешім ауылында 5,2 % орналасқан. Шағын бизнес өнімдері басқа да шаруашылық нысандарымен бірге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін конкурстарға қатысады, бюджет қаржысын тиімді пайдалануға ықпалдасады. Тек 2005 жылдың 9 айында аудан бойынша тауарларды (жұмыстарды, кызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша 243 тендер өткізіліп, олардың ішінде 179 шағын бизнес нысаны жеңімпаз аттанды. Ауданда сауда үйлерін, дүкендер, қонақ үйлер салу мен қайта жаңарту мақсатында қаржы салымының мөлшелері өскендігі байқалады. Биылғы жылы қайта жаңартудан кейін аудан орталығында ЖШС «Әуке» күшімен ет дүкені, «Айдана» сауда үйі, сегіз орындық «Алмаз» қонақ үйі іске қосылды. Жеке кәсіпкерлер Журавлева С. Бейбітшілік көшесіндегі дүкенінің және Гертнер А.В. «Весна» сауда үйінің құрылысы бітуге жақын. Мұның бәрі сауда - саттық торабында бәсекелік орта дамытуға, тауар ассортиментін ұлғайтуға тұрғындарға берілетін қызмет сапасын арттыруған себін тигізбек. Шағын және орта кәсіпкерлікті ырғақты дамыту мақсатында жыл сайын шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржылық-нәсиелік қолдау жүзеге асырылады. 2004 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 4060 мың теңгенің жалпы сомасына қаржылық - несиелік қолдау көрсетілді. Биылғы жылы ауданда «Валюттранзитбанкінің» шағын несие мекемесінің өкілеттігі ашылды, Құрамында 20 ауыл тауар өндірушілері бар ауылдық Жақсы-Қима несие серіктертігі құрылды, республикалық АҚ «Ауылшаруашылығын» қаржылай қолдау қоры басқармасы Жақсы ауданы бойынша несие офицерін бекітті. Биылғы жылы аталмыш қордан көлемі 65 мың және 130 мың теңгеден тұратын 46 азаматқа өз ісін ашуға 5135 мың теңге шағын несие берілді. Бұның сыртында «АҚ шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан» аудан кәсіпкерлеріне жалпы көлемі 14 млн. 650 мың теңгені құрайтын несие бөлінді. Ауыл тауар өндірушілерін несиелеудің жағынды бағыты - кепілдік мүліктерді (жұмыс жағдайындағы техника шыққан жылына қарамастан) төменгі пайыздық мөлшерлемесімен ұсыну бойынша оңтайландырылған талаптарын ұсыну болып табылады. Ауданда шағын кәсіпкерліктің қызметін үйлестіру және дамуына ықпал жасау үшін құрамында 12 адамнан сайланған аудандық шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша үйлестіруші кеңесі және құрамында 5 кәсіпкерден сайланған эксперттік кеңес құрылды. Бірақ, өкінішке орай, бизнесмендердін өздерінің енжер ұстанымынан қазіргі ұақытта бұл құрылымдар кәсіпкерлер мүнддесінде толық ауқымда көрініс бермен тұр. Есіл, Атбасар және Көкшетау қалаларының кәсіби білім беру мектептері мен колледждерінде шағын және орта бизнес үшін мамандар даярлау және қайта дайындау жалғасуда. Биылғы жылы түрлі мамандың бойынша кәсиби білім алуға 20 адам жіберілген, оның 17 бүтінгі таңда оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар, ауданда биыл ашылған 192 орындық оқу өндіріс комбинатында тракторист - машинист, тігінші, жүргізуші, газ және электр дәнекері ЭВМ операторы мамандары даярланады. Шағын кәсіпкерлік нысандарын ақпараттық қамсыздандыру үшін биыл ауданда АҚ Казагромаркетинг бірлестігінің өкілдегі - ауылдық ақпарат орталығы (ААО) басты мақсаты ақпараттың ағымдарды оңтайландыру және аграрлық нарық қатысушыларды дәлме-дәл маркетингілік, коммерциялық және ауыл шаруашылық саласының әртүрлі бағыттары бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Салыстырма