Об утверждении Программы реабилитации инвалидов по Сандыктаускому району на 2006-2008 годы Күшін жойған
Басқа 0
Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 9 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 «Қазақстан Республикасындағы аумақтық және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және әзірлеу Ережелері туралы» қаулысына және аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын қосымшаға орай бекітсін.
Тармақ 2
2. Осы шешіммен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламаны жүзеге асырғанда Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді, сессия депутаттарының айтқан кемшіліктері мен ескертулерін ескеруді ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Сандықтау ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Мазмұны
Сандықтау аудандық
мәслихатының 2006 жылғы
20 наурыздағы № 26/5
шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Сандықтау ауданында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Мазмұны
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданында мүгедектіктің қазіргі жағдайы талдау және мүгедектерді оңалту
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі және негізгі бағыттары
Тармақ 6
6. Қажет ресурстар мен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Сандықтау ауданында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Сандықтау ауданында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты
1. Сандықтау ауданында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы
Сандықтау ауданында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген 2006 - 2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы.
Бағдарламаны әзірлегені үшін жауапты мемлекеттік орган
«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бағдарламаның мақсаты
Мүгедектердің өмір деңгейін жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту және оңалту жүйесін жетілдіру
Бағдарламаның міндеттері
Мүгедектігі бар тұлғалардың дерек базаларын құру; Атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту және мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту;Мүгедектерді кәсіби, әлеуметтік және дәрігерлік сауықтыру бойынша қызмет спектрін кеңейту және мүгедектерді оңалту жүйелерін жетілдіру; Мүгедектерге берілетін көмекші техникалық құралдардың, протездік-ортопедикалық және сурдологикалық көмектердің сапасын жоғарлату және атаулықты қамтамасыз ету; Мүгедектердің ешқандай кедергісіз әлеуметтік, көлік және рекреационды инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу үшін жағдай құру; Мүгедектердің жұмыспен қамтылуына белсенді көмектесу үлгілерін дамыту.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі
2006-2008 жылдар
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Орындалу шегі бойынша аудандық бюджет, Республикалық бюджет, тартылған қаражаттар Республикалық бюджет
2006 жыл-1340,0 мың теңге
2007 жыл-1421,0 мың теңге
2008 жыл-1506,0 мың теңге
Облыстық бюджет
2006 жыл-219,0 мың теңге
2007 жыл-232,0 мың теңге
2008 жыл-246,0 мың теңге
Аудандық бюджет қаражаты
2006 жыл-769,0 мың теңге
2007 жыл-950,0 мың теңге
2008 жыл-953,0 мың теңге
Тапсырушылардың қаражаттары
2006 жыл-15,0 мың теңге
2007 жыл - 15,0 мың теңге
2008 жыл - 15,0 мың теңге
Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру:
Мүгедектерді оңалтудың біртұтасы жүйесін құруға және олардың әлеуметтік қамтылуын жоғарлатуға;
тектілік немесе тума аурулардан мүгедектікке әкелетін, балалардың туу тәуекелдік сатысын төмендетуге;
мүгедектерге ұсынылатын дәрігерлік, әлеуметтік, білімдік және басқа да оңалту қызметінің сапасын жоғарлату және тізбені көбейтуге;
мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылым және ақпараттық орта объектілерінде қол жеткізуді жақсартуға;
мүгедектерді техникалық қаражаттарымен, олардың жеке сұраныстарын есепке алып оңалтуды қамтамасыз етуге;
мүгедектердің еңбекке қол жеткізуін кеңейтуге себеп болады
Тарау 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ
Мүгедектіктің көкейкесті мәселелері және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру оның ауқымымен ескертілген. Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басым бір бағыты болып табылады. Елімізде мүгедектіктің мәселелерін шешуге және анықтауға келгенде халықаралық нормаларға сәйкес тұрғылықты өзгерістер болып жатыр. Қазіргі кезде мүгедектер болып тек қана еңбекке қабілеті төмендеген немесе жойылған тұлғалар ғана емес, сонымен бірге өмір сүруге басқа шектеулері бар (өзіне қызмет көрсетуде, қозғалыста, бейімдеуде, өз мінезқұлқына бақылау жасауда, оқуда) тұлғаларда мойындалады.Бүл мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясатта біркелкі өзгерістер енгізуді талап етеді: оңалтуды күшейтуді, дәрігерлік-әлеуметтік сараптауды жетілдіруді, мүгедектерді оңалту қызметін қайта құруды және құрылымдық қайта құруды, оңалту индустриясының жүйесін дамытуды және мүгедектерге көрсетілетін оңалту қызметін және оңалтудың техникалық қаражатының отандық рыногін құру.
