О мероприятиях по борьбе с коррупцией на 2006-2010 годы в Астраханском районе Қолданыста
Басқа 0
Астрахан ауданында жүргізілетін жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған, Астрахан ауданындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында қол қойған күннен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жариялануға жатады.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 30 наурыз
№ 150 қаулысымен бекітілді.
Астрахан ауданындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған Іс-шаралар
№
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
Мемлекеттік кепілдік беріп алынған несиелерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау бойынша тексерістер жүргізуді енгізу
Аудан әкімінің аппаратына ақпарат
Аудан прокуратурасы (келісім бойынша), ҮҚКДАБ (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша)
жылына 2 рет
2
Кәсіпкерлердің, құқық қорғау, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жемқорлыққа қарсы күрес және лауазымдық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу
Аудан әкімінің аппаратына ақпарат
Аудан прокуратурасы (келісім бойынша), СК (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), «Маяк» газетінің редакциясы (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша), ҰҚКДАБ (келісім бойынша), кәсіпкерлік бөлімі
жылына 2 рет
3
Мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы күрес жағдайын тексеруді жүзеге асыру
Аудан әкімінің аппаратына ақпарат
Аудан прокуратурасы (келісім бойынша), ҮҚКДАБ (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша)
тұрақты
4
Азаматтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жемқорлық фактілері туралы ақпараттарына уақытымен көңіл бөлу
Аудан әкімінің аппаратына ақпарат
Аудан прокуратурасы (келісім бойынша), ауданның атқару органдары, ауылдық округ әкімдері, АҚБ (келісім бойынша), СК (келісім бойынша), СБ (келісім бойынша), МСЭББД (келісім бойынша), ҚІББ (келісім бойынша), ҚР АШМ ААБ (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша)
тұрақты
5
Мемлекеттік қызметке кірер алдында немесе мемлекеттік қызметінде жоғарылауы кезінде мемлекеттік қызметкерлердің және олардың жұбайларының кіріс және мүліктері туралы мағлұмдама берулеріне бақылау жасауды күшейту, оларда көрсетілген мәліметтердің растығын тексеру
Аудан әкімінің аппаратына ақпарат
СК (келісім бойынша)
тұрақты
6
«Маяк» газетінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы кеңінен және объективті түрде жариялануын қамтамасыз ету, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын белсенді түрде насихаттау және халық арасында қылмыс пен жемқорлықтан безу сезімдерін тудыру мақсатында, қолданылып жүрген жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру
мақалалар, әңгімелесулер баяндамалар жариялау
«Маяк» газетінің редакторы (келісім бойынша), аудан прокуратурасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), аудан әкімдігі жанындағы құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі, ҚПАБ (келісім бойынша)
тұрақты
7
Қолданыстағы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қайшы келетін, мемлекеттік тіркеуге алудан бас тартылған нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау
талдау, анықтама
ауданның әділет басқармасы (келісім бойынша)
Анықталу дәрежесі бойынша
8
Құқық қорғау органдарының беделі мен рөлін, азаматтарда заң сыйлау сезімін тәрбиелеуге заң бұзушылардан, сонымен бірге жемқорлардан безуге үйретуге бағытталған материалдарды «Маяк» газетінде кеңінен жариялауды ұйымдастыру
мақалалар, әңгімелер жариялау
аудан әкімі аппараты, аудан прокуратурасымен бірлесіп (келісім бойынша), ҰҚКДАБ (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша)
тұрақты
9
Халықты «Маяк» газеті арқылы хабарландырып «сенім телефондарын» орнату.
аудан әкімінің аппаратына ақпарат
аудан әкімінің аппараты, аудан прокуратурасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), ҚПАБ (келісім бойынша),ҮҚКДАБ (келісім бойынша), СК (келісім бойынша), МСЭББД (келісім бойынша), ҚІББ (келісім бойынша), ҚР АШМ ААБ (келісім бойынша), АҚБ (келісім бойынша), кәсіпкерлік бөлімі
тұрақты
10
Жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әкеліп соғатын себептер мен жағдайларды жою бойынша құқықтық органдар мен басқа мемлекеттік органдардың ұсынымдарын уақытымен қарау
аудан әкімінің аппаратына ақпарат
ауданның атқару органдары, АҚБ (келісім бойынша), СБ (келісім бойынша), СК (келісім бойынша), ҚР АШМ ААБ (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), МСЭББД (келісім бойынша), ҚІББ (келісім бойынша), ауылдық округ әкімдері
тұрақты
11
Жасырын кірістерді анықтау және оларға салық салу жөнінде шаралар қабылдау
аудан әкімінің аппаратына ақпарат
ҚПАБ (келісім бойынша), СК (келісім бойынша)
тұрақты
12
Жер учаскелерін бөлу кезінде Жер кодексі нормаларын бұзу фактілерін болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдау
аудан әкімінің аппаратына ақпарат
Жер қатынастары бөлімі, ауылдық округ әкімдері
тұрақты
Пайдаланылған аббревиатуралардың тізімі:
ҮҚКДАБ - Ақмола облысы бойынша ұлттық кауіпсіздік комитеті Департаментінің Атбасар аудандық бөлімі
ҚПАБ - Атбасар аймағы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлім (Қаржы бөлімі)
АІІБ - Астрахан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
СБ - Ақмола облыстық статистика басқармасының Астрахан аудандық статистика бөлімі
АҚБ - Ақмола облысы бойынша қазына Департаментінің Астрахан аудандық қазына бөлімі
СК - Ақмола облысы Астрахан ауданының салық комитеті
ҚІББ - Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі
ҚР АШМ ААБ – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің Астрахан аудандық аумақтық басқармасы
МСЭББД - Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің Астрахан ауданы бойынша бөлімі