Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Бюджет кодексінің 5 бабы 3 тармағына, 111 бабы 1, 4-1 тармағына, 116 бабы 1,3,5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2007 жылдың 25 шілдедегі №198 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-30-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 желтоқсанда «Шамшырақ» газетінде жарияланған, «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 8 ақпандағы № 35/1 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-33 нѳмірмен тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда «Шамшырақ» № 13-14 газетінде жарияланған, «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 38/1 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 34/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-36 нѳмірмен тіркелген, 2007 жылғы 8 маусымда «Шамшырақ» № 43-44 газетінде жарияланған, ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: “1. Түлкібас ауданының 2007 жылға арналған аудандык бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) тармақшадағы: 1)кірістер - 2356673 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 455381 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 5011 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 66926 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1829355 мың теңге; 2)шығындар - 2368005 мың теңге; 3)операциялық сальдо - -11332 мың теңге; 4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге; 5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0; 6)бюджет тапшылығы - -11332 мың теңге; 7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 11332 мың теңге”. 2) тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 2.“Аудан әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 5824 мың теңге соммасында белгіленсін, оның ішінде: тѳтенше резерві - 2900 мың теңге; шұғыл шығындарға арналган резерві -2924 мың теңге”. Аталған шешімнің 1,2 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Көрсетілген шешім осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.