О мероприятиях по борьбе с наркоманией в Астраханском районе на 2006-2010 годы Қолданыста
Басқа 0
Астрахан ауданында жүргізілетін нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясына, Ақмола облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда 3166 нөмірмен тіркелген, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № а-11/345 «Есірткісіз (квартал, шағын аудан, ауыл, село, қала, облыс) көше қозғалысын құру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған, Астрахан ауданындағы нашақорлыққа қарсы күрес жөнінде 2006-2010 жылдарға арналған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ш.Әбілдинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жариялануға жатады.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 27.02 №118
қаулысымен бекітілді
Астрахан ауданындағы нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған Іс-шаралар
№
Іс-шаралардың атауы
Іске асыру нысаны
Орындауға жауапты
Іске асыру мерзімі
1
Қоғамдық нашақорлық иммунитетін калыптастыру мақсатында ақпараттық, насихат және кеңестік жұмыстар жүргізу
Газетке және басқа бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру, аудан әкімінің аппаратына ақпараттар
Ауданның атқару органдары, АІІБ (келісім бойынша), АҚПБ (келісім бойынша), ББ, ОАА (келісім бойынша), № 16 КЛ (келісім бойынша), «Маяк» газетінің редакторы (келісім бойынша)
тұрақты
2
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған, «Нашақорлық жойылсын!» акциясы ұйымдастырылсын және шеру өткізілсін
Бұйрықтар, БАҚ ақпараттар, көрнекі құралдар, дөңгелек үстелдер, дәрістер
АІІБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша), ББ, ІСБ, №16 КЛ (келісім бойынша),
жыл сайын 26 маусымда
3
«Мак», «Допинг», «Подросток» және басқа оперативтік-профилактикалық операциялар өткізу тәжірибесін жалғастыру
ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), АҚПБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша)
жыл сайын
4
Ауданның мектеп, № 16 кәсіби лицей мұғалімдері үшін оқушылардың есірткі немесе психотроптық заттарды қолданып жүгендіктерін көрсететін белгілерді табу және анықтау бойынша нұсқаулық-әдістемелік басшылықтар әзірленсін
нұсқаулық
ОАА (келісім бойынша)
2006 жылдың 2 тоқсаны
5
Мектептер мен № 16 кәсіби лицейдің білім бер бағдарламаларына нашақорлық мәселелері бойынша қосымша тақырыптар енгізілсін
Бұйрық
ББ, № 16 КЛ (келісім бойынша
тұрақты
6
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру
Бұйрық, ақпарат
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі, ОАА (келісім бойынша)
тұрақты
7
Есірткіге тәуелділік білінісімен жасалатын алғашқы медико-санитарлық көмектің рөлін күшейту
Бұйрық
ОАА (келісім бойынша)
тұрақты
8
Құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрі-дәрмектер сақтайтын және тарататын қоймаларда, дәріханаларда кешенді тексеріс жүргізу
Тексеріс актісі
АІІБ (келісім бойынша), АҚПБ (келісім бойынша)
жылына 1 рет
9
Қызметтік дайындау жүйесінде АІІБ жеке құрамын есірткі заттарын табу, сондай-ақ есіртке мастығы жағдайында тұрған тұлғаларды анықтау әдістері мен тәсілдерін үйрету қамтамасыз етілсін
Бұйрық
АІІБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша)
тұрақты
10
Заңсыз егілген және далада өскен сораны анықтау және жою жөнінде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету
ақпарат
Ауылдық округ әкімдері, АІІБ (келісім бойынша)
жыл сайын маусым-қазан айларында
11
Есірткі және психотроптық заттарды дәрігерлік тағайындаудың дұрыстығына талдау жасау
ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша)
жыл сайын желтоқсан айында
12
Ауданның барлық денсаулық сақтау құрылымдары, медициналық мекеменің меншік нысанына қарамастан, полицияны есірткі, улы және психотроптық заттардың ұрланғаны туралы жылдам хабарландырсын
Бұйрық, ақпарат
ОАА (келісім бойынша)
тұрақты
13
Аудандық ауруханада сенім телефонының жұмысын қамтамасыз ету
ақпарат
ОАА (келісім бойынша)
тұрақты
14
Дәрігер-наркологтармен болатын дәрігерлік конференцияларға катысу
ақпарат
ОАА (келісім бойынша)
облыстық денсаулық сақтау бөлімінің ұйымдастыруына қарай
15
Есірткі және психотроптық заттарды қолдануға ыңғайлы кісі тұрмайтын үйлерді, шатырларды анықтау бойынша іздестіру жұмыстарының алдын алуа жүргізу
ақпарат
Ауылдық округ әкімдері, АІІБ (келісім бойынша)
тұрақты
16
«Есірткісіз (квартал, шағын аудан, ауыл, село, қала, облыс) көше» қозғалысын ұйымдастыру бойынша ұстаздар, оқушылар, оқудағы жастар, құқық қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері қатарынан ұйымдастыру комитеттерін құру
ақпарат
ББ, №16 КЛ (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), ІСБ
2006 жылдың наурыз айында
17
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тақытыптық іс-шаралар әзірлеу
ақпарат
АІІБ (келісім бойынша), ОАА (келісім бойынша)
2006 жылдың 1 тоқсаны
18
Ата-аналармен есірткі қолданудың алғашқа белгілерін анықтау жөнінде семинарлар, дәрістер және әңгімелер ұйымдастыру
ақпарат
ББ, ОАА (келісім бойынша), ІСБ, №16 КЛ (келісім бойынша)
тоқсан сайын
19
Оқушылар мен оқитын жастар арасында есірткі заттарын қолданудың салдарын білулері жөнінде сауал-сұрақ ұйымдастыру
ақпарат
ББ, ІСБ, АІІБ (келісім бойынша)
жылына 2 рет
20
Дем алу мекемелерінде, сондай-ақ қалааралық, халықаралық көлік жүйелерінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында есірткі қолдану және тарату фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізу
ақпарат
ББ, АІІБ (келісім бойынша), ІСБ, ОАА (келісім бойынша)
жыл бойы
21
Ойын-сауық мекемелері басшыларымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арақ және есірткі заттарын пайдалануларына жол бермеуге мүдделі тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру
ақпарат
ББ, ІСБ, АІІБ (келісім бойынша), №16 КЛ (келісім бойынша), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ауылдық округ әкімдері
Жарты жылда бір рет
Ескерту: аббревиатуралардың мағынасын ашу
ББ - ауданның білім бөлімі
ІСБ - ауданның ішкі саясат бөлімі
АІІБ - аудандық ішкі істер бөлімі
ПЛ - кәсіби лицей
АҚПБ - ауданаралық қаржы полициясы бөлімі
ОАА - орталық аудандық аурухана