Қызылорда облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған «Қызылорда облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» бекітілсін.
Басқа 1. Мазмұны
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№241 шешіммен
БЕКІТІЛГЕН
Қызылорда облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2006 - 2014 жылдарға арналған ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
1.Бағдарламаның паспорты 3
2.Кіріспе 5
3.Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары 6
өнеркәсібінін қазіргі жай-күйін талдау
1.Жалпы деректер 6
2.Құрылыс материалдарының ішкі рыногын талдау 8
3.Жанама салаларды дамытудың әлеуеті 10
4.Саланың дамуын тежейтін негізгі факторлар 11
5.Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен 12 құрастырмаларының өндірісіне арналған Қазақстанның минералдық-шикізат базасы
4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 15
5.Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен 15
тетіктері
1.Саланың дамуын ынталандыратын негізгі шараларды 15
айқындау
2.Саланың дамуын мемлекеттік қолдаудың нысандары мен 16
әдістерін айқындау
3.Қазіргі жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған құрылыс материалдарын, бұйымдары
мен құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндірістерді құру
6.Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері 17
7.Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 18
8. Қызылорда облысында құрылыс материалдары, 20
бұйымдары және құрастырмалар өнеркәсібін дамытудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қызылорда облысында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13
әзірлеу үшін желтоқсандағы №1305 «Қазақстан Республикасында
негіздеме құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары
өнеркәсібін дамытудың 2005- 2014 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 12 тармағы
Жауапты Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
орындаушы департаменті
Мақсаты Қызылорда облысында құрылыс материалдары,
бұйымдар мен құрастырмалар өнеркәсібін инновациялық
дамытуды қамтамасыз ету
Міндеттері Саланы дамытуды ынталандыратын негізгі
шараларды айқындау;
саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың әдістері
мен түрлерін айқындау;
бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған
құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмалар
жасайтын қазіргі заманғы жоғары технологиялық жаңа
өндірістерді құру.
Қажетті Инвестициялық жобаларды іске асыруды қаржылық
ресурстар мен қамтамасыз ету кәсіпорындардың өзіндік, шетелдік және
оларды отандық инвесторлардың, мемлекеттік даму
қаржыландыру институттарының қаражаттары есебінен жүзеге көздері асырылады.
Күтілетін нәтиже Бағдарламаны іске асыру бірінші кезеңде (2006-
2007 жылдар) мыналарға:
1)озық технологияларды енгізу есебінен материалдарды, энергияны және қол еңбегін қажетсінетін өндірістерді азайтуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге;
2)өңірлік салалардың өңдірістік әлеуетін одан әрі өсіру үшін база жасақтауға;
Екінші кезенде (2008-2010 жылдар):
1) құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібі өнімінің негізгі түрлерімен, құрылыстың тұтыну көлемінен 70-80 %-ға дейін қамтамасыз етуге қол жеткізуге;
2) тиімді және экологиялық таза құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының сұраптамасын ұлғайтуға;
Үшінші кезеңде (2011-2014 жылдар):
1)сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын шығаруды ұлғайту және экспортқа бағытталған өндірісті ендіру;
2)жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістерді пайдалануға беруді жүзеге асыру;
3)қосымша жұмыс орнын ашуға және халықтың жұмыспен қамтылуын өсіруге;
4)салықтардың нақты түсімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Іске асыру 2006-2014 жылдар, оның ішінде:
мерзімі І-кезең - 2006-2007 жылдар,
II-кезең - 2008-2010 жылдар,
III-кезең - 2011-2014 жылдар.
2. Кіріспе
Қызылорда облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2006-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (әрі қарай -Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 12 тармағына, облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 14 желтоқсандағы №123 шешімімен бекітілген Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының аймақтық бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 11 тармағына сәйкес эзірленді.
Азаматтық, өнеркэсіптік және арнайы құрылыстың дамуымен қатар, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпы ұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы №89 шешімімен бекітілген «Қызылорда облысында 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламасының» негізгі мақсаты -халыктың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады.
Сондай-ақ тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі дамытуға және жаңа технологиялар енгізуге, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға және жеке инвестицияларды тарту есебінен тұрғын үй салуға бағытталған шаралар қабылдау көзделіп отыр.
Жаңа тұрғын үй құрылысы өз кезегінде жергілікті құрылыс компаниялары мен құрылыс индустриясындағы компанияларды жұмыс көлемімен қамтамасыз етеді және жергілікті құрылыс материалдарын шығаруды оңтайландырып, жаңа жұмыс орындарының құрылуымен қатар құрылыс саласының дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Қызылорда облысында 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асырудың қорытындысы бойынша үш жылда 340 мың шаршы метрден астам оның ішінде 2005 жылы 80 мың шаршы метрден, 2006 жылы 110 мың шаршы метрден, ал 2007 жылы 150 мың шаршы метрден астам құрылыс алаңы салынатын болады.
Қызылорда облысында 2005-2007 жылдарда тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 4727,0 млн. теңге, оның ішінде 2004 жылы 734,75 млн. теңге, 2005 жылы 1330,75 млн. теңге, 2006 жылы 1330,75 млн. теңге және 2007 жылы 1330,75 млн. теңге бөлінетін болады.
Өнеркәсіптік және азаматтық үйлер мен ғимараттар құрылысының сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала айқындайды.
Дегенмен, облыстағы отандық құрылыс материалдарының өндірісі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық көлемде қанағаттандырмай отыр.
Құрылыстың материалдық-техникалық базасының деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Көптеген кәсіпорындардың негізгі қорының тозуы 60-70 % құрайды. Өндіріс энергияны жоғары деңгейде тұтына отырып, экологиялық талаптарды сақтамастан, ескірген технологиялар бойынша жүргізілуде. Өнімдердің жекелеген түрлері бәсекеге қабілетсіз болып отыр.