ақпарат деректер базасы нысанындағы «АгроВебПорталда» орналастырылған және өз алдына құпия сипатта болады. Осылайша, ауданда шағын кәсіпкерлік - экономиканың тұрақты буынына айналды. Шағын бизнес тауарлар мен қызметтер номенклатурасын көптеп шығару және таратуға ыңғайланды, тұтыну нарығының қажеттіліктеріне де жылдам назар аударады, инновацияның да басты ошағы болып табылады. Бұл қазіргі жағдайда өндірісті диверсификациялау және тұтынушылық сұранысты мамандандыру жағдайында ерекше назарға ие екенін көрсетеді. Шағын компаниялардың көп болуы бизнес саласындағы бәсекелестіктің өсуіне әкеледі, бұл монополияландырудан бас тартуға жол ашады, осылай облыс экономикасының жалпы сауығуына ықпалдасады. Сонымен катар шағын кәсіпкерлікті дамытуда келесі факторлар жағымсыз әсерін тигізеді: - кәсіпкерлік саласындағы қолданыстағы заңдардың жетілдірілмеуімен түсіндірілетін, шағын кәсіпкерлік нысандарын дамытуға кедергі жасайтын әртүрлі әкімшілік кедергілердің болуы; - қаржы көздерінің жетіспеушілігі, несие ресурстарына қол, жетпеушілік, кепілдік қордың болмауы; - жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өнім өткізуден және қызмет көрсетуден алынатын кіріс деңгейінің көмендігі, төмен қорлану және жоғары еңбек өнімділігінің болмауы; - шағын бизнесті қолдаудың инфрақұрылымдарының жетімсіз дамуы; - кәсіпкерлер мүддесін ұсынатын қоғамдық бірлестіктердің, ассоциациялардың төмен белсенділігі. Осы бағдарламамен облыста шағын кәсіпкерлікті табысты дамытуға бұл факторлардың эсер ету деңгейін төмендету үшін іс - шаралар қарастырылады.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның басты мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты дамыту мен қолдау тұрақтылық негізі ретінде аймақтың жалпы өнімі құрылымында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру болып табылады. Жаңа жоғарғы технологиялы бәсекелестікке қабілетті өндірістер ашуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған шағын өндірістерге, импортты алмастыруға бағытталған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту есебінен «қоғамның шағын класын» қалыптастыруға негізделген жағдайларды жетілдіру. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау ұсынылды: - шағын кәсіпкерлік нысандардың несие ресурстарын алуын жеңілдету; - бәсекеге қабілетті кластерлерді енгізу және дамыту, шикізатқа тәуелділіктен арылуға мүмкіндік беріп, экономикаға тұрақты ырғақ қосады; - лизингілік, франчайзингілік қатынастарды дамыту, әлемдік брэндтердің технологиясын қолдана отырып, кәсіпкерлік потенциалын кеңейту; - халықаралық ИСО стандарттары бойынша сапалық менеджмент жүйелерін енгізу; - кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын кеңейту және дамыту, ақпараттық қамтамасыз ету мен шағын және орта кәсіпкерлікті насихаттау; - туристік қызмет саласында шағын және орта бизнесті дамыту; - шағын және орта кәсіпкерлікті қоғамдық қолдау жүйелерін қалыптастыруды жеделдету; - шағын және орта бизнес нысандарының құқын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың тиімді жұмысын арттыру; кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары мен ережелерін жетілдіруге және оңтайландыруға үлес қосу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері.
Тармақ 1. §1. Шағын және орта бизнесті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау жүйелерін дамыту.
