Об утверждении Программы реабилитации инвалидов на 2006-2008 годы. Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес және жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынуымен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Бағдарламаны жүзеге асыру барысын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін. (В.П.Камышанский)
Тармақ 3. Жарқайың ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
3. Осы шешім Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиісті.
Жарқайың ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/с
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындалуы үшін жауаптылар
Орындау мерзімі
Жорамалданған шығын (мың теңге) Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
1
Аудандық әкімдікте мүгедектер ісі жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру
Аудан әкімдігінің қаулысы
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 жылдың 1 тоқсаны
Қажет емес
2
Аудан бойынша мүгедектігі бар тұлғаларға орталықтандырылған деректер қорын құру
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 жыл
Шығын қажет емес
3
Жұмыс орнын аттестациялауды өткізуді және еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету
Халықты еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментіне ақпарат
Еңбекті қорғау инспекторы
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
4
Қозғалыс қиындығы бар 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші ұсыну
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж.-2 адам
2007 ж.-2 адам
2008 ж.-2 адам
215.0
226.0
237,0
Аудандық бюджет (трансферттері)
5
Дербес оңалту бағдарламасымен сәйкес мүгедектердің арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-2 адам
2007 ж-2 адам
2008 ж-2 адам
65.0
68.0
72,0
Аудандық бюджет (трансферт)
6
Дербес оңалту бағдарламасымен сәйкес арнайы тілдесу маманын қамтамасыз ету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-2 адам
2007 ж-2 адам
2008 ж-2 адам
81,0
85.0
89.0
Аудандық бюджет (трансферт)
7
Подьезд жолдарын, пандустарды, мүгедек арбасы үшін құрылғыларды салуды қамтамасыз етіп, салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға,әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым обьектілеріне мүгедектердің кіруіне жол ашу
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жеке кәсіпкерлер
2006ж.
2007ж.
2008ж.
50,6
50.6
50,6
Жан-жақтан алынған Қаражаттар
8
Көркемөнерпаздар, сурет, қолдан бұйым жасау конкурсын және өзге де шығармашылық түрлерін өткізуді қамтамасыз ету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-12 адам
2007 ж-12 адам
2008 ж-12 адам
30.0
32.0
34.0
Аудандық бюджет,жан-жақтан алынған қаражаттар
9
Интернат-үйлеріндегі мүгедектер мен қарттардың бос уақытын ұйымдастыру үшін көркемөнерпаздар ұжымын қатыстыру
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық мәдениет бөлімі
2006ж
2007ж
2008ж
Шығын қажет емес
10
Мүгедектер арасында спорт жарыстарын ұйымдастыру
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2009 ж-4 адам
2010 ж-4 адам
2011 ж-4 адам
40.0
40.0
40.0
Аудандық бюджет
11
Мүгедектердің шығармашылық жұмыстарына мүгедектердің қоғамдық бірлестік ұйымдарының шығарған өнімдеріне көрме - сату өткізу
Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаның іске асу мерзімі кезеңінде
Шығын қажет емес
12
Оқу жоспарына сәйкес мүгедек балаларды үйде оқытып, тәрбиелеуге төлеммен қамтамасыз ету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-11 адам
2007 ж-11 адам
2008 ж-11 адам
201,0
201,0
201,0
Аудандық бюджет
13
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын және қосымша жұмыс орындарын құру
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-2 адам
2007 ж-2 адам
2008 ж-2 адам
44.0
46.0
48.0
Аудандық бюджет
14
Мүгедектерге үш пайыздық квотасын беруді ұйымдастыру
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006ж-19 адам
2007ж-19 адам
2008ж-19 адам
Шығын қажет емес
15
Мүгедектерді кәсіби дайындау және қайта даярлауды ұйымдастыру, дербес оңалту бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстарға тарту
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-2 адам
2007 ж-2 адам
2008 ж-2 адам
26,0
28,0
30,0
Аудандық бюджет
16
Мүгедектерге дәрігерлік мекемелерге баруға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-136 адам
2007 ж-136 адам
2008 ж-136 адам
272.0
2009 300,0
Аудандық бюджет
17
Дербес оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге материалдық көмек көрсету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006ж-168 адам
