Об утверждении Программы занятости и социальной защиты населения по Сандыктаускому району на 2006-2008 годы Күшін жойған
Басқа 0
Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысының негізінде, аудан мәслихаты ШЕШІМ КДБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламасын қосымшаға орай бекітсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімге бақылау жасауды жұмыспен қамту, құқықтық тәртіп және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктесін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. МАЗМҰНЫ:
Сандықтау аудандық мәслихатының
2006 жылғы 20 наурыздағы
№ 26/6 шешіміне БЕКІТІЛГЕН
Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламасы
Балқашын селосы 2006 жыл
МАЗМҰНЫ:
Тармақ 1
1. Бағдарлама паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданының халықың әлеуметтік қолдаудың қазіргі жағдайын талдау
Тармақша 1
1) Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Тармақша 2
2) Жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдері және негізгі бағыттары
Тармақша 1
1) Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша
Тармақша 2
2) Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша
Тармақ 6
6. Қажет қаржылық ресурстар және қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Сандықтау ауданының халықың 2006 - 2008 жылдары жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары
Тарау 1. 1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Атауы 2006 - 2008 жылдарға арналған Сандықтау ауданында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтудың бағдарламасы (әрі қарай бағдарлама).
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсанында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»
Қазақстан Республикасында 2005 - 2007 жылдары әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2001 жылдың 17 шілдедегі № 246 -11 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылдың 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылдың 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы», 2000 жылдың 18 желтоқсандағы № 129 «Әлеуметтік серіктестік туралы» Заңдары.
Әзірлеуші Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бағдарламаның мақсаты Аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, қазіргі әлеуметтік - демографияны есепке алып, аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қорғауды нығайту, еңбек рыногының тұрақты қызмет етуін және жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету, егде тартқан азаматтардың өмірін жақсарту бойынша іс шараларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету.
Басым міндеттер
Тармақ 1
1. халықтың азқамтамасыз етілген қабатын әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту;
Тармақ 2
2. еңбек құқығы қатынасында әлеуметтік серіктестіктің нәтижелігін жоғарлату;
Тармақ 3
3. халықтың жұмыспен қамтылуының өсу деңгейіне жағдай жасайтын, соның ішінде мақсатты топтарға іс шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 4
4. халықтың әлеуметтік - жанды топтарына атаулы әлеуметтік көмекті көрсету механизмін жетілдіру
Тармақ 5
5. халықты әлеуметтік қорғаудың белсенді түрлерін жетілдіру және одан әрі дамыту
Тармақ 6
6. халықтың жанды қабатының өмір деңгейін жоғарлату және тұрақтандыру.
Тармақ 7
7. азаматтардың әлеуметтік қорғалуына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуде кәсіпорын басшыларымен мемлекеттік басқару органдарымен іс әрекетті белсендіру және үйлестіру.
Тармақ 9
9. жұмыссыздар мен аз қамтамасыз етілгендердің шын жағдайы және олардың өмір деңгейін жақсарту жөніндегі іс шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру мерзімі 2006-2008 жылдар
Қаржыландырудың ауқымы мен көздері Қазақстан Республикасының аудан бюджетінің қаражаты, және заңнамаларында тиым салынбаған басқа көздер қаржыландыру көздері болып табылады
Күтілетін нәтижелер Бағдарлама себепкер болады:
Тармақ 1
1. бағдарламада қарастырылған шараларды жүзеге асыру есебінде жұмыспен қамтылған халықтың, азқамтамасыз етілген азаматтардың және кедейлердің өмір деңгейінің жоғарлауына;
Тармақ 2
2. жұмыспен қамтылған халықтың еңбек жағдайының жақсаруына;
Тармақ 3
3. әлеуметтік қолдауда халықтың әлеуметтік-жанды қабатын толық және уақытында қамтуға;
Тармақ 4
4. кедейлік деңгейінің төмендеуіне;
Тармақ 5
5. жұмыссыздардың, азқамтамасыз етілген азаматтардың Және жұмыспен қамтылған халықтың өмірінің жақсаруы үшін алғышарт құруға;
Тармақ 6
6. 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың саның 50 пайызға төмендетуге;
Тармақ 7
7. әлеуметтік қолдаумен қамтылған, жеке санаттағы азаматтардың санының өсуіне.