§1. Шағын және орта бизнесті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау жүйелерін дамыту. Соңғы жылдары кәсіпкерлік нысандар үшін қаржы - несие ресурстарын алудың қиындығы кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін мәселелер тізілімінде алдыңғы орындарды иеленеді. Шағын бизнесті қаржылық - несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету облыста несиелеудің үш деңгейлі жүйесін еңгізуге негізделетін болады. Жүзеге асырудың бірінші кезеңі кәсіпкерлікті жаңа бастағандар үшін несиені рәсімдеудің техникалық тәртібінің оңтайланған жолы бойынша шағын несиелеу жүйелері болып табылады. Шағын несие ұйымдарын алуға жекелеген тұрғындар тобының, оның ішінде банкі секторының қаржы қызметтеріне қазіргі уақытта қамтылмағандарының мәселесін шешуге тиіс. Қалыптасқан күрделі жағдайдың себеп - салдары болып табылады: - жоғары ликвидті кепілдемемен қамтамасыз етудің болмауы; - берілетін несиелерге сыйақының жоғарғы мөлшерлемесі; - өз бизнесін ұйымдастыруда ауыл тұрғындарының білімі мен тәжірибесі болмауы; - несие тапсырыстарын дайындау кезінде білімнің және практикалық танымның болмауы. Аталған кемшіліктерді жойып, аудандағы кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру үшін шағын несиелеу жүйесі қалыптасты. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, кедейшіліктің (ӘӘК қысқаруына) төмендеуіне және жаңа бастаған кәсіпкерлерге несие тарихын оңтайлы қалыптастыруға жол ашады. 2006-2008 жылдар ішінде ауданда ауылдық жерлерде және шағын несие ұйымдарын ашу жоспарланып отыр. Қашан айналымдағы қаражат пен ликвидті кепілзат қатты жетіспегенде, бизнесті дамытудың мұндай кезеңі кәсіпкерлерді қолдаудың екінші кезеңі болып табылады. Несиелеу екінші деңгейлі банктердің, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының, селолық несие серіктестіктерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылып кәсіпкерлердің айналымдағы қаражатын толықтырып, олардың материалдық - техникалық базасын жақсартады. Несие мекемелерімен өндірістік қауіпті бөлісіп, өмірлік жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Дамыту институттарының (Қазақстан даму банкі, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры инвестициялық компаниясы» АҚ және т.б.) қаржы қолдауы көмегімен жүзеге асырылатын белгілі несие тарихымен тәжірибесі бар, кәсіпкерлер үшін инновациялық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшінші кезең болып табылады. Бұл кәсіпорындарды дамыту жоғары технологиялы өндірістердің шығуына, өндірістерді диверсификациялау және лизингі, венчур құрылымдарын дамыту үшін қосымша капитал алуға ықпал ететін болады. Бұған қоса, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы желісі бойынша кепілдендірілген несиелеу бағдарламасын дамыту қолға алды. Бүл бағдарлама несиені жабуға қабілетсіз болған жағдайда шығынды (бөлігін) жабу жолымен несие мекемелерімен тәуекелді бөлісуге және өмірлік инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға тілек білдірген кәсіпкерлерді қолдауға бағытталады. Қор шағын кәсіпкерлік нысандарының халықаралық сапа стандарттарына ауысу үшін, оларды енгізу шығындарының 50 пайызға дейін қаржыландыру есебінен, лизингі мәлімелері, жобалық қаржыландыру есебінен несиелеу жүйесін жетілдіруге ықпал жасайтын болады. Сондай-ақ «банк - кәсіпкер-сақтандыру компаниясы» қаржы қарым-қатынасы аясында жасау үшін негіз қалайтын сақтандыру несие тәуекелдерін енгізу және «кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру» сақтандырудың жаңа түрін дамыту ұсынылады. Яғни, қор сақтандыру ұйымдарымен шағын кәсіпкерлік нысандарының екінші деңгейлі банктер және жекелеген банк мәлімелерінің түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдында міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге олардың кепілдемесін сақтандыру шарттар жасасады. Мұндай іс-тәжірибені бейімдеу және енгізу қаржы институттарының шағын кәсіпорындарымен жұмыс істеуге қызығушылығын ынталандыруға жол ашады, және кәсіпкерлердің несие ресурстарына мүмкіндігін кеңейте түседі. Осындай мәселелерді шешу өз негізінде шағын кәсіпорындар санының тұрақты артуына және олардың өндірістік қызметтерінің жақсаруына ықпал етеді.