2007ж-168 адам
2008ж-168 адам
504.0
529.0
557.0
Аудандық бюджет
18
9 мамырда Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне материалдық көмек көрсету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-5 адам
2007ж-5 адам
2008ж-5 адам
25.0
25.0
25.0
Аудандық бюджет
19
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-коррекциялық қолдау туралы» Заңының орындалуы (мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жөніндегі бас маманды ұстау қаражаты)
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006ж-1 адам
2007ж-1 адам
2008ж-1 адам
411.0
411.0
411.0
Аудандық бюджет
20
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік .и қызметкерді ұстау қаражаты
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006ж-10 адам
2007ж-10 адам
2008ж-10 адам
717.8
717.8
717.8
Аудандық бюджет
21
Жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерді ұстау қаражаты
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 ж-6 адам
2007 ж-6 адам
2008 ж-6 адам
864.8
864.8
864.8
Аудандық бюджет
22
Туберкулезбен ауыратын мүгедектерге қосымша тамаққа ай сайын материалдық көмек көрсету
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006ж-35 адам
2007ж-35 адам
2008ж-35 адам
840.0
882,0
926,0
23
Ауданның қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынасты нығайту
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментіне ақпарат
Жарқайың аудандық
жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаның іске асу мерзімі кезеңінде
Шығын қажет емес Аудандық бюджет
Барлығы:
2006ж.- 417 адам
2007 ж.- 417 адам
2008 ж.- 417 адам
4387.0
4492.0
4603.0
Аудандық бюджет (трансферт) жан-жақтан алынған қаражаттар
Басқа 4. МАЗМҰНЫ
Жарқайың ауданының
мәслихатының 2006 жылғы
20.03. № 3С-21/5
шешімімен бекітілген
2006-2008 жылдары мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Державин, 2006 жыл
МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Мүгедектіктің және мүгедекті оңалтудың қазіргі жағдайына талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі
Тармақ 5.1
5.1. Мүгедектерді алдын ала емдеу
Тармақ 5.2
5.2. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
Тармақ 5.2.1
5.2.1. Дәрігерлік оңалту
Тармақ 5.2.2
5.2.2. Әлеуметтік оңалту
Тармақ 5.2.3
5.2.3. -Кәсіби оңалту
Тармақ 5.3
5.3. Мүгедектерді оңалтуды аймақтық деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу.
Тармақ 5.4
5.4. Мүгедектерді оңалту жүйесінің ақпараттық қамсыздандырылуын жетілдіру
Тармақ 6
6. Қажетті қорлар мен оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. 2006-2008 жылдары мүгедектерді оңалту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарлама паспорты
1. Бағдарлама паспорты
Бағдарлама атауы -2006 -2008 жылдары мүгедектерді оң алдыру бағдарламасы
Жетілдіру үшін негіздеме
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-111 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;
Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2005 жылғы 21 желтоқсанындағы №3С-18/4 "Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешімі;
Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2005 жылғы 21 желтоқсанындағы №3С-18/4 «Әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешімі.
Бағдарламаны жетілдіруге жауапты мемлекеттік орган
Жарқайың ауданының жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаның мақсаты Оңалту жүйесін жетілдіру, әлеуметтік қолдауды күшейту және мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту
Бағдарлама міндеттері Мүгедектігі бар, жиі және ұзақ ауыратын адамдарды алдын ала емдеу жүйесін қалыптастыру;
Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту, атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту;
Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалту жөніндегі қызмет көрсету спектрін кеңейту;
Мүгедектердің мекен-жайын қамсыздандыру және оларға берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың сапасын арттыру, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмек;
Мүгедектердің әлеуметтік, инфрақұрылым обьектілеріне бөгетсіз
Іске асу мерзімі
баруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
Мүгедектердің жұмысқа орналасуына белсенді көмек беру түрлерін дамыту; Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын құру;
Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді және оңалту индустриясын ұйымдастыру;
Қажетті қорлар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асуына аудандық бюджет қаражаттарын сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де қаржылар жұмсалады.