Тарау 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ
Бағдарлама 2006-2008 жылдардың ішінде шешетін тапсырмалардың тізбесін айқындайды, осы тапсырмалардың жүзеге асыру және күтілетін нәтижелер механизмін ұстайды.
Бағдарламаның негізіне аудан деңгейінде халықты әлеуметтік қорғауда, мақсатты бағыттары және атаулы, сипаттамасы бар, кепілді, тұрақты жүйені құру ұстанымдары жатады.
Ауданның азқамтамасыз етілген және жұмыспен қамтылған азаматтарын әлеуметтік қорғау бойынша әзірленген іс шаралардың нәтижелігін жоғарлату үшін, еңбекке орналасуда және азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуде қолқабыс тигізу, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендету бойынша негізгі бағыттар айқындалған.
Бағдарламада әзірленген іс шараларды жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік жанды санаттағы халқың әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету бойынша, барлық деңгейдегі билік органдарының, жұмыс берушілердің үйлестіру күшін қарастырады.
Тарау 3. 3. Сандықтау ауданының халқының әлеуметтік қорғалуының қазіргі жағдайын талдау
3. Сандықтау ауданының халқының әлеуметтік қорғалуының қазіргі жағдайын талдау
Тармақша 1
1) Аудан халықын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Аудандағы еңбек рыногының жағдайы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен және жұмыспен қамтылған халықтың санының көбеюімен сипатталады.
Жұмыссыздық деңгейі 2003 жылы -1,4 пайыз, 2004 жылы – 1,0 пайыз, 2005 жылы - 0,7 пайыз. Жұмыссыздық деңгейі 2003 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді.
2005 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыз халықтың саны 1280 адамды құрады.
Тіркелген жұмыссыздық бойынша 2004 жылдың аяғында аздаған төмендеу байқалады 160 адам, 2006 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздардың саны 112 адамды құрайды, төмендеу 48 адамға. Жұмыссыздардың жалпы санының ішінен үлкен санды 18 ден 40 жасқа дейінгі әйелдер құрайды.
Аудандағы еңбек ресурстарының балансына орай экономикалық белсенді халықты 13220 адам құрайды, олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушы халықты 3865 адам құрайды.
Бағдарламаның әлеуметтік реформаны одан әрі тереңдету бойынша іс шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында, еңбек рыногында белсенді іс шаралардың нәтижелері жақсарды.
2005 жылдың жылдық жоспар көрсеткішінде жаңа 410 жұмыс орының құру бойынша, ауданда 629 құрылды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегімен келген 273 жұмыссыздың 223 жұмысқа орналасты. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 112 жұмыссыз қатысты. Жұмыссыздарды дайындау және қайта дайындау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп тұрады, егер 2004 жылы 10 жұмыссыз оқытылса, еңбек рыногындағы мамандардың сұранысына орай 2005 жылы жоспар бойынша 10, 61 жұмыссыз оқытылды және қайта дайындалды.
Еңбек рыногындағы көкейкесті мәселелер болып табылатындар: еңбек рыногында халықтың жеке әлеуметтік-демографиялық топтарының төмен бәсекелестігі (жастар, әйелдер, мүгедектер, босатылған әскери қызметкерлер, зейнеткерлік алдыңдағы азаматтар).
Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіби - біліктілік құрылымдарының сәйкессіздігі. Жұмыссыз азаматтардың кәсіби машықтығы деңгейінің төмендігі. Білікті жұмысшыларға деген сұраныстың көбеюі.
Еңбек рыногына түскен жастар санының көбеюі. Селолық жерлерден жастардың кетуі және селолық жерлерде жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндіктің жоқтығы.
Жұмыс істейтін азаматтардың біліктілігін жоғарлатуға және оларды кәсіби дайындауға деген жұмыс берушілердің төмен мүделігі.
Жұмыс күшінің сұранысын болжау және ұсыныс
Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің болжамы бойынша, 2006-2008 жылдар аралығында жұмыспен қамту органына 970 адам келеді, олардың 60 пайызы жұмысқа орналастырылады.
Осы негізде аудан халқының жұмыспен қамтылу деңгейі көтерілетін болады.