Облыстың ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсу және өңірлік жалпы өнімге кезең-кезеңмен алмастыру облыстың және жалпы Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатыны Бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігіне себепші болды.
Осы факторлардың барлығы облыстағы құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту, ішкі және сыртқы рыноктарда да олардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған ұзақ мерзімді Бағдарламаны әзірлеуді қажет етті.
Облыста тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын саз, құм, қиыршық тас, эк, т.б. кұрылыс материалдар қоры жеткілікті дәрежеде бар.
Қазіргі заманғы құрылыс материалдарының өндірісін қатарға қосу өндірілетін өнімнің жоғары тұтыну стандарттарына сай болуы, экологиялық таза, дүниежүзілік техникалық стандарттармен жарақтанған және технологияның сәйкесті деңгейімен қамтамасыз етілген, қосымша жұмыс орнын ашатын импорталмастырушы өнім өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
З.Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібінің қазіргі жай-күйін талдау
Соңғы жылдары сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласы құрылыс материалдарының жаңа технологиясын пайдалану, анықтамалық-ақпараттық және нормативтік құжаттарды енгізу арқылы жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Қызылорда облысындағы құрылыс материалдарының өнеркәсібі кұрамына 59-ға тарта кәсіпорын кіреді, бұл ретте олардың 13-і орта, ал қалғаны майда кәсіпорындар болып табылады.
Кұрылыс материалдарының өнеркәсібі дегеніміз - ол 20-ға жуық дербес салалар, өз құрамында бірнеше өндірісі бар, оның ішінде әрбір саланың дербес жұмыс істейтін өз рыногы бар, сондай-ақ еркін қозғала алатын, жиынтығында құрылыс материалдарының жалпы рыногын құратын кешенді сала.
Құрылыстың жоғары қарқыны мен құрылыс материалдарының өндірісі
үшін ресурстардың болуы құрылыс материалдарының рыногын
қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады. Сондай-ақ саланың
дамуына тұрғын үй құрылысы үшін және басқа да оларды кезеңдік қалпына
келтіру, қайта жаңғырту үшін тұрмыста үй шаруашылығы құрылыстарына
қажетті құрылыс материалдарына тұрғындардың қажеттілігі, сондай-ақ
халық шаруашылығы кешенінің кәсіпорындар, офистер, өндірістік кешендер
салу әрі мемлекеттік және қоғамдық қордың тұрғын ғимараттарын,
әкімшілік, мәдени-тұрмыстық ғимараттарды, өнеркәсіптік,
гидротехникалық құрылыстарды жөндеу үшін құрылыс материалдарына қажеттілігі саланың дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Статистика мәліметтері бойынша соңғы жылдары өңірдегі және жалпы Қазақстан бойынша құрылыс көлемінің ұлғаюына байланысты, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі өткір білініп отыр. Бүгінде құрылыс материалдарының облыстағы отандық өнеркәсібі құрылыс кешендерінің бір бөлігін ғана қанағаттандыруға қабілетті, соның әсерінен облыс рыногының басым бөлігін іс жүзінде құрылыс материалдарының барлық түріне зәрулікті болдырмайтын импорттық өнім иеленіп отыр.
2-кесте. Негізгі құрылыс материалдары өндірісінің және импортының көлемі (млн. теңге)
Атауы
2000 жыл
2001 жыл
2002 жыл
2003 жыл
2004 жыл
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырма лары өнеркәсібінің негізгі түрлерін шығару
375,8
725,2
859,8
1186,6
1695,2
Құрылыс материалдарының импорты, мың АҚШ дол.
323,2
263,0
329,3
1051,9
746,2
Саланың көптеген кәсіпорындарының техникалық деңгейі озық шетелдік технологиялар талаптарынан біршама артта қалып қойған. Мұның негізгі себебі - инвестициялардың жеткіліксіздігі, тозудың жоғарылығы (55% дейін), негізгі қорларды жаңғыртудың баяулығы мен білікті мамандардың жетіспеушілігі.
2. Кұрылыс материалдарының ішкі рыногын талдау
Облыстың құрылыс индустриясы силикат және күйдірілген қыш, кең ассортиментті темірбетондық бұйымдар, әр түрлі фракциялық қиыршақ тастар, асфальттық бетон және басқа да құрылыс заттарын шығаратын кәсіпорындармен белгілі.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы рынокта қажеттілігін тапқан құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығаратын өндірісті игеру және оны жасауға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру үшін түрткі болды.
Арал кен орнындағы кварц құмының барланған қоры 98,5 пайыздан жоғары кремний оксидінен тұратын 50,0 млн. тоннаны құрайды.
Эолдық құмдардың анықталған қоры өнеркәсіптік санат бойынша 11,5 млн. текше метрді құрайды. Олар аязға төзімді силикат кірпішін өндіруге жарамды. Күйдірілген кірпіш өндіру үшін облыста саз қабаттары жиындыларының 30 кен орны есепке алынған, олардың жалпы қоры 30 млн. текше метрді құрайды.
Одан басқа Сырдария ауданының Арысқұм алаңында кафель, фаянс бұйымдарын, түрлі-түсті қыштар, жабынқыш өндірісі орындарын ұйымдастыру үшін балшық қорларына барлау жұмыстары басталды.
Облыста лицензиясы бар кірпіш шығару қажеттілігі жылына 50,0 млн. дананы және жыл сайынғы өсімі 15-20 % құрайды.
Құрылыс материалдары халық шаруашылығының мынадай: денсаулық сақтау және білім, ауыл шаруашылығы, өндіріс және электр қуатын тарату, газ және су, көлік және байланыс салаларының қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Үй шаруашылығының жеке тұрғын үй құрылысы да құрылыс материалдарының маңызды тұтынүшыларының бірі болып табылады.