Аудандық бюджеттен жалпы шығын 13482,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде 2006 жылы-4387,0 мың теңге, 2007 жылы 4492 мың теңге, 2008 жылы-4603,0 мың теңге;
Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның іске асуы
- мүгедектерді оңалтудың біртүтас жүйесін құруға және олардың әлеуметтік қамсыздандырылуының деңгейін көтеруге;
- мүгедектікке шығу қаупін және мүгедектік деңгейін азайтуға;
- балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын, мүгедектікке әкелетін аурулармен туу қаупінің дәрежесін азайтуға;
- мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерге және ақпараттық орталарға қатынасуын жақсартуға;
- мүгедектердің лайықты еңбекке кіруін кеңейтуге;
- мүгедектігі бар тұлғаларға орталықтандырылған деректер қорын құруға;
мүмкіндік туғызады.
2006-2008 жылдар
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта мүгедек болып жұмысқа қабілеттілігі азайған немесе қабілеттілігі жоғалған адамдар ғана емес, басқа тіршілік әрекеттері (өзін-өзі күту, қозғалу, қарым-қатынас жасау, жөн табу, өз тәртібін бақылау оқу) шектелген адамдар да жатады.
Мүгедектерді оңалту жөніндегі кешендік жүйе шараларын қабылдау Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының жүзеге асуын талап етеді.
Бағдарламаны жасаудың негізі болып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы және Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2005 жылғы 21 желтоқсанындағы №3С-18/4 "Азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешімі, Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2005 жылғы 21 желтоқсанындағы № 3С-18/5 «Әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешімі жатады.
Тарау 3. 3. Мүгедектіктің және мүгедекті оңалтудың казіргі жағдайына талдау
3. Мүгедектіктің және мүгедекті оңалтудың казіргі жағдайына талдау
Ауданда мүгедектер саны 2005 жылдың 1 қазаны бойынша 480 адамды құрайды немесе жалпы халықтың 2 пайызын құрайды.
Алғашқы мүгедектіктің азаю тенденциясы байқалды.
10000 халыққа келетін алғашқы мүгедектіктің интенсивті көрсеткіші
Көрсеткіштер
Жылдар
2003
2004
2005
Алғаш мүгедек аталғандар (барлығы)
43
41
35
Оның ішінде: балалар арасында үлкендер арасында
4
5
3
39
36
32
Алғашқы мүгедектіктің интесивтік көрсеткіші (мүгедектердің барлық категориялары үшін)
12,6
12,4
10,8
Оның ішінде: балалар арасында үлкендер арасында
4,2
4,7
2,8
18,5
17,2 '
16
Аудандық алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы бірқалыпты. Халықтың үлкендер арасындағы мүгедектік негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан (17-20 пайыз), жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен (24-26 пайыз), жарақаттан (5-6 пайыз) және жүйке ауруларынан (8-9 пайыз). Балалардың мүгедектігінің 23 пайызының себебі туа біткен даму аномалиясы және хромосомды аурулар болып табылады, 15 пайыз психика жүйесінің бұзылу ауруларын құрайды, жүйке жүйесі ауыратын балалар 23 пайыз.
Мүгедектердің организм функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін мүгедектік құрылымның ауырлық тобы куәландырады. 2003-2005 жылдары мүгедектер арасында екінші топтағы
мүгедектер -51 пайызға басым болды, бірінші топтағы мүгедектер 8%, ал үшінші топ-41 пайыз құрады.
Мүгедектік көрсеткіштер төмендегі шарттарға тәуелді:
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі;
- денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, дәрігерлік қызметтің санасы мен қолайлылығы;
оңалту қызметінің қолайлылығы және сапасы;
еңбек қауіпсіздігі мен қорғауының жағдайы;
экологиялық ортаның жағдайы және басқа да себептер;
Соңғы жылдары қолайлы экономикалық жағдай және мемлекеттік саясаттың әлеуметтік беталысының күшеюі халықты әлеуметтік қорғау деңгейінің көтерілуіне және біріншіден, оның әлеуметтік әлсіз тобы, мүгедектікті түсінудің жаңа ықпалын мойындауда және мүгедектер үшін қоғам өміріне араласудың тең мүмкіндігін жасауға бағытталған әлеуметтік қорғауда позитивтік ықпалын тигізуде.
Мүгедектің тіршілік әрекетінің шектелу шамасы бойынша мүгедектік санатын анықтаған соң, орталық атқару органының аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлері халықты әлеуметтік қорғау саласында әр мүгедекке дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалту шаралары енгізілген дербес оңалту бағдарламасын жасайды.