2005-2007 жылдары Сандықтау ауданында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының шегінде құрылысшы мамандарға деген сұраныс күтіледі.
Комплекстік агроөнеркәсіп бағдарламасының дамыту шегінде ауылшаруашылық қырындағы мамандарға деген сұраныс көбейеді.
Мүгедектерді кәсіби оңалтуға жағдайды жақсарту үшін олардың орта және кәсіби білімін, кәсіби дайындауды және кайта дайындауды, өзін өзі жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды жетілдіру керек. Бос еңбек рыногына олардың кіруі үшін, қосымша шаралар қабылданатын болады, мақсатты топтар үшін жұмыс орының құру жолымен мақсатты жұмысқа орналастыру ұйымдастырылған.
Халыққа тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету қызметкерлеріне, компьютерлік технологиямен айналысатын білікті мамандарға деген тиянақты сұраныс болжамдалады.
Тармақша 2
2) Жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қолдау мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың ұйымдастырылған жүйесінде «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары әлеуметтік реформаларды одан әрі терендету бағдарламасы» екінші деңгейі бойынша екі бағытта жүргізіледі: ең төменгі еңбек ақыны төлеудің мемлекеттік кепілдігі және зейнетақы жинақтаушы қорына міндетті және еркін есеп аудару, әлеуметтік сақтаныру қорлары, зейнеткер жасына жеткенде және тәуекел топтарына материалды көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қаражаттар.
Жұмыс күшінің құнсыздығын аттап өту - бұл күн көріс минимумының негізінде еңбекақыны этапты қайта құрудағы негізгі міндеттердің бірі, ауданның жұмыспен қамтылған халықың әлеуметтік қолдау кызметтерінде тапсырыстың негізгі көрсеткіші, орта отбасының бір адамына күн көріс минимумының өмір деңгейіндегі оның үлесі болып табылады. Осы міндеттерді орындау мақсатында, 2005 жылы күн көріс деңгейінің мөлшерінен 65 пайызға асып түскен мемлекетпен ең төменгі жалақы мөлшері белгіленген және одан әрі ең төменгі жалақының өсуі күтіледі, бұл әрине азқамтамасыз етілген отбасыларының кірісін көбейтеді.
Күн көріс деңгейінен төмен, тұратын жұмыспен қамтылған халықтың санының өмір деңгейін жақсарту процессінде көкейкесті мәселелер болып табылатындар:
ауыл шаруашылық саласындағы жұмысшылардың еңбекақысының төмендігі;
ұжымдық шарттармен толық қамтылмауы:
жинақтаушы зейнетақы қорына қаражаттың толық түспеуі;
жеке тұлғалармен жұмыс күшін заңсыз жалдауы.
Осы міндеттердің шешімі болып табылатындар:
орындалатын жұмыстардың ауырлығын есепке алып, кепілденген еңбекақыны төлеуді сақтау;
ұжымдық шарттарды бекіту бойынша жұмыс берушілердің қызметін үйлестіру;
жеке тұлғалардың жұмыс күшін жалдауын тоқтату;
Тармақша 3
3) Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету
Кіріс бойынша кедейлікті өлшеу үшін негізгі критерияға күн көріс минимумы, орташа жылдар бойынша 2003 жылы - 5051 теңгені, 2004 жылы - 5385 теңгені, 2005 жылы - 5924 теңгені құраған, және орташа 2003 жылы - 2020 теңгені, 2004 жылы - 2154 теңгені, 2005 жылы - 2370 теңгені құраған кедейшілік шегі жатады.
Әлеуметтік көмек сұрауға келген, азқамтамасыз етілген отбасыларының құрамынан үш жылда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар құрылымын талдауы көрсеткендей:
Жылдар
Барлық алушылар
зейнеткерлер мен мүгедектер пайыз адам / %
кәмелеттік жасқа толмаған балалар пайыз адам / %
7 жасқа дейінгі балалар күтімімен айналысатын аналар пайыз адам /%
Жұмыссыз азаматта р пайыз
адам / %
басқа да алушылар пайыз адам /%
2003 жыл
1028
10/1,0
591/58
157/15,3
143/14
127/2,4
2004жыл
820
7/0,9
492/60
138/17
99/12
87/11
2005 жыл
626
3/0,5
401/64
113/18
43/7
66/11
Кедейлік кұрамынан шығару және кірісін көбейту мақсатында аудан бойынша әлеуметтік қолдау бойынша белсенді үлгілер қабылданған. Үш жылдың ішінде аудан бойынша халықтың мақсатты тобының ішінен 442 азамат жұмысқа орналасқан, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарда 508 жұмыссыз жұмыс істеген, 109 әлеуметтік жұмыс орындары құрылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында оларға бюджет қаражатынан 20956,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді, демеушілердің қаражатының есебінен 1666,2 мың теңге қосымша көмек көрсетілді.