Құрылыс материалдары саласы өнеркәсібіндегі үрдіс ең алдымен облыс экономикасындағы инвестициялық белсенділікпен, саланы реформалаудың қарқынымен және капитал салымдары құрылымындағы өзгерістермен айқындалады. Ипотекалық кредит берудің дамуы, сондай-ақ Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы да кұрылыс материалдары саласындағы капитал ағынына ықпал ететін болады.
Атап өтетін жайт - құрылыс материалдарының өнеркәсібі мейлінше көп энергияны, материалдарды, сондай-ақ жүк тасымалдауды қажетсінетін сала болып табылады: сала құрылымындағы шығын отын-энергетикалық қорлардың 20 % аса; көліктің әртүрлі түрлерімен шикізат және өнім тасымалдау көлемі жалпыұлттық жүк тасымалының 30 %; саладағы тау кен жұмыстарының көлемі қара және түсті металлургиядағы ұқсас жұмыс көлемінен артық. Өнім өндіруде шикізат шығыны өнім бірлігінің 1-2 салмақ бірлігін құрайды. Мысалы, 1 тонна цемент өндірісі үшін 1,2-2,2 тоннаға дейін әктас және 0,3-0,8 тоннаға дейін қоспалар, 1 тонна әк өндіру үшін - 2 тонна әктас, 1 тонна құрылыс гипс өндіру үшін - 1,25 тонна гипстік тас және т.б. қажет. Құрылыс материалдарының негізгі массасы айтарлықтай көлік-тасымалын қажетсінуімен ерекшеленеді, ал оларды алысқа тасымалдау пайдалы емес.
Осы рынокты қарастыруда құрылыс материалдарына деген маусымдық сұраныс та маңызды. Мәселен, құрылыс атмосфералық және ауа райы жағдайларына байланысты болады және бұл факторлардың әрекеті объектілерді (нысандарды) жыл бойы салуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, құрылыс салу кезеңі жаз, көктемнің бір бөлігі мен күз болып табылады. Облыс жағдайында бұл кезең 8-9 айды құрайды. Осыған орай, құрылыс материалдарына деген сұраныс маусымдық түрмен сипатталады. Алайда, құрылыстағы жаңа технологиялардың пайда болуы құрылыс мерзіміне талаптардың өсуі құрылыс материалдарына сұраныстың маусымдылығын біршама жеңілдетеді.
Тұтастай алғанда, құрылыс кешенінің қуаты толығымен пайдаланылмайды, оның мүмкіндіктері негізінен өндірісті жаңғыртуға арналған кәсіпорындардың айналым каражатының шектелуінен әрі құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өндірісінде жоғарғы сапалы технологияларды игеру үшін жеңілдікті ұзақ мерзімді кредиттердің болмауынан шектеліп отыр (3-кестеге қараңыз).
3-кесте. 2004 жылы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмалардың негізгі түрлерін өндіру
Өнімнің атауы
Өлшем бірлігі
2004 жылғы өндіріс
2003 жылғы ондіріс
Қиыршақ немесе малта тас
мың текше метр
46,8
102,7
Табиғи құм
мың текше метр
40,9
-
Терезелер, есіктер және басқа да ағаш бұйымдар
мың шаршы метр
11,9
14,8
Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер және шлангтер
тонна
1143,9
1069,8
Керамикадан жасалган кірпіш
мың текше метр
1/7
2,4
Жиналмалы металл құрастырмалар
тонна
53027
25537
Тауарлық бетон
тонна
967
7594
Жиналмалы темір құрастырмалар
тонна
256
572
Негізгі құрылыс материалдары өнеркәсібінің өндірістік қуаттары облыстың Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Шиелі, Жаңақорган аудандарында орналасқан. Аумақтық орналасудағы сәйкессіздіктер жоғары тарифтік жағдайларда, өнімдер мен шикізаттарды жеткізуде көп қаржы шығынына алып келеді. (4-кестені қараңыз).
4-кесте. Құрылыс материалдарының жекелеген түрлеріне арналған 2004 жылғы орташа бағалар
Құрылыс матералдарының атауы
Баға
Цемент, теңге/тонна
12000-16000
Қыш кірпіш, теңге/дана
18-20
Силикат және қож кірпіш, теңге/дана
13
Тауарлық бетон, теңге/текше метр
6917-7000
Қиыршықтас, теңге/текше метр
2000-3000
Құрылыстық құм, теңге/текше метр
650
Қыш тақта, теңге/шаршы метр
750
Жертөле қабырғасының блоктары, теңге/текше метр
7519
Терезе шынысы, теңге/шаршы метр
800-900
3. Жанама салаларды дамытудың әлеуеті
Ұлттық экономикадағы осы саланың орнын анықтай отырып, оның өнеркәсіптің басқа салаларымен өзара байланысын анықтау қажет.
Іс жүзінде салалар арасындағы өзара байланыс анағұрлым ауқымды және күрделі, оларды оңайлатылған түрде ұсыну құрылыс материалдары өндірісінің салаларын, оның ұқсас және көмекші салаларын дамытуға әсер ететін негізгі процестерді қадағалауға мүмкіндік береді. Мәселен, қаралып отырған саланың шикізаттық базасы тау-кен өндіру өнеркәсібі болып табылады, бірақ қиыршықтас, құм, әктас және өзгелер сияқты рудалық емес құрылыс материалдары өңдеуге ұшырамайды және бірден тұтынылады. Құрылыс материалдарының бірқатар түрлерінің өндірісі үшін мұнай химиялық өнеркәсібі де шикізат жеткізушілер болып табылуы мүмкін. Одан әрі дайын өнім тұтынушы рынокқа (құрылыс ұйымдарына) тікелей түсуі мүмкін, бірақ көбінесе құрылыс материалдары сауда делдалдары арқылы сатылады.
