Қала әкімдігінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі «Жаңаөзен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 2050 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі туралы
Маңғыстау облысы әкімдігі 2006 жыл ғы 26 маусымдағы «Маңғыстау облысың жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 200 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қала әкімдігінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі «Жаңаөзен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 2050 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі туралы от 07.09.2007 г. № 3743 (Қала әкімдігінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі «Жаңаөзен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 2050 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі туралы)
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі «Жаңаөзен қаласының жалпы білім беретін мекетептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11-2-42 нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2007 жылғы 31 қазанда № 49 санында жарияланған) № 2050 қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
1) аталған қаулысымен бекітілген комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Жантілеуова Раушан қалалық қаржылар бөлімінің бастығы :
Бекназаров Саламат Сарсенбаев қалалық орталық аурухананың бас дәрігері.
2) аталған құрамнан Пасырова Даржан, Есжанова Салиха шығарылсын.
3) «Сарыев Мурат – қалалық денсаулық сақтау ісінің үйлестірушілері » деген азат жолы «Сарыев Мурат –қалалық Мәслихат хатшысы» болып жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.