Жылдар
АӘК
Демеушілік көмек
отбасы
адам
Мың теңге
адам
мың теңге
2003 жыл
264
1028
8728,6
257
368,6
2004 жыл
207
820
6404,3
272
877,6
2005 жыл
158
626
5823,6
159
420,0
Қорытындыда Сандықтау ауданында 2003-2005, жылдары жұмыссыздық пен кедейлікті төмендету бойынша бағдарламамен жұмыс істеген үш жылда кедейлік деңгейі 2003 жылы 2,4 тен, 2005 жылдың аяғында 1,6 ға төмендеді.
Кедейліктің барына әсер ететін, негізгі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар:
кедей еңбекке жарамды халық үшін жұмыспен қамтылу мүмкіндігінің шектеулігі;
еңбекақының төмен мөлшері;
жабық үлгідегі жұмыспен қамтылу;
еңбек рыногындағы тапсырысқа жұмыссыздардың біліктілігінің сәйкессіздігі.
Бұл тапсырмалардың шешімі келесі қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
аз қамтамасыз етілген азаматтардың арасында кәсіпкерлік қызметін дамуын қамтамасыз ету;
қабылданған шаралардың нәтижелігін жоғарлату; аумақтық кедейлік ерекшелігін есепке алу.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - халықтың өмір деңгейін жақсарту бойынша комплекстік шараларды жүзеге асырудың есебінен жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендету, өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері:
- халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуін ынталандырушы шараларды жүзеге асыру;
- мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына көмектесу;
- жұмыспен қамту саласында нормативті құқық базасын жетілдіру;
- халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау;
- еңбек рыногындағы әлеуметтік серіктестік мәселелерін шешу;
- халықтың әлеуметтік жанды қабатына атаулы әлеуметтік көмекті көрсету және балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны төлеу механизмдерін жетілдіру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдері және негізгі бағыттары
5. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдері және негізгі бағыттары
Тармақша 1
1) Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша
Жаңа жұмыс орындарын құру экономика саласында:
- мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
- халықтың мақсатты топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- қоғамдық жұмыстарда олардың түрлерін көбейту жолымен уақытша жұмыспен қамтылуды дамыту жолдарымен жүзеге асырылады.
Жұмыс күшіне сұранысты баланстау және ұсыныстар:
- жақын арадағы үш жылда, еңбек рыногының сұранысы бойынша мамандар мен жұмысшыларды қайта дайындауға кәсіби білім беру жүйесін қайта бағыттау;
- еңбек рыногында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстардың білікті құрылымын толық баланстауды қамтамасыз ету есебінде жүзеге асырылады.
- бос жұмыс орындары туралы толық және рас мәлімет тапсыру үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін жоғарлату.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, қосымша жұмыс орындарын құру:
- материалды көмек, шағын несиелеу жолымен жеке ісін ұйымдастыруға жұмыссыздарға көмектесудің;
- жұмыспен қамтудың майысқақ түрлерін ұйымдастыру және қызмет көрсетудің жеке саласын дамытудың;
- селолық жерлерде тағамдық шикізатты қайта өндеу үшін ұлттық дәстүрлі кәсіпшілікті, өнеркәсіп кәсібінің қайта өркендеуіне көмектесудің;
- кәсіпкерлік бастамаға және өзің өзі жұмыспен қамтылуына көмектесу мақсатында, кәсіпкерлік кызметтердің негізі бойынша жұмыссыздарды қайта дайындаудың есебінде жүзеге асырылады.