Өндірушілер сатып алушылар ретінде де қатысуы мүмкін, яғни құрылыс заттарының көптеген түрлерін өндіру әртүрлі құрылыс материалдары үшін құраушы (компонент) ретінде қажет, мысалы темірбетон бұйымдары үшін цемент және т.б. қажет. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары саланың өзінен 20 %-дан астам өнімді тұтынады, оның 75 %-ы сала ішіндегі айналымды құрайды. Саладағы 35 %-ға жуық өндірілетін цемент және 30 %-ға жуық басқа да кіші салалардың өнімдеріне, негізінен асбест және рудалық емес құрылыс материалдары тұтынылады.
Көмекші салалармен өзара байланысты қалыптастырудың маңызы зор, оларсыз (технологиялар және жабдықтар, тасымалдау, электр энергиясы, жұмыс күші, капитал ) құрылыс материалдары өндірісінің саласы болуы мүмкін емес. Егер бұрын аудит, консалтинг және сақтандыру сияқты қызметтер көрсету сала үшін қажет емес болса, дәл қазір бәсекете қабілетті саланы қамтамасыз ету мұндай құрылымсыз мүмкін емес. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің жекелеген кіші салалары бойынша қосымша күн тізбектемесін, оның ықпалдастырылу деңгейін зерделеу сондай немесе өзге проблемалардың бар екендігін және олардың туындау себептерін көрсетуі мүмкін.
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібі құрылыс саласының тұтастай әлеуетін айқындайтын өндіріс саласы болып табылады.
Бұл орайда саланың қарқынды дамуы үшін қолда бар әлеуетін атап өткен жөн.
Сонымен, саланың дамуына кепілдік беретін күшті тараптарға:
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдауға байланысты өнімдерді тұтынатын сыйымды рыноктың болуы және оның артуы;
инвестициялық ресурстарға мүдделі кәсіпорындардың қол жеткізуіне мүмкіндік ашатын даму институттарының болуы;
саланың дамуын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жете түсінуі;
өңірлік құрылымдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеткілікті шикізат базасының және материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың көптеген номенклатурасын шығаруға арналған кіші салалардың болуы.
4. Саланың дамуын тежейтін негізгі факторлар
Саланың құрылымы айқын шикізаттық немесе шикізатқа жуық бағыттарға ие, облыста қайта өңдеудің жоғарғы дәрежесінде және құрылыс кешенінің казіргі заманғы талаптарына сәйкес өнімдер өндіретін кәсіпорындар жеткіліксіз. Экспорттың негізгі баптары рудалық емес құрылыс материалдары болып табылады, сонымен қатар табақты шынының, қабырғалық материалдардың, қазіргі шатырлық материалдардың, қыштан жасалған бұйымдардың және сантехникалық бұйымдардың елеулі бөлігінің импорты жүзеге асырылуда.
Көптеген құрылыс материалдарын өндіретін орта немесе шағын кәсіпорындарда жобаларды қаржыландыруға байланысты және осының салдарынан оларда өндірісті жаңғыртуда (немесе ұйымдастыруда) елеулі проблемалар бар. Проблемалар өзіндік айналымдық қаражатпен жеткілікті камтамасыз етілмеу бөлігінде де сондай-ақ лизингтік операцияларды қамтамасыз етуде де туындауда.
Менеджерлердің жеткіліксіз біліктілігі сала кәсіпорындарына өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Сала кәсіпорындарында да, соңғы өнімді негізгі тұтынушыларда да ақпараттың айтарлықтай жеткіліксіздігі сезіледі. Сала кәсіпорындары әлемдік, өңірлік және ұлттық деңгейде дамытудың қазіргі заманғы үрдістері туралы ақпаратқа мұқтаж, өнімнің түрлері бойынша (отандық және өңірлік рыноктар) маркетингтік зерттеулер қажеттілігі бар. Құрылыс ұйымдары, құрылыс белсенділігінің негізгі орталықтарына тасымалданатын бағалары мен тарифтері көрсетілген құрылыс материалдарының отандық өндірушілері туралы ақпаратқа мұқтаж.
Орташа жедел перспективадағы қалыптасқан жағдай ішкі рыноктағы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі.
Осылайша, салалық өзгеше ерешіліктері бар құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібінің әлсіз жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
өндірістерді жарақтандырудың техникалық деңгейінің төмендігі;
кәсіпорындардың айналым қаражатының және өндірістерді жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру үшін қор жинаудың жеткіліксіздігі;
өндірілген өнімнің жоғарғы құны;
нормативтік-ақпараттық қамтамасыз етудің нашар дамуы, әсіресе шикізаттық қор туралы ақпарат бөлігі мен жаңа сапа стандарттарын енгізу процедурасында;
импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіз болуы;
көліктік қызметтер көрсету құнына және оған қол жеткізудегі кәсіпорындардың жоғарғы тәуелділігі; ,
облыста мамандардың жетіспеушілігі және оларды дайындаудың сандық деңгейінің төмендігі жатады.
Бүның бәрі КӨПШ1ЛІК кәсіпорындарды техникалық және технологиялық жарақтандырудың қазіргі деңгейінде отандық құрылыс материалдарын әлемдік стандарттарға сәйкес шығару мүмкін болмай отырғандығын куәландырып отыр.
Көптеген дамыған елдердің (АҚШ, Жапония және басқалар) практикасы экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді шараларының бірі ретінде өнеркәсіптік өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді тарту және оларды дамыту екендігін көрсетіп отыр. Отандық құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық прогресс, негізінен шетелдік ғылыми-техникалық талдамалық әзірлемелерге және импорттық технологиялық жабдықтар сатып алуға негізделген. Бұл саланы дамытудың басым бағыттарындағы жаңа салалық ғылыми зерттеулер және шетелдік технологиялар, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың тәжірибелері базасында күш-жігерді шоғырландыруды талап етеді.