Дәрігерлік оңалту аурудың, жарақаттың, зақым болудың алдын алуға немесе жоюға бағытталған диагностикалық, емдік және оңалту шараларының кешенді өтуін болжайды. 2005 жылы 70 мүгедек амбулаторлы емдеуді алды, дәрі-дәрмекке жұмсалған шығын 94,9 теңге сомасын құрайды, яғни 1 мүгедекке 4,2 мың теңге, 32 мүгедек емханада жатып емделуді алды,олардың емханада жатқан күні 228, емделуге 158,7 мың теңге шығын жұмсалды. Дәрі-дәрмектік емделуге 67,3 мың теңге, тамаққа 94,4 мың теңге сомасында жұмсалды.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің әлеуметтік дәрежесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік - ортаға бейімделуіне бағытталған. Ол өзіне мүгедектердің әлеуметтік қамсыздандыру, оларға қажетті әлеуметтік көмек көрсету, техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамсыздандыру, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдар обьектілеріне кіруді қамтамасыз ету, ақпараттық ортаны пайдалануға тең мүмкіндігін жасау, материалдық және әлеуметтік / психологиялық көмек көрсету және басқаларын енгізеді.
2005 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді енгізіп келді. 2005 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 6700 теңгеге дейін немесе 50 пайызға көтерілді: бірінші топтағы мүгедектерге - 3 айлық есептік көрсеткішіне (2895 теңгеге); екінші топтағы мүгедектерге - 2,5 айлық есептік көрсеткішіне (2412,5 теңгеге); үшінші топтағы мүгедектерге - 2 айлық есептік көрсеткішіне (1930 теңгеге); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге - 3 айлық есептік көрсеткішіне (2895 теңгеге) өсті.
Басқа адамның күтімі мен көмегін қажет ететін мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жүйесі ауданда мүгедектер мен жалғызбасты қарттарды күту
бойынша интернат үйі мен әлеуметтік қызметкерлерді ұстайды. Интернат үйінде 12 адам тұрады. Үйде әлеуметтік көмек көрсетуді мүгедектер мен жалғызбасты қарттарды күту бойынша 6 әлеуметтік қызметкер жүзеге асырады. Олар 4 мүгедек пен 34 жалғыз басты қарттарды қамқорға алған Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және дәрігерлік - педагогтық коррекциялық қолдау туралы» Заңына сәйкес ауданда 2003 жылдан мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жөнінде әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің негізгі міндеті мүгедек балаларды анықтау, оларды әлеуметтік дағдыландыру, өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру, бос уақытын ұйымдастыру, ата-анасын және отбасы мүшелерін мүгедек балалармен қарым - қатынас жасауға және оларды күтуге үйрету, дәрігерлік және құқықтық кеңес көмегін көрсету болып табылады. 2005 жылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жөніндегі 10 әлеуметтік қызметкер 21 мүгедек балаларға қызмет көрсетті.
Әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы төмен, бүл мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету сапасында негізсіз әсер етеді.
Көру жағынан мүгедектер тифло құралдармен қамтамасыз етілген. 2005 жылы 6 адам тифло таяғын және тифло сағаттарын алды.
Бағдарламаның 3 жыл қолданылу аясында қозғалыс - тірек аппаратының бұзылған 17 мүгедек мүгедек арбаларын алды.
Тек 2005 жылы 59 мүгедектерге дәрігерлік емдеу мекемелеріне бару жолақысына 145,1 мың теңге төленді, дербес оңалту бағдарламасының қорытындысы бойынша және жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 135 мүгедектер үшін материалдық көмек төлеу 534,9 мың теңгені құрайды. Ауданда мүгедектер арасында дәстүрлі суреттер, қолдан жасалған бұйымдар конкурсы, сонымен бірге аудандық жарыстар өткізілді.
Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етудің жақсарғанына қарамастан, протездік - ортопедиялық және сурдологиялық көмекпен мүгедектердің қажеттілігі түгелдей канағаттандырылмайды.
Қазіргі уақытта сурдо құралдарға 3 адам мұқтаж, оның ішінде 2 мүгедек бала, тифло құралдарға - 2 адам және 2 адам - протездік-ортопедиялық бұйымдарға мұқтаж. Кресло-арбаға-2 адам.
Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамту, басқа да көптеген елдердегі сияқты,біраз кедергілерге кездесуде, бастысы мүгедектердің еңбек нарығында төмен бәсекелестік қабілеті болып табылады. Жұмыс берушілерге мүгедектерге арнайы құрылған еңбек жағдайы мен ақысын ұсыну экономикалық жағынан тиімсіз.
Сондықтан ауданда қиын жағдай туып отыр. Мүгедектерден жұмысқа орналастырылғандар жоқ. 2005 жылға қоғамдық жұмысқа тартылғандар 4 мүгедек тартылды.
Қазақстанда мүгедектерді қазіргі мүгедектік жағдайы және оңалту жөніндегі шараларды талдау мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыруда позитивтік өзгерістермен бірге, шешілмеген мәселелердің барлығын куәландырады.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, әлеуметтік қолдауды күшейту және мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту.
Қойылған мақсатқа жету мына міндеттердің шешілуін талап етеді: мүгедектікті алдын - ала емдеу жүйесін қалыптастыру; мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалту жөніндегі қызмет көрсету спектрін кеңейту;
мүгедектердің мекен-жайын қамсыздандыру және мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік - ортопедиялық және сурдологиялық көмектің сапасын арттыру;
мүгедектердің әлеуметтік, көліктік және рекреакциялық инфрақұрылым обьектілеріне бөгетсіз баруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
мүгедектерді жұмыспен қамтылуына белсенді көмек беру түрлерін дамыту;
мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын құру;
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асу механизмі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асу механизмі
Тармақ 5.1. 5.1. Мүгедектікті алдын - ала емдеу
5.1. Мүгедектікті алдын - ала емдеу
Мүгедектікті алдын-ала емдеу дене, ақыл - ой, психикалық және сенсорлық кемістіктерінің (бірінші деңгейдегі алдын - ала емдеу) болмауының алдын алуға және кемістіктердің тұрақты функционалдық шек қоюға немесе мүгедектікке (екінші деңгейдегі алдын - ала емдеу) ауысуының алдын алуға бағытталған кешендік шараларды қарастырады.
Олар өзіне мыналарды енгізеді:
Тармақша 1
1) әйелдер кеңесі мен босану мекемелерінде әйелдерді скринингті тестілеу сапасын жақсарту және уақтылы өткізу; балалардың дамуындағы ерте сатысының патологиясын анықтау;
Тармақша 2
2) жұмыс орындарын аттестациядан өткізу, еңбек қауіпсіздігін, жағдайын және қорғауын сақтау;
Тармақша 3
3) мүгедектігі бар тұлғалардың деректер қорын құру;
Тармақ 5.2. 5.2. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
5.2. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту оңалту қызметі сапасының арттыруға және қол жетерлік қамсыздандырылуға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерімен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімді көтерілуіне бағытталады.
Тармақ 5.2.1. 5.2.1. Дәрігерлік оңалту
5.2.1. Дәрігерлік оңалту
Дәрігерлік оңалтудың мақсатымен сәйкес аурудың немесе жарақаттың салдарынан пайда болған жағдайды жеңу, ол организм қызметін қалпына келтіруге, аурудың тіршілік қызметін және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталады.
Тармақ 5.2.2. 5.2.2. Әлеуметтік оңалту
5.2.2. Әлеуметтік оңалту
Әлеуметтік оңалтудың нәтижесін көтеру мақсатында мына шаралар қолданылады:
Тармақша 1
1) мемлекет кепілдеген әлеуметтік кызмет азаматтарға тегін беріледі, ал қосымша қызметтер - толық емес және толық төлеммен көрсетіледі;
Тармақша 2
2) мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік кызмет түрлерін кеңейту;
әлеуметтік және әлеуметтік - кеңес көмегі (аса мұқтаждық және қажеттілік тәуелділігіне);
Тармақша 3
3) дәрігерлік және басқа көмек алуға көмектесуді, шығындарды басқаруды, шаруашылықты ұстауды және тұрмыстық көмек көрсетуді, әлеуметтік қарым-қатынасқа көмектесуді қарастыратын үйде әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 4
4) ауданда қозғалыс қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектер үшін көмекші және есту жағынан мүгедектер үшін тілдесу мамандарын беру бекітілген;
Тармақша 5
5) мүгедектердің компенсаторлық техникалық құралдарға, протездік-ортопедиялық, сурдо және тифло көмекке мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейін көтеру;
Тармақша 6
6) әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым обьектілеріне кіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ақпаратқа кіруді қамтамасыз ету.