Тармақ 2. §2. Кластерлік - жүйелілік жағынан шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту.
§2. Кластерлік - жүйелілік жағынан шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту. Кластерлік - жүйелілік жағынан келу. «Кластер» ұғымы экономикалық әдебиетте бір-бірімен бірыңғай тізбекті базасын жасау аясында өзара әрекет етуші, нарықтық институттар мен тұтынушыларды байланыстырушы, технологиялар, және ноу-хаулар жасаушы өндірістік және/немесе сервистік фирмалардың аумақтық базада қалыптасқан индустриалды кешені ретінде анықталады. Кластерлік жүйелілік жағынан келу шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына өз мүмкіндігін күш-жігерді біріктіру, оқшаланушылықты кешіп өту және фирмааралық кооперацияны дамыту арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оларды экспорттық нарыққа шығаруға және онда жемісті бәсекелесуге көмектеседі. Аталған мәселені шешу үшін шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау инфрақұрылымдарын тиімді пайдалануды жақсарту арқылы жұмыстарды жалғастыру қажет. Шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымдарын тұрақты дамыту жергілікті жерде атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру арқылы, кәсіпкерлер ассоциациясы, оқу ақпараттық - сараптама орталықтары, бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар қызметтері тиімділігі арқасында мүмкін болады. Орта жедел кезеңде тұрғындарды жеке кәсіпкерлікке тарту, шағын кәсіпкерліктің жаңа нысандарын құру мақсатында шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарының бұрынғы және жаңа ашылған нысандарының жұмысы жандана түседі. Көкшетау қаласында шағын кәсіпкерлікке қызмет көрсетуге арналған кәсіпкерлікті қолдау орталығы (одан әрі - орталық) құрылады. Орталық негізінде мынадай қызметтер көрсетілетін болады: бухгалтерлік есеп, салық салу, құқық мәселесі және адвокатура, шағын кәсіпкерлік - инфрақұрылымдарын дамытуға ұйымдық және әдістемелік көмек, білім беру, ақпараттық - сараптамалық және ақыл - кеңес беру, экономика мәселелері, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мәселелері және т.б. Бұл ретте бухгалтерлік есеп және салық салу бойынша қызметтер орталықтандырылған тәртіпте тәжірибелі бухгалтермен, бухгалтерлік және салық есебін беру мәселесімен қоса жүргізілетін болады. Құқықтық ақыл - кеңестер мен адвокатура бойынша кызметтер көрсету орталықтандырылған тәртіпте заң қызметімен, шағын кәсіпкерлік нысандарының өндірістік емес шығындарын өздеріне алған міндеттемеге жан - жақты төмендетуге әкелетін, толық материалдық және моралдық жауапкершілік алатын білікті мамандар тобымен жүзеге асырылады. Мұндай орталықтандырылған алаңдар бухгалтерлерді, аудиторларды және заңгерлерді штатта тұрақты ұстау бойынша нысандардың шектеулі қаражатын үнемдеу және тиімді пайдалануға негіз болды. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері (ассоциациялары) қызметінің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің өзара іс - әрекетін одан әрі жақсартуға, ақыл - кеңес қызметтерін сапалы көрсетуге және дәріс беретін семинарлар мен кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шара қолданылады. Осы бағдарламада осы бағытта іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылады. Кәсіпкерлікті одан әрі жандандыру мақсатында облыс экономикасының әр түрлі саласында әрекет ететін кәсіпкерлердің қосымша қоғамдық бірлестіктерін құру, кәсіпкерлердің республикалық қоғамдық ұйымдарының қазіргі филиалдарын («Атамекен» Жалпы ұлттық кәсіпкерлерінің одағы Заңды тұлғалардың бірлестігі филиалын, Қазақстан фермерлері одағын, өнеркәсіп кәсіпорындары одағын және басқаларын) қарым - қатынасқа шақыру көзделеді. Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік - құқықтық актілерді дайындауға және сараптама жүргізуге қатысу үшін облыстық, аудандық шағын кәсіпкерлік бірлестіктерінің аккредитациясы жүргізілетін болады.