Сондықтан, құрылыс материалдары өнеркәсібін қарқынды дамытуға, өндірісті технологиялық жаңартуға, экспортқа бағдарланған құрылыс өнімдерінің сапасын дамытуға бағытталған шараларды әзірлеу барынша өзекті болып отыр.
5. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өндірісіне арналған Қызылорда облысының минералдық-шикізат базасы
Шикізаттың негізгі түрлерінің кен орындарын нақтылау және өңірлердегі кен орындары кадастрына түзету жасау құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Минералдық-шикізат базасына мониторинг жүргізу құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өндірісіне, оның ішінде құрылыс кешенінің қазіргі талаптарына сәйкес келетін жоғарғы дәрежеде қайта өңделетін өнімдерге арналған шикізаттың негізгі түрлерінің пайдаланылатын кен орындарының жеткілікті мөлшерде екендігін дәлелдейді. Бірақ, қазіргі уақытта пайдаланылатын кен орындарымен салыстырғанда резервтегі өңделмеген кен орындарының саны басым болып отыр, бұл шикізат базасын жеткіліксіз пайдаланып отырғанымызды дәлелдейді және аса қарқынды дамуға алғышарт жасайды.
Құрылыс индустриясының шикізат базасын кеңейтудің басым бағыттарының бірі өнеркәсіптің қалдықтарын өндіріске тарту болып табылады.
5-кесте. Қызылорда облысындағы минералдық шикізат базасының әлеуеті
№
Кен орнының атауы
Пайдалы қазбалар
Қоры
Пайдалану саласы
1
Баласауысқандық Шиелі ауд.
Ванадий
764,9 мың тонна
Шыны өндірісі
2
Кұрымсақ, Жаңа-қорган ауданы
1243,4 мың тонна
3
Шиелілік
Әк
215 мың тонна
Технологиялық құрал-жабдықтар және құрылыстық жылу айырғыш құрастырмалар, құрылыстық қоспалар, сылақтық, құрылыстық әк дайындау және алу
4
Жаңақорғандық
10764 мың тонна
5
Алтықұдықтық
Силикат-тық
өнімдер үшін кварцтық құмдар
4675 мың текше метр
Силикаттық бетон және силикат кірпіші өндірісі үшін
6
Тасбөгеттік-1
11466 мың текше метр
7
Тасбөгеттік-2
4256 мың текше метр
8
Жантілес
Шынылық құмдар
18061 мың
текше метр
Жылтыратылған,тақталық, терезелік және техникалық, зерлік, шыны блоктар өндірісі үшін
9
Сарышоқы Арал ауданы
31868 мың текше метр
10
Еңбекшілік
Құрылыс-
3082 мың текше метр
Құрылыс өнеркәсібі
11
Жосалылық-2
тық құм
37784 мың текше метр
12
Бесарықтық
Малта тас-
73226 мың текше метр
13
Талаптық
құмды қоспа
22889 мың текше метр
Құрылыс
14
Шалқиялық
11780мың текше метр
15
Аққұмдық
Керамзит-
4908 мың
Керамзиттік малта тас
тік шикізат
текше метр
өндірісі үшін балшықтар
16
Жаңақорғандық
Доломит-
108,7 мың
Жол және тұрғын үй
тер
текше метр
құрылысы
17
Құландылық
¥лутастар
Сәндік қаптау элементтері, әсемдік тақталар
Байхожалық
Ыстық
5371 мың
Күл қалдықтарынан
батпақтар
тонна
құрылыс материалдары
(мергель)
(цемент және т.б)
19
Құтан бұлак,
2 млрд.
Құрылыс
Талды еспе,
Темір
тонна
Көкбұлақ
Арал ауданы
20
Баласауысқан-
ДЫҚ
Шиелі ауданы, Құрымсақ Жаңа-қорған ауданы
шунгиттер
Жол құрылысы, лакты бояу өнеркәсібі, құрылыс
21
Құланды
Бор
0,5 млн. текше метр
Құрылыс өнеркәсібі (сырлар, шыны, әк, цемент)
6-кесте. Қызылорда облысындағы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмалар өндірісі үшін минералдық- шикізат базасы қорының пайдаланатындарымен салыстырмалылығы
№
Пайдалы қазбалар
Кен орындарының саны
Барлығы, оның ішінде
Пайдалана-тындар
резервтегілер
1
Құрылыстық тас
5
1
4
2
Құрылыстық құм
8
2
6
3
Малтатас-құмды қоспа
8
6
2
4
Кірпіштік шикізат
29
9
20
4. Бағдарламаның міндеттері мен мақсаты
Бағдарламаның негізгі мақсаты Қызылорда облысындағы құрылыс материалдары, бүйымдары мен құрастырмалар өнеркәсібінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
1)саланы дамытуды ынталандыратын негізгі шараларды айқындау;
2)саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындау;
3)қазіргі жоғарғы технологиялық, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндірістер құру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
1. Саланы дамытудағьы ынталандыратын негізгі шараларды айқындау
Облыстың барлық аудандарында жергілікті шикізаттардан құрылыс материалдарын шығару өндірісін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады. Құрылыс құмдары кенішінің базасында Жосалы кен орнының учаскелерін, Қызылордалық V және Қызылордалық - VI саз кеніштерінде - саз, Талап және Жаңақорған кен орындарында - аралас құм-тастар, Шиелі және Шиелі-I кен орындарында - әк және Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған кен орнында доломиттерді игеру басталды. Кафель, жабынқыш және қаптауыш кірпіш өндірісін ұйымдастыру үшін Сырдария ауданындағы «Арысқүм» алаңында сазды қабаттарға барлау жүргізіледі.