Еңбек рыногында олардың бәсекелестігін жоғарлату мақсатында, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін жоғарлату, қайта дайындау және кәсіби дайындауды жетілдіру жолымен ауданның еңбек рыногындағы тапсырысты есепке алып жұмыссыздарды қайта дайындау және кәсіби дайындаудың майысқақ жүйесін ұйымдастыру.
Қоғамдық жұмыстарды жетілдіру және ұйымдастыру қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты 2006 - 2008 жылдары жолдарды құруға және жөндеуге, ауданның елді мекендерін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартуға, әлеуметтік қызмет көрсетуге қоғамдық жұмыстарды кеңейту және бағыттау жобаланған.
Меншіктің барлық деңгейінде жұмыс берушілерімен жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін біріктіру жолдары
- барлық деңгейдегі еңбек рыногындағы әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамыту;
- ұйым персоналына ішкі өндірістік оқыту жүйесін дамыту;
- түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу мәселелері бойынша жұмыс берушілермен өзара іс қимыл жасау.
Инвестициялық бағдарламаны әзірлегенде, ауданның еңбек рыногындағы жағдайды есепке алып қосымша жұмыс орындарын құру, жобаларды қарастырғанда, ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
Оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға көмектесуге:
- жұмыспен қамту органы арқылы одан әрі болашақта жұмысқа орналастырумен жастар тәжірбиесін ұйымдастыруға (жұмыс орнында тәжірбиені өту және сынау мерзімін өткізу);
- тапсырысты есепке алып, мемлекеттік ұйымдарда жұмыс орындарын ұсынуға себепкер болады.
Тармақша 2
2) Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қорғау бойынша
Азқамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша негізгі бағыттар:
- халықты жұмыспен қамту, кедейлікті төмендетудің нәтижелі тәсілі ретінде, кедей халықтың басым көпшілігі селода тұратындықтан шағын несиелеу және қосалқы шаруашылықты дамыту жолдарымен халықты өзің өзі жұмыспен қамтуына ерекше назар бөлінеді.
- аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қолдау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдарының шегінде орындалады.
- аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша үкіметтік емес және басқа ұйымдарды тарту.
- ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтарын әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралардың нәтижелігін жоғарлату.
Бағдарламаны орындау әзірленген шаралардың және оларды жүзеге асыру жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Іс шаралар жоспарында халықтың жеке санатын әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастарын теңестіру, өндірістік жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауды алушылар санының өсуі бойынша негізгі бағыттар айқындалған.
Тарау 6. 6. Қажет қаржылық ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажет қаржылық ресурстар мен қаржыландыру көздері
Толығымен бағдарламаны жүзеге асыруға аудандық бюджет және республикалық бюджетінің 67458,0 мың теңге ауқымында қаражатты қажет соның ішінде 2006 жылы - 22140,0 мың теңге, 2007жылы - 22130,0 мың теңге, 2008 жылы - 23188,0 мың теңге
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
Осы бағдарламадан шығатын шараларды орындау, жұмыссыздық деңгейінің төмендету және жұмыспен қамту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны жүзеге асыру есебінде 2006-2008 жылдары қарастырылады:
1807 жұмыс орның құру, соның ішінде 2006 жылы - 469, 2007 жылы - 660, 2008 жылы 678;
Жұмысқа орналасуға 740 адамға көмек көрсету, оның ішінде 2006 жылы -230, 2007 жылы - 250, 2008 жылы - 260;
561 жұмыссыз үшін ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, оның ішінде 2006 жылы - 161, 2007 жылы - 200, 2008 жылы - 200;
45 жұмыссызды кәсіби оқытуға және айта дайындауға жіберу, оның ішінде 2006 жылы - 15, 2007 жылы - 15, 2008 жылы - 15;
Халықтың мақсатты топтары үшін 108 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, оның ішінде 2006 жылы - 32, 2007 жылы - 38, 2008 жылы -38;
Мамандығы бар 36 жұмыссыз жас азаматтар үшін жастар тәжірбиесін ұйымдастыру, оның ішінде 2006 жылы - 8, 2007 жылы - 13, 2008 жылы - 15; 2008 жылдың аяғында жұмыссыздық деңгейін 0,4 пайызға төмендету. Әлеуметтік - жанды санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдауды төлемдермен қамтамасыз ету:
Атаулы әлеуметтік көмек - 7232,0 мың теңге;
Балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар - 31200 мың теңге
Сандықтау ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№
Іс шаралар
Аяқталу түрі
Жауапты орындаушылар
Іске асыру (орындау) мерзімі
Алдың ала болжау шығындары (млн. теңге)
Қаржыландыру көзі
1 тарау. Сандықтау ауданының халықын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету Экономика саласында жаңа жұмыс орындарын құру
1.
