Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Бюджет кодексінің 5 бабы 3 тармағына, 111 бабы 1, 4-1 тармағына, 116 бабы 1,3,5 тармақтарына, Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2007 жылдың 1 ақпандағы №25 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 08.02.2007 г. № 35/1 (Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне (Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 22 желтоқсанда 14-14-30-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 желтоқсанда «Шамшырақ» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
“1. Түлкібас ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) тармақшадағы:
1)кірістер - 2425437 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 404214 мың тенге;
салықтық емес түсімдер - 3044 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 64642 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1953537 мың теңге;
2)шығындар - 2436769 мың теңге;
3)операциялық сальдо - -11332 мың теңге;
4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың тенге;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
6)бюджет тапшылығы - -11332 мың теңге;
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 11332 мың теңге”.
1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
“2. Аудан әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 23702 мың теңге соммасында белгіленсін, оның ішінде:
төтенше резерві - 11900 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві -11802 мың теңге”.
2)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
“Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазакстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 4 тармағына сәйкес 2007 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу қаржы қарастырылсын”.
Аталған шешімнің 1,2,3 қосымшалары осы шешімнің 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.