Бүгінгі күнге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары күл қалдықтарынан және жергілікті шикізат негізінде күлдік-керамикалық кірпіш өндірісі бойынша бизнес-жоспар жасап, Қызылорда қаласында өндіріске енгізу жобалануда.
Жер қойнауын пайдалану құқығына өткізілетін инвестициялық бағдарламалар конкурстарында басымдық жоғары қосылған құны бар қазіргі заманғы материалдар шығаруды анықтайтын жобаларға берілетін болады.
Сондай-ақ келесі іс-қимылдарды қабылдау қажет:
өндірістік тізбектің соңында жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға алып келетін арнайы (төменгі) бағалар бойынша тізбек ішіндегі өнімнің жылжуын ынталандыруға арналған бір өндірістік тізбек ішіндегі бірнеше кәсіпрынды біріктіру (ірілендіру және қосу) үшін жағдай жасауға ықпал ету;
негізгі шикізат түрлерінің кен орындары қорларын нақтылау және өңірлердегі кен орындарының кадастрына түзету енгізу, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары кәсіпорындарына мониторинг жүргізу және өңірлік жағдайларды ескере отырып, өндірістік қуатты тимді орналастыру үшін ұсыныстар дайындау жөнінде шаралар қабылдау;
шетелдік мамандар мен консалтингтік компанияларды тарта отырып, жоғары және орта буын менеджерлерінің біліктілігін арттыру курсын қоса алғанда, құрылыс материалдарының өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау жөнінде шаралар қабылдау;
құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі үшін шикізат кен орындарын игеру және өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлемелерін ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге кепілдік беру;
шикізаттық кен орындарының орналасуын және өндіріс шығындарын, көліктік шығыстарды төмендетуді, өнімділікті және өндірістің пайдалылығын арттыруға мүмкіндік беретін, олар шығаратын өнімнің тұтыну рыноктарын ескере отырып, өндірістік қуат объектілерін орналастыруды қамтамасыз ету;
құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі жұмыстарды орындайтын субъектілердің қызметін лицензиялаудың жүйесін жетілдіруге ұсыныс енгізу.
2. Саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындау
Саланы дамытуды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру үшін мыналар қажет:
Бірінші кезеңде (2005-2007 жылдар)
атаулы шараларды қабылдай отырып, тікелей мемлекеттің қатысуын талап ететін, даму институттарын тартуды көздейтін ірі стратегиялық жобалардың тізбесін анықтау және облыстық бюджеттен алғашқы қажетті құжаттарды дайындауға (жоба алды шешімдер және техникалық экономикалық негіздеме, т.б.) мақсатты қаржы бөлу;
отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған құрылыс материалдарының өндірісі саласындағы жобаларды басымдықпен қолдау бойынша жұмыстар жүргізу;
(екінші кезеңде 2008-2010 жылдар)
нормативтік және құқықтық кесімдер жүйесін оңтайландыру, әкімшілік реттеуді, оның ішінде жергілікті деңгейде оңайлату, инвестициялық жеңілдіктер алуға ықпал жасау, консультациялық көмек пен ақпараттық қамтамасыз ету арқылы іскерлік белсенділікті дамытуға қолайлы ортаны қамтамасыз ету.
3. Қазіргі жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндірістерді құру
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша инновациялық және инвестициялық салаларда мыналар басым болып табылады:
бірінші кезеңде (2005-2007 жылдар):
Құрылыстың шыны өндірісінде - шыны өнімдерінің кең ассортименті өндірісін ұйымдастыру (парақты, сәулеттік, сәндік, шыңдалған және басқалар).
Қабырғалық материалдар өндірісінде:
керамикалық қабырғалық материалдар өндірісі бойынша жаңа зауыт құрылысын жүргізу және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жарақтандыру;
кеуекті бетондар (пенобетон) және гипстен жасалған өнімдер, кеуекті керамика қазіргі заманға сай жылытқыш негізіндегі жылутиімділікті қоршаулық құрастырмалар шығару өндірісін ұйымдастыру. Әрлеу материалдары өндірісінде:
керамикалық тақталар, сыр, тығыздауыш (шпаклевка), түрлі бітегіштер (мастиктер), гипс, гипсокартондық жапырақшалар, үй құрылысы құрал-жабдықтары және жоғары тиімділіктегі әрлеу материалдары өндірісін дамыту;
минералдық қоспалар (бор, мрамор өндірісінің қалдықтары) және белсенді химиялық құрғақ құрылыстық қоспалар шығару үшін жоғары өнімді жабдықтарды (модулдер) енгізу.
Цемент өндірісінде Қазалы аудаңындағы «Байқожа-3» мергель кен орны базасында цемент өндірісін ұйымдастыру.
Екінші кезеңде (2008-2010 жылдар)
Құрылыстын полимерлік материалдар және гидрооқшаулағыштық, жабындықтар өндірісінде:
мұнай майы негізінде эластомерлік материалдар, полимерлік-битумдық өндірісті ұйымдастыру;
оқшаулағыш материалдар, фасондық өнімдер және экологиялық таза пластикалық құбырлар өндірісін кеңейту.
Үй құрылысы кәсіпорнын реформалауда: жүйенің жоғары жылу оқшаулағыштық қасиетімен және құрылыстық құрастырмалар шығару бойынша технологиялық желілер енгізу.
Үшінші кезеңде (2011-2014 жылдар))
үй құрылысы үшін инженерлік жабдықтар, экспорттық өнімдер шығаруға бағытталған, ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өндірісті енгізуді іске асыру.
б.Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру кәсіпорынның меншікті қаражатынан, тікелей шетелдік инвестициялар, қаржы институттарынан, облыстық бюджет қаржысы жасақталған уақытта және басқа да көздер есебінен іске асырылады.