Экономиканың әр-түрлі саласында 1807 жұмыс орның құруды қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Аудандық , білім беру, ауыл шаруашылық, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары, кәсіпкерлік бөлімдері
1. жыл - 469 орын
2. жыл - 660 орын
3. жыл - 678 орын
Қажет емес
-
Жұмыс күшіннің ұсынысы және балансталған сұраныс бойынша іс-шаралар
2.
Мамандарды дайындау мерзімін және қапталын, білім беру қызметі ауқымы рыногында және еңбек рыногы ұсыныстарын және сұраныстың болжамын жүзеге асыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Кәсіпкерлік, аудандық білім беру, ауыл шаруашылық бөлімдері
2006 -2008 жылдар
Қажет емес
-
3.
Жақын арадағы 3 жылға жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген сұранысын және экономика сұранысына сәйкес кадрлерді дайындау жүйесін келтіруді анықтау мақсатында жұмыс күшіне деген сұраныстың мониторингін жүзеге асыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 - 2008 жылдар
Қажет емес
-
Әлеуметтік қолдауға мұқтаж, халықтың мақсатты тобын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру
4.
Мақсатты топтарды жұмыспен қамту мониторингі
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмысшы қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қажет емес
-
5.
Мақсатты топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
4. жыл - 32 орын
5. жыл - 38 орын
6. жыл - 38 орын
2006 жыл - 884, 0
2007 жыл - 1112,0
2008 жыл - 1178,0
Аудан бюджетінің қаражаты
6.
Бас бостандығынан айырылған орындардан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмектесу бойынша жұмыспен қамту органы мен қылмыстық түзету жүйесімен өзара қарым-қатынасты күшейту
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Аудандық Ішкі Істер Бөлімі
2006- 2008 жылдар
Қажет емес
-
7
- Қылмыстық атқару жүйесінің органдарына сотталған тұлғаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында кәсіп, мамандық тізбелерін ұсыну
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006- 2008 жылдар
Қажет емес
8,
Нашақорлыққа бағынышты азаматтарды жұмыспен қамту мониторингі
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қажет емес
-
Қосымша жұмыс орындарын құратын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
9.
Мақсатты топқа кіретін тұлғалардың арасынан міндетті жұмысқа қабылдау шартымен шағын кәсіпкерлік объектілеріне пайдаланылмаған объектілерді, жер телімдерін, мүлікті жалға алудағы аяқталмаған құрылыс объектілерін және тапсыруды қамтамасыз ету
Ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006- 2008 жылдар
-
10.
Ауылдық жерлердегі әйелдерді өзін-өзі жұмыспен қамту үшін ұлттық көркем кәсіпті және дәстүрлік үлгідегі ауыл шаруашылығын дамыту
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Білім беру, ауыл шаруашылық, Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері
2006-2008 жылдар
Қажет емес
-
Еңбек рыногындағы сұранысты есепке алып - жұмыссыздарды кәсіби дайындау - және кайта дайындаудың жұқа жүйесін ұйымдастыру
11
Жұмыссыздарды оқуға жіберу және кәсіби дайындау, кайта дайындауды және біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006жыл - 15 адам
2007 жыл - 15 адам
2008 - 15 адам
2006жыл – 555,0
2007 жыл - 588,0
2008 жыл - 624,0
Аудан бюджетінің қаражаты
Қоғамдық жұмыстарды жетілдіру және ұйымдастыру
12.