Тарау 3. 3. Сандықтау ауданында мүгедектіктің қазіргі жағдайын талдау және мүгедектерді оңалту
3. Сандықтау ауданында мүгедектіктің қазіргі жағдайын талдау және мүгедектерді оңалту
Ауданда 2006 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша жалпы аурудан мүгедектердің саны, 1,2 топтағылар 252 мүгедекті, 3 топтағылар 274 мүгедекті құрайды, айқындалған мүгедек - балалар 65, мүмкіндіктері шектеулі балалар 15.
Мүгедектіктің көрсеткіштері бірнеше факторларға бағынышты:
- еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуы және әлеуметтік саясаттың басымдылық деңгейіне
- ұлт денсаулығы жағдайына;
- денсаулық сақтау жүйесінің дамуына, дәрігерлік қызметтің сапасына және кіру мүмкіндігіне;
- оңалту қызметінің кіруіне және сапасына
- еңбек қауіпсіздігі және қорғау жағдайына;
- экологиялық ортаның және басқа себептердің жағдайына.
Өмір қызметі деңгейінің дәрежесі бойынша, мүгедектіктің санаттарын дәрігерлік-әлеуметтік сараптаудың кызметкерлері анықтайды және әрбір мүгедек үшін өзіне дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың шараларын қосатын оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді.
Дәрігерлік оңалту аурудың, жарақаттың, зардаптың салдарын баяулатуға немесе жоюға бағытталған, комплекстік диагностикалық, емдік және оңалту іс шараларын өткізуді алдың ала болжайды.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-ортаға қалыптасуына, мүгедектердің әлеуметтік статусын қалпына келтіруге бағытталған.Ол өзіне мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруды, оларға қажет әлеуметтік қызметтерді ұсынуды, оларды техникалық көмекші құралдармен қамсыздандыруды, әлеуметтік, көліктік, және рекреационады орта объектілеріне кіруді қамсыздандыруды, материалды және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді және басқа көмектерді қосады.
Кәсіби оңалту шараларына бұзылған кәсіби дағдыларын қалпына келтіру немесе алу, жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар жатады.
Соңғы жылдары жайлы экономикалық жағдай және мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытының күшеюі, халықты әлеуметтік қорғау деңгейінің жоғарлауы және бірінші кезекте, олардың қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндік құруға бағытталған, оның әлеуметтік -байланған топтары, мүгедектікті түсінудегі жаңа жолдар және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мойындау, он әсер көрсетеді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
Қойылған мақсаттқа қол жеткізу келесі міндеттерді шешуді талап етеді:
-мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін және оларды әлеуметтік қолдауды дамытуды;
-мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруді және мүгедектерді дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалту бойынша қызмет спектрін кеңейтуді;
-әлеуметтік, көліктік және рекреационды инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің қарсылықсыз кіруін қамту үшін жағдай жасауды;
-мүгедектердің жұмыспен қамтылуына белсенді көмектесу үлгісін дамытуды;
-бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен ролін жоғарлатуды;
-мүгедектердің орталықтандырылған база деректерін құруды;
-мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру облысындағы кадрлерді дайындауды.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі және негізгі бағыттары
5. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі және негізгі бағыттары
Жұмыстың негізгі бағытының сапасы ретінде мүгедектерді оңалту бағдарламасы айқындайды:
-мүгедектікті емдеуді;
-мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруді.
Мүгедектікті емдеу мүгедектік пайда болуын ескертуге бағытталған комплекстік іс шараларды қарастырады және өзіне қосады:
-тууға көмектесетін және әйелдер кеңесінде әйелдерді скринигтік тестілеудің сапасын жақсартуды және өз уақытында өткізуді; ерте жастағы балалардың, оның дамуының ерте сатысындағы патологиясын айқындауға мүмкіндік береді;
-жұмыс орындарының аттестациясын өткізуді, еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын сақтауды;
-мүгедектігі бар , тұлғалардың дерек базасын құруды;
-оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуді; Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру халыққа ұсынылатын дәрігерлік- әлеуметтік сараптама қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қызметкерлері кең көлемдегі дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдағы оңалту іс шараларын ОЖБ (оңалтудың жеке бағдарламасы) әзірлейді.
