Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в период летних каникул на 2006-2010 годы Қолданыста
Басқа 0
2006-2010 жылдары жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы 389 - 1 «Білім туралы» Заңының 19 - бабы 3 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы 148-11 «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1- тармағының 14, 17- тармақшаларының негізінде және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 132 - р «2006 - 2010 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» өкімін орындау үшін, балалардың жазғы демалысы кезеңінде демалуына, сауыктығуына және жұмыспен қамтылуына қажетті жағдайлар туғызу, олардың бақылаусыз қалуларын, құқық бұзуларының және қылмыс жасауларынын алдын алу, олардың 2006 - 2010 жылдары жазғы каникул кезеңінде шығармашылык дамулары, жетім және табысы аз отбасыларының балаларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Ұлан аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006- 2010 жылдары жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандык комиссияның құрамы және іс-шаралар бекітілсін (№ 1, 2 қосымшалар)
Тармақ 2
2. Аудандық бөлім басшылары: білім беру (Н.А. Абдуллина ), спорт және : дене шынықтыру (С.К.Амренов ), ішкі істер (Д.А.Калетаев келісім бойынша), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (А.Д. Ибраимова ), мәдениет және тілдерді дамыту (А.С.Аканов), ішкі саясат ( Г.Б.Кусанова), Шығыс Қазақстан облыстық Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ( Х.Ж. Илюбаев), қаржы ( Н.Б.Тусубжанова), аудандық аурухананың бас дәрігері ( Т.С.Сагатов), Шығыс Қазақстан облыстық суда құтқару кызметі орталығының Ұлан ауданы бойынша маманы ( М.Е. Калиев) 2006-2010 жылдары жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалуын, жұмыспен қамтылуын және сауықтырылуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.У. Сейсембинаға жүктелсін.
Басқа 4. 2006 - 2010 жылдары жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысының сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру аудандық комиссияның құрамы
Ұлан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы « 5» шілде № 126
қаулысына № 1 қосымша
2006 - 2010 жылдары жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысының сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру аудандық комиссияның құрамы
Назигуль Усеровна Сейсембина
-
аудан әкімінің орынбасары, комиссияның бастығы;
Нуршат Алтайхановна Абдуллина
-
білім беру бөлімінің бастыгы, комиссия бастығының орынбасары;
Назгуль Базарбаевна Касенова
-
білім беру бөлімінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы (келісім бойынша);
Галия Бейсембаевна Кусанова
-
аудандық ішкі саясат бөлімінің бастыгьі;
Самат Курмантаевич Амренов
-
аудандық дене - шынықтыру жэне спорт бөлімінің бастығы;
Хамит Жамалиевич Илюбаев
-
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасынын бастығы; (келісім бойынша)
Сагынбек Аканович Аканов
-
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастыгы;
Алгиза Дусембиновна Ибраимова
-
аудандық жұмыспен қамту жэне әлеуметтік багдарламалар бөлімінің бастығы;
Джамболат Аманович Калетаев
-
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Токтасын Сагатович Сагатов
-
орталық аудандық аурухананың бас дәрігері;
(келісім бойынша)
Нурзани Баяхметовна Тусубжанова
-
аудандық қаржы бөлімінің бастығы;
Манарбек Естемесович Калиев
-
Шығыс Қазақстан облыстык суда құтқару қызметі орталығының Ұлан ауданы бойынша маманы (келісім бойынша)
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Ш. Оксумбаева
Басқа 5. 2006 - 2010 жылдары
жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауыктырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар
Ұлан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы « 5» шілде № 126
қаулысына № 2 қосымша
2006 - 2010 жылдары
жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауыктырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар
№
Іс-шаралар атауы
Жауаптылар
Орындалу
мерзімі
1
2006-2010 жылдардың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру, жұмыспен қамтуын жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени іс-шаралар өткізуге көзделген қаржылар, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарту есебінен ұйымдастыру және өткізу
Білім бөлімі, ауылдық әкімдері
Маусым
тамыз
2
Мектеп ерекшеліктерін, ата-аналар мен балалардың ұйымдаскан демалысқа мұктаждарын ескере отырып 2006 жылға арналған балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауыктырылуы және және жұмыспен қамтылу бағдарламасын әзірлеп бекіту
Білім бөлімі, кенттік, және ауылдық округтардың әкімдері
Маусым, тамыз
3
Жергілікті жерде жағдайды талдап балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылу мәселелерін білім бөлімінің кеңесінде карау
Білім бөлімі
мамыр
4
Балалар мен мен жасөспірімдердің жазғы кезінде демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссиялар құру
Білім бөлімі
Маусым, тамыз
5
Жалпы білім беретін мектептердің жанынан тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндізгі лагерлер ұйымдастыру
Білім бөлімі, кенттік және ауылдық әкімдері
Мамыр,
тамыз
6
Лагерлерге балаларды қабылдауға дайындау жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу, ойын аландарын, көрнекі угіт құралдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен стендтер жабдықтауға ерекше көңіл бөлу
Кенттік және ауылдық округтардың әкімдері
Мамыр
7
Балаларды сауықтыру лагерлерін медициналық персоналмен жиынтықтау, іргелес аумақтарды санитарлық-эпидемиялық қадағалау және өндеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Балаларды сауықтыру лагерьлері орналасқан жерлерде санитарлық-эпидемиялық жағдайдың тиісті деңгейін қамтамасыз ету
Мемлекеттік-санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы, білім бөлімі
Мамыр,
тамыз
8
Суда қайғылы жағдайға ұшыраудың алдын алу, балаларды малтауға үйрету, сауықтыру мекемелері орналасқан аймақта балаларды суға түсетін орындарын жабдықтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру
Білім бөлімі, апаттық және суда құтқару жұмысы басқармасы
Маусым, тамыз
9
Қажетті мамандарды жанындағы лагердің директорларының еңбекті қорғау, жорықтарда және суда балалардың еңбекпен қамтуларын ерекше бақылауға алу
ІІБ, білім бөлімі
Мамыр,
тамыз
10
Жаз кезінде КТІБ есепте тұратын кәмелетке толмағандардың құқык бұзушылық топтарын балаларды еңбекпен қамтуларын ерекше бақылауға алу
ІІБ, білім бөлімі
Мамыр,
тамыз
11
Күзгі қысқы кезеңде оқушылардың тамақтануларын жақсарту үшін көкеніс және жемістер дайындауды қамтамасыз ету
Білім бөлімі
Мамыр
тамыз
12
Балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін, сондай-ақ, балаларды сауықтыру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Каникул кезінде жолдарда және көшелерде балалардың жарақат алуларын азайту жөнінде алдын алу шараларын ескеру.
ІІБ
Мамыр
тамыз
13
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыстары, сауықтыру және еңбекпен қамту мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз ету
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Ш.Оксумбаева