Селолық аумақтарда көлік инфрақұрылымын дамыту, аймақтың инфрақұрылымын дамыту орманжиектерін, жолдарды жөндеу бойынша қоғамдық жұмыс түрлеріне жобалау және кеңейту
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006жыл - 161 адам 2007 жыл - 200 адам 2008жыл - 200 адам
2006жыл -4431,0
2007 жыл -5851,0
2008 жыл -6202,0
Аудан бюджетінің қаражаты
Жұмыспен қамтудың аймақтық мәселелерін шешудегі жергілікті атқарушы органдардың ролін жоғарлату бойынша іс шаралар
13
Жадынамаларды, буклеттерді қағаздарды тарату жолымен еңбек рыногындағы бос жұмыс орындарының жағдайы туралы жұмыс берушілерді және халықты хабардар ету.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006- 2008 жылдар
Қажет емес
14.
Ұзақ уақыт жұмыс істемеген немесе жұмыс тәжірибесі жоқ, соның, ішінде мүгедектер жұмыссыздарды әлеуметтік - еңбекке бейімдеу бойынша жұмыс іздеу клубының жұмысын жетілдіру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006- 2008 жылдар
Қажет емес
-
15.
Бос жұмыс орны жәрмеңкесін ұйымдастыру жолымен еңбекке орналастыру бойынша ю шараларды жетілдіру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006жыл - 19,0 2007жыл -20,0 2008жыл -21,0
Аудан бюджетінің қаражаты
16
Жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға қолқабыс көрсету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006жыл - 230 адам
2007 жыл - 250 адам
2008 жыл - 260 адам
Қажет емес
17
Еңбек рыногындағы жағдайдың мониторингі
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қажет емес
-
18
Кәсіби білімі бар 16 дан 24 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006жыл - 8 адам
2007 жыл - 13 адам
2008 жыл -
15 адам
2006 жыл - 443,0
2007 жыл -761,0
2008 жыл -930,0
Аудан бюджетінің қаражаты
Еңбек рыногында және жұмыспен қамту мәселелері бойынша еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметіне ықпалдасу
19.
Халықтың жұмыссызың жұмысқа орналастыруға көмектесетін саладағы ұйымдармен, мекемелермен және жұмыспен қамту органдарының карым-қатынасын кеңейту
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
тұрақты
Қажет емес
20
Шетел жұмыс күшін пайдалануда ҚР заңнамаларын сақтауға мүлікті органдармен бірге бақылау жасау
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімінің қоныс аудару полициясы
тұрақты
Қажет емес
Тарау бойынша барлығы:
Қажет қаражаттар:
2006 жыл - 6332,0 мың теңге
2007 жыл - 8332,0 мың теңге
2008 жыл - 8955,0 мың теңге
БАРЛЫЕЫ: 23619,0 мың теңге
Сәйкес бюджетті қабылдағанда шығындар анықталады
2 тарау. Жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету -
1.
Қазақстан Республикасындағы 2006 - 2008 жылдарға арналған әлеуметтік реформаны тереңдету жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар жиналыстарды өткізу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат хаттамалар, мәліметтер, ақпараттар
Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
тұрақты
Қажет емес
2.
Жұмыс берушілер мен Жұмысшылардың өкілдері арасындағы ұжымдық шарттардың қорытындысын талдауды жүргізу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Сандықтау ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
тұрақты
Қажет емес
3 тарау. Азқамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету
1.