Жергілікті шикізат негізінде құрылыс материалдары өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды талдау үшін қажетті бірінші кезектегі техникалық экономикалық негіздеме (ТЭН, жоба алды шешімдері) дайындауға байланысты, минералды-шикізаттық ресурстарды тиімді пайдаланудың бағдарламалық құжаттарын, облыстық бюджет қаржысы есебінен 2006 жылға «Индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру» бағдарламасынан қаржыландырылады.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаты, тікелей инвестициялар және басқа да көздер есебінен инвестициялық жобаларды қаржыландыру шамамен 27 631 млн. теңгені құрап отыр.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Жаңа технологиялар және жоғары өндіруші жабдықтар енгізу материалды, энергияны және еңбекті көп қажетсінетін өнімдерді азайтуға бағытталған; құрылыс материалдарының ассортиментін кеңейту және сапасын жақсарту көзделіп отыр.
Құрылыс рыногын бағасы бойынша, сапасы мен сенімділігі бойынша қолжетімді құрылыс материалдарымен, бұйымдарымен және үй құрылысы заттарымен толықтыру ең басты күтілетін нәтижелердің бірі болуға тиіс.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2005-2007 жылдар): прогрессивтік технологияларды енгізу есебінен материалды, энергияны және еңбекті қажетсінетін өндірісті 25 %-ға қысқартуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге; облыстың жаңа өндірістік қуатын одан әрі өсіру үшін база жасақталады:
құрылыстық шыны бойынша - жылына 17,4 млн. шартты шаршы метр; қабырғалық материалдар бойынша - жылына 60,0 млн. шартты дана; құрғақ құрылыстық қоспалар, бөлек материалдар бойынша - жылына 15,0 мың тонна;
екінші кезенге белгіленгені (2008-2010 жылдар):
2010 жылға қарай құрылыс қажеттілігінің көлемін 75% дейін құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалар өндірісі өнімнің негізгі түрімен қамтамасыз етуге қол жеткізу;
экспортқа бағдарланған өндірісті игеру және сыртқы рынокта бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын шығаруды арттыру;
тиімді және экологиялық таза қүрылыс материалдары, бүйымдар мен құрастырмалардың ассортиментін кеңейту;
үшінші кезеңге белгіленгені (2011-2014 жылдар) кафель өндірісі зауытының құрылысы;
тұрғын үй және азаматтық құрылыс үшін құбырлар мен жылу ұстағыш мақталар, шыныталшықты жіптер өндірісі бойынша зауыт құрылысы.
Аталған жобаларды іске асырумен бірге өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорынын дамытуға назар аударатын біріккен іс қимыл жүргізу:
темір бетон өнімдері өндірісі;
темір өңдеу, металл құрастырмалары өндірісі;
ағаш өңдеу өнеркәсібі.
Сондай-ақ казіргі заманғы құрылыс материалдары өндірісі (терезелік және есіктік пластикалық жиналмалы блоктар, сэндвич-панелдер, сылақтық материалдар және баскалар). Экспорттық өнімдерге бағытталган үй құрылысы үшін инженерлік жабдықтар сияқты, ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өндірістерді пайдалануға беруді жүзеге асыру.
2014 жылдьің аяғында қосымша жұмыс орнын құру және халықтың жұмыспен қамтылуын, нақты салықтың түсуін арттыру.
Бағдарламаны іске асырудың мультипликативті тиімділік қызметтер көрсету аясының және экономиканың аралас салалары мен мұнай химия өнеркәсібінің (технологиялық жабдық, құрылыс материалдары мен бұйымдар өндірісі үшін мұнай химиялық шикізат), еңбек ресурстарын қамту деңгейінің өсуін қамтамасыз етуге, халықтың табысы және жиынтық нәтижесінде төлемге қабілетті сұранысты арттыруға мүмкіндік береді.
8. Қызылорда облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен кұрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2006 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с №
Іс-шара
Аяқталу нысаны
Орындалуына жауаптылар
Орындалу Болжамды мерзімі шығыстар (млн. теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5 6
7
1. Саланы дамытуды ынталандыратын негізгі шаралар
1
Қызылорда облысында 2006-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу және бекіту
Облыстық мәслихат шешімі
ҚОКжӨД, ҚОСҚҚжҚД
2005 жылдың аяғына дейін
Шығыстар болжанбайды
2
Бағдарлама іс-шарасының іске асырылу барысы жөнінде ақпарат ұсыну
Қызылорда
облысының
кәсіпкерлік
және
өнеркәсіп
департамен-
тіне ақпарат
ҚОСҚҚжҚД, ҚОЖҚҮжӘБД, ҚОЭжБЖД, Қызылорда қаласы және аудандар әкімдері
Жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей
Шығыстар болжанбайды
3
Бағдарламаның орындалуы жөнінде жиынтық ақпаратты әзірлеуді қамтамасыз ету
ҚР индустрия және сауда министр-
лігіне жиынтық ақпарат ұсыну
ҚОКжӨД
Жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей
Шығыстар болжанбайды
4
Кәсіпкерлер бірлестіктері және қауымдастығы, шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында ақпараттық жұмыс жүргізу және құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалар өндірісі бойынша жобаларды басымдықпен қарауды қамтамасыз ету
Даму институт-тарына ұсыныс
ҚОКжӨД, ҚОСҚҚжҚД
Жыл сайын
Шығыстар болжанбайды
5
Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалар өндірісі саласында ірі жобаларды жедел қарау және жылжыту жөнінде шаралар қабылдау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Қызылорда
қаласы және
аудандар
әкімдіктері,
ҚОСҚҚжҚЦ,
ҚОКжӨД
Жарты жылда бір рет
Шығыстар болжанбайды
6
Арнаулы орта және жоғары
Қызылорда
ҚОЖҚҮжӘБД,
2006 жылдан
Шығыстар
-
білімді мамандармен салаларды
облысының