Әр-түрлі ведомсті ұйымдармен және меншік түрлеріне ОЖБ (оңалтудың жеке бағдарламасы) орындау міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында бекітілген.
Тарау 6. 6. Қажет ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажет ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған, аудандық бюджет, облыстық және мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, сонымен бірге басқа қаражаттар бағытталатын болады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру себепкер болады:
-мүгедектерді оңалтудың біртүтас жүйесін құруға және мүгедектердің әлеуметтік қамтылу деңгейін жоғарлатуға;
-мүгедектікке шығу тәуекелін төмендетуге және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
-мүгедектікке әкелетін, даму кемшілігі, тумалы және тектік аурулары бар балалардың туу тәуекел сатысын төмендетуге;
-дәрігерлік- әлеуметтік сараптамасының сапасын жоғарлатуға;
-мүгедектерге ұсынылатын дәрігерлік, әлеуметтік, білімдік және басқа да оңалту қызметтерінің сапасын жоғарлатуға және тізбесін кеңейтуге;
-мүгедектер үшін ақпараттық орталарға және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіру мүмкіндігін жақсартуға;
-мүгедектердің игілі еңбекке кіру мүмкіндігін кеңейтуге;
-мүгедекігігі бар, тұлғалардың орталықтандырылған дерек базасын құруға;
-мүгедектерге ұсынылған әлеуметтік және оңалту қызметтерінің қызмет деңгейін кәсіби жоғарлатуға.
Тарау 8. 8. Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
8. Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
т/б№
Іс шаралар
Аяқталу түрі
Орындалуына жауапты
Орындалу мерзімі
Алдың ала болжауды шығыстар (мың теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі және негізгі бағыттары
1
Мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жұмыстарын жалғастыру (жергілікті атқарушы органның жаңында)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
2
мүгедектігі бар тұлғалардың деректер базасын жетілдіру бойынша, мүмкіндіктері шектеулі балаларды есепке алу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуттік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдары
Шығын қажет емес
Мүгедектікті емдеу
3
Тумалы және тектік патологаиядағы пренеталды скринингтін, әйелдердегі жұқпалы және деребітімі ауруларын әйелдер кеңесінде немесе тууға көмектесетін ұйымдарда сапасын жоғарлату және уақытында өтуін қатамасыз ету
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақпарат
«Сандықтау аудандық ауруханасы» ММ
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
4
Мүгедектерді оңалту, мүгедектердің одан әрі емделуін жақсарту және еңбекке жарамдығын қалпына келтіру, балалар мүгедектігін төмендету мақсатында хирургия, терапевт және балалар бөлімінде 5 жатар орын бөлу
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақпарат
«Сандықтау аудандық ауруханасы» ММ
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
5
Жұмыс орнының аттестациясын өткізу және шарттың сақталуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Аудан әкіміне ақпарат
Еңбекті қорғау жөніндегі инспектор
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
6
Мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, мекемелер және ұйымдармен мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
Дәрігерлік оңалту
7
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді санаториялық-курортық емдеуді ұйымдастыру
Жұмыспен Қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Берілген Өтініштерге орай
Облыстық бюджет
8
Оқу жоспарына орай үйдегі мүгедек балаларды оқытуға және тәрбиелеуге төлемдерді қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
жыл-219,0 мың теңге жыл- 232,0 мың теңге 2008 жыл
облыстық бюджет
Әлеуметтік оңалту
9
Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек- балалар үшін үйдегі әлеуметтік көмек жұмыстарын жалғастыру әлеуметтік жүмысшыны ұстау
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006 жыл-507 мың теңге
2009 жыл -655 мың теңге
2010 жыл-655 мың теңге
Аудан бюджетінің қаражаты
10
Қозғалыста ауырпашылығы бар 1 топ мүгедектеріне жеке көмекші ұсыну
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2606-2008
жылдар
2006 жыл 81 мың теңге
2007 жыл - 86,0 мың теңге
2008 жыл - 91,0 мың теңге
Республикалық бюджет
11
Есту бойынша мүгедектерге мылқау тілінің мамандарын ұсыну
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006 жыл-215 мың теңге
2007 жыл- 228 мың теңге
2008 жыл- 242,0 мың теңге
Республикалық бюджет
12