Тармақ 3. 3. Оқыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық, ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету және насихаттау.
3. Оқыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық, ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету және насихаттау. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікке үйрету шағын кәсіпкерлікті қолдаудың бірынғай білім беру және ақпараттық - әдістемелік жүйелерін құруды талап етеді. Көптеген кәсіпкерлер өз қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясаты туралы түсінгі болмайды, маркетинг негізін білмейді, ең бастысы, бизнес саласындағы негізгі құқықтарды иеленбейді. Одан әрі тұрғындардың негізгі бөлігін кәсіпкерлік қызметке оқыту жүйелерін жетілдіру аймақтық кәсіпкерлер ассоциациясы, оқу және ақпараттық - сараптама орталықтары желісі арқылы бірыңғай оқыту әдістемелері мен бағдарламаларын одан әрі енгізуге негізделеді. Бүл кәсіпкерлік салалар үшін қажетті кадрлар дайындауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамытудың басымдықтарының бірі шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтарын ашумен, маркетинг зерттеулерін жүргізуге және консалтингілік қызметтер кешенін ұсынуға көмектер көрсетумен анықталады. Мұндай орталықтар жұмысы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының нарыққа шыққан кездегі қызметімен көрінетін, шығындарды қысқартумен байланысты болатын кәсіпкерлердің әртүрлі топтарының жүйелік алып жүруіне бағытталады. Оқытуды мынандай модулдарға бөлуге болады: жеке кәсіпкерлерге және шағын мен орта бизнес нысандары үшін. Аймақтық деңгейде бизнесті жүргізу негіздеріне жаңа бастаған кәсіпкерлерді үйрету қарастырылады, ал новатор кәсіпкерлерді - республикалық деңгейде, онда инновациялық және корпоративтік бизнеске үйрету жоспарланады. Аталған қызмет түрлерін ұсыну мақсаты - тұрғындардың белсенді бөлігін кәсіпкерлік қызметке тарту, жұмыс істеп тұрған шағын бизнес нысандарының санын көбейту, қоғамның орта табының бағытын күшейту болып табылады. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірынғай ақпараттық жүйелерін қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасады, өйткені ақпараттың жетіспеуі жаңа бастаған және тәжірибелі кәсіпкерлер арасында да сезіледі. Іскер адамдардың ақпаратқа қанық болушылығын арттыру үшін Веб-сайттар қолданылады, онда шағын және орта бизнес кәсіпорындары, шығарылатын өнімдер туралы деректер, жекешелендіруге жататын нысандар жөнінде мәліметтер, жаңа технологияға сертификатталған тізбесі және тағы басқалары көрініс береді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру тұрғындардың кәсіпкерлік бастамашылыққа қатысты көпшілік қоғамдық санадағы жағымды ұғым қалыптастыру үшін үгіт жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ететін болады. Осыған байланысты семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу, кәсіпкерлермен және олардың қоғамдық бірлестіктерімен ақпараттық - танымдық сипаттағы кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы ең үздік кәсіпкерлерді бағалайтын конкурстар өткізу жоспарланады. Кәсіпкерлікті насихаттау ісінде әртүрлі көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге ерекше орын беріледі. Оған қоса, осы бағыт аясында әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамытуды насихаттау да ұсынылады. Бүл кәсіпкерлер тобына ерекше назар аударылып, оларды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ету бағдарланады. Өздігімен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға потенциалы мен ынтасы бар жастар мен әйелдер арасынан шыққан кәсіпкерлерді қолдау «ШКДҚ» АҚ аймақтық филиалы және өзге де өкметтік емес қаржы институттарымен қаржыландырылатын іс - шаралар аясында жүзге асыру көзделеді.
Тарау 6. 6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері.