ҚОББД,
бастап тоқсан
болжанбайды
қамтамасыз етуде қажеттілікке
кәсіпкерлік
ҚОСҚҚжҚД
сайын
талдау жүргізу және тиісті
және
мамандықтар бойынша
өнеркәсіп
жұмыссыздарды қайта даярлау
департа-
үшін оқу бағдарламаларын құру
ментіне
жөнінде ұсыныстар енгізу
ақпарат
7
Облыстың минералдық-шикізат
Облыс
ҚОКжӨД,
2006 жылғы
иИндустриялық
Облыстық
қорын тиімді пайдалану
әкімдігіне
ҚОЭжБЖД
1 тоқсан
-инновациялық
бюджет
тұжырымдамасын әзірлеу
ақпарат
даму Стратегиясын жүзеге асыру» багдарламасын ан 1250,0 мың
теңге қаржы қарастырылган
8
Жергілікті шикізат негізінде
Қызыл-
ҚОЭжБЖД
2006 жыл
"Индустриялық
Облыстық
құрылыс материалдары
орда
-инновациялық
бюджет
өнеркәсібі саласындағы
облыстық
даму
инвестициялық жобаларды
кәсіпкер-
Стратегиясын
әзірлеу үшін қажетті техникалық-
лік және
жүзеге асыру»
экономикалық негіздеме (ТЭН)
өнеркәсіп
бағдарламасын
дайындауда, бірінші кезекті
департа-
ан 7755,0 мың
құжаттарға қаражат бөлінуін
ментіне
теңге қаржы
қарау
ақпарат
қарастырылған
2. Қазіргі заманғы құрылыс материалдарын, бұйымдары мен кұрастырмаларын алу бойынша жаңа өндірістер
9
Қазалы ауданы "Байқожа-3" мергел кен орны базасында цемент өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Қармақшы ауданының әкімі, "Мирасхан" ЖШС (келісім бойынша)
2007 жыл
700,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорындар-
дың қаражаттары
Қызылорда қаласында жылтыратылған табақты шыны өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД
2005-2007 жылдар
22800,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорындардың өз қаражаттары
11
Қуаттылығы жылына 30,0 млн. дана М-150 маркалы қыш кірпіш шығаруды ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, "Айдан-Инвест" ЖШС (келісім бойынша)
2006 жыл
195,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорындардың өз қаражаттары
12
Қуаттылығы жылына 10,0 млн. дана маркалары М-75 және одан жоғары қыш кірпіш шығаруды ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД,
Қызылорда
қаласының әкімі,
"Қызылорда
экспортастық"
ЖШС (келісім
бойынша)
2006 жыл
70,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
13
Қуаттылығы жылына 30,0 млн. қыш кірпіш зауытының құрылысы
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, "Мелиоратор" ЖШС (келісім бойынша)
2006 жыл
276,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
14
Қаптағыш кірпіш және жабынқыш шығаратын зауыт құрылысы
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Қызылорда қаласының әкімі, "Строймаркет" ЖШС (келісім бойынша)
2006 жыл
138,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
15
Ағаш бұйымдары мен құрастырмалар өндірісін кеңейту
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Қызылорда қаласының әкімі, "Асар" ЖШС (келісім бойынша)
2005-2007 жылдар
195,0
♦
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
16
Қуаттылығы жылына 15,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспалары өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Шиелі ауданының әкімі, "Казвернал" ЖШС (келісім бойынша)
2006 жыл
182,4
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
17
Полиэтиленді құбырлар өндірісін кеңейту
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, "Қуат" ЖШС (келісім бойынша)
2005-2007 жылдар
204,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
18
Қуаттылығы жылына 25,0 мың текше метр темірбетон бұйымдары өндірісін енгізу
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Қызылорда қаласының әкімі, "Айдан-Инвест" ЖШС (келісім бойынша)
2005-2007 жылдар
325,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
19
Темірбетон бұйымдары өндірісін кеңейту және қайта жабдықтау
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Қызылорда қаласының әкімі, "Құрылыс" ААҚ (келісім бойынша)
2005- 2006 жылдар
30,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
20
Қыш кірпіш және темірбетон бұйымдары өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, "КСМиК" ЖШС (келісім бойынша)
2006-2007 жылдар
840,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
21
450,0 мың тонна әртүрлі фракциялы қиыршық тас шығару өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, "Казвернал" ЖШС (келісім бойынша)
2006 жыл
150,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
22
Қуаттылығы жылына 200,0 мың тонна қиыршық тас өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД,
Жаңақорған
ауданының әкімі,
"КазпромКызыло
рда" ЖШС
(келісім
бойынша)
2005- 2006 жылдар
260,0
Банк несиелері. инвестициялар, кәсіпорын-
дардың өз қаражаттары
23
Қуаттылығы жылына 1,0 млн. тонна қиыршық тас өндірісі
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, "ШалқияЦинк ЛТД" ЖШС (келісім бойынша)
2005- 2006 жылдар
65,0
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорын-дардың өз қаражаттары
24
Асфальтобетондық қоспалар өндірісін кеңейту
Облыс әкіміне есеп
ҚОКжӨД, Қызылорда қаласының әкімі, "Дорстрой" ЖШС (келісім бойынша)
2005-2007 жылдар
501,2
Банк несиелері, инвестициялар, кәсіпорындардың өз қаражаттары
ҚОЖҚҮжӘБД - Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті; ҚОББД - Қызылорда облысының білім беру департаменті;
ҚОСҚҚжҚД - Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті; ҚОКжӨД - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті; ҚОЭжБЖД - Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті.