2006-2010 жылдардағы жазғы қаникул кезеңдерінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2006 - 2010 жылдардағы жазғы қаникул кезеңдерінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы, 2 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы 7 бабы, 3 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес, 2006-2010 жылдардағы жазғы кезеңдерінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың шығармашылық дамуын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қадағалаудан тыс қалуының алдын алу мақсаттарында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша жыл сайын балалар мен жасөспірімдердің жазғы дем алуын және сауықтырылуын ұйымдастыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім бөлімі жыл сайын:
сауықтыру лагері мен алаңдарында мектеп оқушыларын дене және рухани адамгершілік жағынан тәрбиелеу, жан-жақты мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде шаралар қабылдасын;
сауықтыру лагерін, мектеп жанындағы алаңның жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен қаржыландыру жүргізілсін;
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының табысты іске асырылу мақсаттарында сауықтыру лагерінде облыс әкімі грантының иегер мұғалімдерін тарта отырып, қазақ тілін үйрету бойынша жазғы мектептердің жұмысы ұйымдастырылсын;
бірінші кезекті тәртіпте жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, көпбалалы, толық емес отбасылар балаларының, мүгедек балалардың демалысын, сауығуын бірінші кезекте қамтамасыз етсін;
сауықтыру лагерлері жүйесін дамытуға жәрдемдессін;
балалар мен жасөспірімдердің еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, олар үшін демалыс кезінде еңбек заңнамаларына сәйкес уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
балалардың өмірі мен денсаулығы сақтығын, олардың су айдынындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ балалардың сауықтыру ұйымдарындағы өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Мыналар бекітілсін:
1 қосымшаға сәйкес балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы,
2 қосымшаға сәйкес лагерлерде, мектеп жанындағы алаңдарда балаларды сауықтырумен қамту жоспары.
Тармақ 4
4. 5 маусымға дейін білім бөлімі және аудандық орталық аурухана лагерді педагогикалық, медициналық және музыкалық қызметкерлермен толықтырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық ауруханасы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі:
балаларды сауықтыру алаңдарындағы, лагердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, олар орналасқан жерлерде ұдайы бақылауды жүзеге асырсын,
оларды дәрілік препараттармен, дезинфекциялық құралдармен және қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмек көрсетсін,
балалар демалысының қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылуына және денсаулығының қорғалуына барлық орындардың дайын болуына бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Ішкі саясат бөлімі аудандық газетттерде балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға дайындық барысы туралы хабарлар беріп тұрсын.
Тармақ 7
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдениет мекемелерінің жазғы демалысты өткізуге қатысуларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Дене тәрбиесі және спорт бөлімі спорттық алаң, стадион, жасөсірімдер спорт мектебінің жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімі (келісім бойынша), ішкі істер бөліміне мыналар ұсынылсын:
демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіптің сақталуын, балаларды тасымалдау қауіпсіздігін, балалардың су айдындарында өмір қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауларын қамтамасыз етсін,
балалардың сауықтыру лагерлеріне келуін және кейін қайтуын жол полициясының ілесуімен жүзеге асырсын,
жазғы каникул кезеңдерінде жолдарда және көшелерде балалардың зақымдануын азайтатын алдын-алу шаралары қабылдансын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р.Жүсіпбековке жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық орталық ауруханасының
бас дәрігері
Т.Иманов
Мемлекеттік-санитарлық
эпидемиологиялық басқармасының
бастығы
Г.Исмағұлова
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Е.Махатов
Төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы
Қ.Сатыбалдин
Аудан әкімінің құқықты сұрақтары
жөніндегі кеңесшісі
Л.Әутәліпова
Басқа 11. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«02» маусым № 97
қаулысымен бекітілген
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Бейсекин Олжабай Бейсекеұлы - білім бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Айтмағамбетов Сағындық Әйіпұлы - аудан әкімі орынбасарының көмекшісі
Ахметова Бағдагүл Рамазанқызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Валеева Күлбаян Әутәліпқызы - аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарының көмекшісі
Ворона Михаил Александрович - құрылыс бөлімінің бастығы
Иманов Төлеген Талғатұлы - орталық аурухананың бас дәрігері
Исмағұлова Гүлайым Жолдыбайқызы - санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Қойбағарова Гүлмира Жәкенқызы - мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Қорқытов Болат Қорқытұлы - Кішкенекөл селосының әкімі
Көрпибаева Күляш Бәйсейітқызы - аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Сатыбалдин Қанат Өсербайұлы - төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 12. Лагерлерде, мектеп жанындағы алаңдарда балаларда сауықтырумен қамту жоспары
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«02» маусым № 97
қаулысымен бекітілген
Лагерлерде, мектеп жанындағы алаңдарда балаларда сауықтырумен қамту жоспары
№
Мектеп атауы
Қамтуы
1
№ 1 мектеп
100
2
№ 2 мектеп
100
3
Мектеп-гимназия
70
4
Чернигов орта мектебі
45
5
Ақтүйесай орта мектебі
60
6
Бидайық орта мектебі
100
7
Өндіріс орта мектебі
50
8
Көбенсай орта мектебі
50
9
Телжан орта мектебі
50
10
Мортық орта мектебі
40
11
Елтай орта мектебі
40
12
Озерный орта мектебі
50
13
Амангелді орта мектебі
50
14
Қаратерек орта мектебі
50
15
Чехов орта мектебі
60
16
Қарашілік орта мектебі
40
17
М.Жұмабаев атындағы орта мектебі
50
18
Аққұдық орта мектебі
48
19
Жамбыл орта мектебі
30
20
Золотая Нива орта мектебі
26
21
Қайрат орта мектебі
50
22
Әуезов орта мектебі
60
23
Шағырсай орта мектебі
20
24
Жұмысшы бастауыш мектебі
18
25
Қаратал бастауыш мектебі
20
26
Жасқайрат бастауыш мектебі
20
27
Береке бастауыш мектебі
30
28
Қарамырза бастауыш мектебі
10
29
Малқара бастауыш мектебі
20
30
Көбенсай сауықтыру лагері
200
31
«Арман»
80
32
«Балдаурен»
3
Барлығы
1740