6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету кәсіпорындардың өз қаражаты, облыстық, республикалық бюджеттің берілетін көмек қаражаты, аталған мақсаттарға жыл сайын қарастырылатын және өзге де өкіметтік емес қаржы институттарының (екінші деңгейлі банктер, «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» ЖАҚ аймақтық филиалы, селолық несие серіктестіктері, халықаралық гранттар) қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелер.
7. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелер. Бағдарламамен қарастырылған іс - шараларды жүзеге асыру нәтижесінде күтіледі:
Тармақ 1
1. Көбею: шағын кәсіпкерлік нысандар саны: 2006 жылы - 900 бірлік; 2007 жылы - 950 бірлік; 2008 жылы - 1000 бірлік; шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны: 2006 жылы - 1600 адам 2007 жылы - 1700 адам 2008 жылы - 1800 адам шағын кәсіпорындармен тауарлар, қызметтер өткізуден түскен кіріс: 2006 жылы - 220 млн. теңге 2007 жылы - 250 млн. теңге 2008 жылы - 290 млн. теңге
Тармақ 2
2. Жаңа жұмыс орындарын ашу: 2006 жылы - 50 2007 жылы - 52 2008 жылы - 55
Тарау 8. Жақсы ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Жақсы ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ № Іс-шаралар Аяқтау түрі Орындауға жауапты Орындау (жүзеге асыру) мерзімі Болжанатын шығындар (мың. теңге) Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 7 1. Шағын кәсіпкерлікті қаржылай - несиелік және инвестициялық қолдау жүйелерін дамыту 1. Шағын несие ұйымдарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде жұмыстарды жалғастыру. Аудандар мен шағын қалаларда селолық шағын несие ұйымдарын «ШКДҚ» АҚ АФ қатысуымен ашу Аудан әкіміне, ҚР ИСМ ақпарат «ШКДҚ» АҚ АФ (келісім бойынша), «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні Ұсынылатын тапсырыстар саны мен сомасына қарай «ШКДҚ» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, ШНҰ құрылтайшыларның өз қаражаты. 2. Шағын кәсіпкерлік нысандарына берілетін несиелерге кепілдеме тетігін енгізуге қатысу Аудан әкіміне ақпарат «ШКДҚ» АҚ, ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Ұсынылатын тапсырыстар саны мен сомасына қарай «ШКДҚ» АҚ 3. «ШКДҚ» АҚ қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлік нысандарын жеңілдіқпен несиелеу, оның ішінде лизинг және факторинг мәмілелерін несиелеу Аудан әкіміне ақпарат «ШКДҚ» АҚ, ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Ұсынылатын тапсырыстар саны мен сомасына қарай «ШКДҚ» АҚ 4. Әрекет ететін және жаңадан селолық несие серіктестіктерін құру жөнінде жұмыстарды жүргізуді одан әрі қамтамасыз ету Аудан әкіміне ақпарат Ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 5. Шағын кәсіпкерлік нысандары сатып алатын тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) көлемімен номенклатурасына талдау жүргізу Аудан әкіміне ақпарат Экономика және қаржы бөлімі, ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 2. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту 6. Құқықтық мағлумат беру кабинетін ашу Аудан әкіміне Жақсы ауданының юстиция бөлімі 25 наурыз 2006 ж. Талап етілмейді 7. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарының одан әрі қызмет істеу мен дамуын қамтамасыз ету. Аудан әкіміне Экономика және қаржы бөлімі әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 8. Аудан әкімінің кәсіпкерлермен кездесуін өткізу Кездесу хаттамасы Экономика және қаржы бөлімі, ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 9. Жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері жөнінде сараптама кеңестерінің жұмысын жандандыру және оларға кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету. Аудан әкіміне, ИСМ ақпарат Экономика және қаржы бөлімі әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 10. Жылсайын «Шағын кәсіпкерлік саласында ең үздік жыл кәсіпкері» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарын өткізу Комиссия мәжілістерінің хаттамасы Экономика және қаржы бөлімі, ауыл әкімдері Жылсайын 15 қаңтарда Талап етілмейді Облыстық бюджет 11. Республикалық және жергілікті мәндегі жолдарда жол жиегіндегі сервисинфрақұрылымдары нысандарын дамыту. Аудан әкіміне ақпарат Ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Кәсіпорындардың қаржысына 3. Оқыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттың, ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету және насихат 12. Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында ақпарат алмасу мақсатында ақпараттық және маркетинг қызметін одан әрі дамытуға ықпалдасу Облыс әкіміне ақпарат Ауыл шаруашылығы бөлімі, ауыл әкімдері, «Казагромаркетинг» АҚ өкілдері (келісім бойынша) әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 13. Кәсіби білім беру базасында шағын бизнес саласы үшін мамандар дайындауды және қайта даярлауды және еңбек нарығы сұранысына сәйкес жұмыссыздарды кәсіби дайындауды жалғастыру. Аудан әкіміне ақпарат Білім бөлімі, әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекке қамтуды үйлестіру бөлімі әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 14. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында теле - және радио хабарлар циклін ұйымдастыру ресми және ресми емес баспасөзде материалдар жариялау. Аудан әкіміне ақпарат Ішкі саясат бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 15. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына сауалнама жүргізу Аудан әкіміне ақпарат Экономика және қаржы бөлімі, ауыл әкімдері Жылсайын 15 қаңтарда Талап етілмейді 16. Кәсіпкерлік мәселесі бойынша семинарлар, конференциялар, «Дөнгелек үстелдер» өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде әйел және . жастар кәсіпкерлігін насихаттау жөнінде Аудан әкіміне ақпарат кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ауыл әкімдері, «Казагромаркетингалық» АҚ өкілдігі (келісім бойынша), «ШКДҚ» АҚ АФ (келісім бойынша) әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 17. Ауданың шағын кәсіпкерлік нысандарын тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер конкурстарына, көрмелеріне қатысуға тарту. Аудан әкіміне ақпарат Экономика және қаржы бөлімі әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді 18. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру: - Аз қамтылған азаматтарды қолдау жөнінде іс-шаралар өткізу - жаңа жұмыс орындарын ашу - меценаттықты дамыту - облыстық мәдениет, ғылым, білім және спорт саласындағы талантты жас адамдарын қолдау Аудан әкіміне ақпарат Ауыл әкімдері әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Кәсіпорындардың өз қаражаты 4. Кәсіпкерлік мәселелері жөнінде заңнаманы және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. 