Тармақ 5.2.3. 5.2.3. Кәсіби оңалту
5.2.3. Кәсіби оңалту
Қазіргі уақытта мүгедектерді кәсіби оңалту үшін едәуір қолайлы мүмкіндіктер тууда.
Еңбек нарығында жағдай тұрақталды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
Бағдарлама кәсіби оңалтудың нәтижесін көтерудің мына шараларын қарастырады:
Тармақша 1
1) Кәсіби оңалту мәселелерін шешуде дербес оңалту бағдарламасына сәйкес дербес үйлесім болуын;
Тармақша 2
2) мүгедек балаларды оқыту сапасының үйде білім беру жүйесінде арттыру;
Тармақша 3
3) мүгедектерді жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға көмектесу;
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында жұмыспен қамту қызметінің қайта даярлауды ұйымдастыруда көп көңіл бөлінеді. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу саясатын дамытуда, бірінші кезекте мемлекеттік секторы іске қосылады. Мүгедектерді еңбек нарығына тарту үшін едәуір күш қажет етеді.
Жұмыспен қамтуға белсенді көмектесу әртүрлі шаралардың көмегімен іске асады мүгедектерді кәсіби дайындау және қайта даярлау; мақсатты жұмысқа орналастыру (әлеуметтік жұмыс орнын құру).
Тармақ 5.3. 5.3. Мүгедектерді оңалтуды аймақтық деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуі.
5.3. Мүгедектерді оңалтуды аймақтық деңгейде ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуі.
Мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру және олардың нәтижелілігі көбінесе мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың күшеюіне және мүгедектерді үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына тартуына тәуелді.
Үкіметтік емес ұйымдармен ( оның ішінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері) өзара тиімді әріптестік күйге келіп, олардың мүддесін қозғайтын шешім дайындау мен қабылдауда кең қатынаста болуын қамтамасыз ету.
Тармақ 5.4. 5.4. Мүгедектерді оңалту жүйесінің ақпараттық қамсыздандырылуын жетілдіру
5.4. Мүгедектерді оңалту жүйесінің ақпараттық қамсыздандырылуын жетілдіру
Мүгедектерді оңалту жүйесінде міндетті элемент ақпаратты қамтамасыз ету болып саналады.
Мүгедектердің деректер қорына мына мәліметтер кіреді:
Алғаш және қайта мүгедек аталған адамдардың саны, жасы көрсетілген және оңалту шараларына қажетті деректер;
Арнайы коррекциялық және жалпы білім беретін мектепте оқитын мүгедек балалардың саны;
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталанған жұмыс орындарының саны мен осы орындардың анық жұмыспен қамтылуы;
Дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалту нәтижесінің статистикасы.
Тарау 6. 6. Қажетті қорлар мен қаржыландыру көздері
6. Қажетті қорлар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іске асуына аудандық бюджет қаражаттары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалары тиым салмаған өзге де қаражаттар жұмсалады.
Аудандық бюджеттен жалпы шығын - 13482,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
226.1 жылы - 4387,0 мың теңге;
226.2 жылы - 4492,0 мың теңге;
226.3 жылы - 4603,0 мың теңге.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтижелер
7. Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның іске асуы мыналарға себепші болады:
Мүгедектерді оңалтудың біртүтас жүйесін құру және мүгедектердің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін көтеруге;
Мүгедектікке шығу қаупін және мүгедектік деңгейін азайтуға;
Туа біткен және тұқым қуалайтын аурулармен, мүгедектікке әкеп соқтыратын аурулармен балалардың тууы қаупін азайтуға;
Оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі уақыттағы техникалық, ұйымдастырушылық, дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби технологияларды енгізуге.
Мүгедектерге берілетін дәрігерлік, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерінің сапасын көтеруге және түрлерін кеңейтуге;
Мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне және ақпараттық ортаға кіруді жақсартуға;
Мүгедектердің лайықты еңбекке кіруді кеңейтуге;
Мүгедектігі бар тұлғалар орталықтандырылған деректер қорын құруға.