Өндірістік корзинадан және кедейшілік шегінен төмен орта күн көріс кірісімен халықтың санының мониторингін енгізу
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Сандықтау ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
тұрақты
Қажет емес
-
2.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмекті уақытында төлеуді қамтамасыз ету және төлемге арналған бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылауды күшейту, соның ішінде:
1) атаулы әлеуметтік көмек
2) Балалар жәрдемақысы
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 -2008 жылдар
2006 жыл - 14192,0
2007 жыл - 11930,0
2008 жыл -
-12310,0
2006 жыл -2392,0 2007 жыл -2430,0 2008 жыл -2410,0
2006жыл - 11800,0
2007 жыл -9500,0
2008 жыл - 9900,0
Аудан бюджетінің қаражаты
3
2006-2008 жылдарға арналған ортажылдам жоспарға сәйкес кедейшілік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006 жыл - 1,8 пайыз
2007 жыл - 1, 6 пайыз
2008 жыл - 1,5 пайыз
Қажет емес
4
Селолық округтармен және кедейлері жоқ селоларымен жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, селолық округ әкімдері
2006 жыл - 1
2007 жыл - 1
2008 жыл -1
Қажет емес
5
Әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мамандарын оқыту тәсілдері және жаңа түрлерін құру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қажет емес
6
Күн көріс минимумының көлемін айқындаудың әдістемелерін жетілдіру бойынша өткізілетін жұмыстар бойынша халық арасындағы түсіндірмелік жұмыстарды қамтуды жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қажет емес
7
Компьютерлік бағдарлама бойынша балалар жәрдемақысын, АӘК тағайындау және төлеу отбасыларының әлеуметтік қартасының мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қажет емес
8
Әлеуметтік көмекті көрсету бойынша ведоство аралық участкелік комиссиямен және ауыл, село әкімдерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша уәкілетті органмен әлеуметтік серіктестік жұмыстарын жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қажет емес
9
Семей ядролық полигоны сынағынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы өтемдерді төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
2006-2007 жылдар
2006 жыл - 1,6 мың теңге
2007 жыл - 12,6 млн теңге
Республикалық бюджет
Тарау бойынша барлығы:
Қажет қаражаттар:
2006 жыл - 14192 мың теңге
2007 жыл - 11930 мың теңге
2008 жыл - 12310 мың теңге
БАРЛЫҒЫ: 38432 мың теңге
Сәйкес бюджетті қабылдағанда шығындар анықталады
4 тарау. Соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру
1.
Ақмола және басқа облыстардың санатория-курортық аймақтарының базасында зейнеткерлердің санынан жеке санаттағы азаматтарды сауықтыруды қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар Жылсайын
Облыстық бюджет
2.
Материалды қолдауды көрсетуді ұйымдастыру: соғыс ардагерлері, еңбек тылындағы, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының Жеңіс мейрамының құрметіне қаза тапқан әскери қызметкерлер отбасына
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат, мәліметтер
Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Ардагерлер кеңесі, селолық округ әкімдері
Жылсайын 2034 адам
2006 жыл -696,0
2007 жыл -738,0
2008 жыл -782,0
Ауданның бюджетік қаражаты
3
«Қарттар күні» мейрамының құрметіне салтанатты ю шаралар ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі селолық округ әкімдері ардагерлер мен мүгедектердің қоғамдық ұйымдары
Жылсайын Қазан айында 465 адамға
2006 жыл – 130
2007 жыл – 130
2008 жыл -130
Ауданның бюджеттік қаражаты
4
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізуді ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Жылсайын
5
Дәрігерлік кызмет көрсету (тіс протездеу, есту қабілетін протездеу) Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне комплекстік дәрігерлік тексерісті ұйымдастыру
Жұмыспен Қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Аудандық аурухана
тұрақты
Қажет емес
6
Соғыс ардагерлеріне облыстық және жергілікті үздіксіз басылымдарға жазылуды ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Ардагерлердің қоғамдық ұйымдары Селолық округ әкімдері
7
- Тұрғын-үйге мұқтаж ҰОС ардагерлерін қамту бойынша есеп енгізу
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
Қажет емес
8
ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне , жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін волонтерлік және тимурлық қозғалыстарды кайта қозғау бойынша жұмыстарды жалғастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Тұрақты
Қажет емес
9
Жалғыз басты кәртайған азаматтарға үйдегі әлеуметтік көмектен әрекеттегі бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2006-2008 жылдар
2006жыл -766
2007 жыл - 1010
2008 жыл - 1011
Ауданның бюджеттік қаражаты
10
Соғысқа қатысқандарды мәңгілікке сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін еске туару жинақтарын ақпараттық жинау
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Ауданның ардагерлер кеңесі
2006 - 2008 жылдар
11
Әлеуметтік көмек көрсету бойынша , қайырымдылық акциясын өткізу (сенбіліктер, бір күнгі жалақыны қайырымдылық қорына аудару, концерттер мен кездесулер өткізу, көрмелер ұйымдастыру
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі селолық округ әкімдері
2006-2008 жылдар
Тарау бойынша барлығы:
Қажет қаражаттар:
2006 жыл - 1592 мың теңге
2007 жыл - 1878 мың теңге
2008 жыл - 1923 мың теңге
БАРЛЫҒЫ: 5393 мың теңге