19. Бақылау - қадағалау органдарының, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктерді тіркеуші басқа да мемлекеттік органдарының қатысуымен «Дөңгелек үстелдер» өткізу Аудан әкіміне есеп Экономика және қаржы бөлімі әр тоқсан сайын есепті тоқсандағы айдың 15 күні. Талап етілмейді Ескерту: әріптік аббревиатураларды ұғындыру: - «ШКДҚ» АҚ АФ – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы - «ШКДҚ» АҚ – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы Жақсы ауданында шағын кәсіпкерліктің жаңа кәсіпорындары мен нысандарын ашу жоспары № пп Кәсіпорындар мен нысандардың атауы Ашылатын мекені Іске қосылатын жылы Қаржыландыру Ашылатын жұмыс орнының саны Орташа құны мың теңге Қаражат көзі 1 2 3 4 5 ^ 7 1. Өндіріс 1 Жеміс-жидек және өсімдік питомнигі Қима ауылы 2006 4500 Банк несиесі 10 2. Ауылшаруашылық өнімдерін 1 Жеміс - жидекті консервілеу цехі Қима ауылы 2008 1500 Банк несиесі 5 2 Мал сою цехі Жаңа - қима ауылы 2008 2000 өз қаржысы 2 3 Шағын наубайхана Чапаево ауылы 2006 130 Шағын несие 2 4 Шағын наубайхана Ешім ауылы 2006 500 өз қаржысы 2 5 Диірмен Ешім ауылы 2006 1500 өз қаржысы 5 6 Дәмді дақылдарды қорыту шағын цехі Новокиенка ауылы 2006 2000 өз қаржысы 2 7 Шағын наубайхана Новокиенка ауылы 2006 500 өз қаржысы 2 3. Өнеркәсіп 1 Ағаш шеберханасы Жақсы ауылы 2006 500 өз қаржысы 4 2 Тігін цехі Киевское ауылы 2006 130 Шағын несие 2 3 Жиһаз цехі Беловодское ауылы 2006 260 Шағын несие 2 4 Тігін цехі Беловодское ауылы 2006 130 Шағын несие 2 4. Жол бойында қызмет көрсету 1 Автокөлік жөндеу стансасы Запорожье ауылы 1 2006 500 Банк несиесі 2 2 Дәмхана-мотель Жақсы аулы 2006 1500 Банк несиесі 5 5. Көлік қызметін көрсету 1 Жолаушы тасымалдау Тарас ауылы 2006 650 өз қаржысы 1 6. Халыққа тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету 1 Вокзал жанындағы 15 орындық қонақ үйі Жақсы ауылы 2006 2500 өз қаржысы 6 2 20 орындық қонақ үйі Жақсы ауылы 2006 2500 өз қаржысы 5 3 5 орындық қонақ үйі Жақсы ауылы 2006 500 өз қаржысы 2 4 Шаштараз Кировское ауылы 2006 130 Шағын несие 1 5 Аяқкиім жөндеу цехі Терсақан ауылы 2006 130 Шағын несие 1 6 Киім тігу және жөндеу цехі Терсақан ауылы 2006 130 Шағын несие 1 7 Шаштараз Киевское ауылы 2006 130 Шағын несие 1 8 Шаштараз Беловодское ауылы 2006 130 Шағын несие 1 9 Күрделі тұрмыс техникасын жөндеу цехі Беловодское ауылы 2006 130 / Шағын несие 1 10 Шаштараз Моховое ауылы 2006 130 Шатын несие 1 11 15 орынды монша Моховое ауылы 2006 1000 өз қаржысы 5 12 Шаштараз Запорожье ауылы 2006 100 өз қаржысы 1 7. Сауда және көпшілік тамақтандыру нысандары 1 Дәріхана Ешім ауылы 2006 130 өз қаржысы 2 2 Мал дәрігерлік дәріхана Жақсы ауылы 2006 400 өз қаржысы 2 3 Дәріхана Жаңа - қима ауылы 2006 130 өз қаржысы 2 4 Орта мектептегі асхана Киевское ауылы 2006 130 Шағын несие 2 5 Асхана Ешім ауылы 2007 1000 өз қаржысы 4 6 Сауда үйі Жақсы ауылы 2006 1000 өз қаржысы 5 7 «Құрылыс материалдар» дүкені Жақсы ауылы 2006 2500 Банк несиесі 5 8 «Весна» дүкені Жақсы ауылы 2006 3000 өз қаржысы 10 9 «Султан» дүкені Жақсы ауылы 2007 700 өз қаржысы 2 10 Аралас тауар дүкені Подгорное ауылы 2006 130 Шағын несие 2 11 Аралас тауар дүкені Подгорное ауылы 2006 65 Шағын несие 2 12 Дүкен Белағаш ауылы 2006 130 Шағын несие 2 13 Дүкен Белағаш ауылы 2006 130 Шағын несие 2 14 Дүкен Белағаш ауылы 2006 130 өз қаржысы 2 15 Дүкен Новокиенка ауылы 2006 130 өз қаржысы 2 16 Дүкен Моховое ауылы 2006 130 өз қаржысы 2 17 Дүкен Тарасовка ауылы 2006 130 өз қаржысы 2 Шағын кәсіпкерлік нысандарының құрылыс, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажетті құрал – жабдықтар сатып алуға қажетті жалпы салымдар мөлшері 33 млн. 775 мың теңгені құрайды. Көрсетілген соманың 12 млн. 645 мың теңгесі банк несиесі арқылы, оның ішінде 2 млн 145 мың теңге ауылшаруашылығына қаржылай көмек қорынан кәсіпкерлерге шағын несие беру арқылы, ал қалған 10 млн.500 мың теңге құрайтын бизнес - жобалар АҚ «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорынан » қаржыландыруды қажет етеді.