Протездеуге және ортезированияға құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру, ортопедиқалық аяқ киіммен, ортопедикалық аппараттармен, корсеттермен және басқа бұйымдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедикалық бұйымдарды жөндеу протездік және ортопедикаға байланысты, сонымен бірге Оңалтудың Жеке Бағдарламасы орай қазіргі технология бойынша қызметтер
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
13
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнайы қозғалыс құралдарына (орындық-арбалар) мұқтаж мүгедектерді кезекке қою және құжаттарды рәсімдеу
Жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Берілген өтініштерге орай
Облыстық бюджет
14
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тифлотехникалық құралдарына мұқтаж көру бойынша мүгедектерді кезекке қою және құжаттарды рәсімдеу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департамент ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеумелттік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
Берілген өтініштерге орай
Облыстық бюджет
15
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту бойынша мүгедектерді сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру (кезекке қою және құжаттарды рәсімдеу)
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
Берілген өтініштерге орай
Облыстық
бюджет
16
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті дене құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
2006 жыл 101-1.0 мың теңге
2007 жыл-1107,0 мың теңге
2008 жыл - 1173,0 мың теңге
Республикалық бюджет
17
Қайта жөндеуді талап ететін объектілердің тізібесін анықтау және мүгедектердің қолы жетуі үшін рекреационды инфрақұрылымдарды, көлік және әлеуметтік бейімделу бойынша этаптық жұмыс жоспарын әзірлеу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Сәулет және қала құрылысы бөлімі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
Шығын қажет емес
18
Мүгедектік арбалар үшін қондырғылармен, пандустарды подъезд жолдарымен құрылыстарды қамтамасыз етіп, салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көліктік және рекрационды инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің қол жеткізуін жасау.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат.
Сәулет және қала құрылысы бөлі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
2006 жыл -15 мың теңге
2007 жыл -15 мын, теңге
2008 жыл - 15 мың теңге
Тапсырушылардың қаражаттары
19
Мүгедектерді бейімдеу мақсатында, сонымен бірге мүгедек - балаларды белсенді өмір денгейіне тарту үшін аудандық суреттер, және басқа да өнер түрлерінің конкурсын өткізу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
Шығын қажет емес
20
Мүгедектер арасындағы спорттық іс шараларды еткізу бойынша дайындық іс шараларын ұйымдастыру спорттық керек-жарақтарды, дайындалу үшін спорт залын бөлу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Дене мәдениеті және спорт бөлімі
2006-2008
жылдар
Шығын қажет емес
21
Мүгедектер арасындағы спорттық жарысты ұйымдастыру мүгедектер арасындағы аудандық жарысты өткізу мүгедектер арасындағы облыстық Үміт жарысына қатысу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Дене мәдениеті және спорт бөлімі
2006-2008
жылдар
2006 жыл -52 мың тенге 2007жыл -55 мың теңге 2008 жыл - 58 мың теңге
Аудан бюджетінің қаражаты
22
Мүгедектердің облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
Шығын қажет емес
23
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санатты мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006 жыл -180 мың тенге
2007 жыл -210 мың тенге
2008 жыл -210 мың тенге
аудан бюджетінің қаражаты
Кәсіби оңалту
24
Жұмыс орындарының үшпайыздық квотасын мүгедектерге ұсынуды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
жылдар
Шығын қажет емес
25
Мүгедектердің жұмыспен қамтылу мониторингін өткізу, соның ішінде ЖОО, колледждердің, ПТЛ, ПТШ түлектерінің
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Шығын қажет емес
26
Оңалтудың Жеке Бағдарламасына орай қайта дайындауды және кәсіби дайындауды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006 жыл -30 мың теңге
2007 жыл -30 мың теңге
2008 жыл - 30 мың теңге
Аудан бюджетінің қаражаты
Аумақтық деңгейде мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс қимыл жасау
27
Мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуына тұрақты мониторингті ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008
Шығын қажет
БАРЛЫҒЫ:
2006 жыл /мың теңге/
2007 жыл /мың теңге/
2008 жыл /мың теңге/
Республикалық бюджет
1340,0
1421,0
1506,0
Облыстық бюджет
219,0
232,0
246,0
Аудандық бюджет
769,0
950,0
953,0
Тапсырушылардың қаражаттары
15,0
15,0
15,0